• Мое избранное
Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11257 тіркелді

Редакция 31.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған магистральдық теміржол желiсiн пайдалану қағидалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 27 наурыздағы
 № 366 бұйрығымен
 бекітілген
  • 4
Магистральдық темiржол желiсін пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Теміржол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық теміржол желісін пайдалануды тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы поездар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше талаптар бойынша тағайындалатын жолаушыларды және/немесе аса маңызды әскери немесе стратегиялық жүктерді тасымалдауға арналған поездар;
2) график тармағы – поездың жөнелту, межелі және баратын пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ поездың басқа да техникалық параметрлері көрсетілген жүру маршрутының графикпен бейнеленуі;
3) диспетчерлік кесте – поездардың қозғалыс кестесінен шығып қалған, кезектен тыс, арнайы, қосалқы поездардың, жолаушы және жүк поездарының жедел қозғалыс жоспары;
4) диспетчерлік реттеу – нақты уақыт режимінде тасымалдау процесі операцияларын басқару және мониторингілеу процесі;
5) жедел жоспарлау – ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының 12 (он екі) сағаттық кезеңдерге бөліп, бір тәулікке арналған жұмыс жоспарын жасау процесі;
6) жүк тасымалдаудың айлық жоспары – тасымалдаушы жасайтын және күнтізбелік айға тиеу көлемдері, вагон ағындарының корреспонденциялары бойынша болжамды деректерді көрсететін құжат;
7) кезектен тыс поездар – қозғалыс графигінде көзделмеген (қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары, қар тазартқыштар, вагонсыз локомотивтер, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам), поездар қозғалысындағы кедергілерді жоюға, болжанбаған жұмыстарды орындауға және көлік құралдарын тиісінше көшіруге арналған поездар;
8) қосалқы поездар – жолаушыларды отырғызу пункттеріне, техникалық станцияларға және тұрақтау пункттеріне бара жатқан жеке локомотивтер немесе локомотив топтары (топтамалары), жолаушы вагондарынан, дизель және электр секцияларынан тұратын поездар, сондай-ақ поездардың нақтыланған қозғалыс графигінде қозғалысы көзделмеген ұлттық инфрақұрылым операторының өз мұқтаждарына арналған поездар;
9) қосымша өтінімдер – поездар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болған кезеңде тасымалдаушылардан келіп түскен қосымша тасымалдауларға магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінімдер;
10) қосымша тасымалдар – поездар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген, магистральдық теміржол желісінің бос немесе белгіленген тәртіпте босатылған өткізу қабілеті есебінен жүзеге асыру мүмкін болатын қосымша қозғалыс тармақтарын бөлуді талап ететін тасымалдар;
11) магистральдық теміржол желісінің қызметтері – ұлттық инфрақұрылым операторы көрсететін, поездарды өткізу және қозғалысы үшін магистральдық теміржол желісін пайдалануға байланысты қызметтер;
12) магистральдық теміржол желісінің қызметін көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) – «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 8) тармақшасына) сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілген магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы арасында жасалған магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 жылғы № 415 Бұйрығына сәйкес (16.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің үлесі (график тармақтарының саны) – уақыттың белгілі бір аралығында магистральдық теміржол желісінің қандай да бір бөлігінде поездар (поезд жұбы) қозғалысының барынша жоғары мөлшерін қамтамасыз ету жөніндегі оның әлеуетті мүмкіндігі;
14) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін бөлу – осы Қағидаларда белгіленген қағидаттардың негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жүзеге асыратын барлық тасымалдаушылар поездарының қозғалыс графигін қалыптастыру рәсімі;
15) магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінім – магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік алу үшін тасымалдаушылар ұлттық инфрақұрылым операторына беретін құжат;
16) магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу – тасымалдаушылардың тасымалдарды жүзеге асыру үшін магистральдық теміржол желісі қызметтерін алу мүмкіндігі;
17) магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарт – ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында кемінде 5 (бес) жылдық кезеңге жасалған магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт;
18) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігі (бұдан әрі – техникалық ерекшелік) – магистральдық теміржол желісі учаскелерінің және станцияларының техникалық сипаттамаларын, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілеті, жүк поездарының қабылдау-тапсырудың (алмасудың) болжамды уақыты, магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің резервтелген үлестері, жөндеудің жоспарлы мерзімдері, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің еркін өткізу қабілеті туралы мәліметтерді, график тармақтарының жобаларын қамтитын ұлттық инфрақұрылым операторы жасаған және бекіткен құжат;
19) магистральдық теміржол желісі учаскесінің өткізу қабілеті – магистральдық теміржол желісінің, жылжымалы құрамның техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне және түрлі санаттағы поездардың өткізілуін ескере отырып, поездардың қозғалуын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде магистральдық теміржол желісінің учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін поездардағы (поез жұптарындағы) қозғалыс мөлшері;
20) магистральдық теміржол желісі учаскесінің тәуліктік өткізу қабілетінің сегменті – бөлек пункттер арасында жылдамдықтары және жүру уақыты жақын поездарды өткізу үшін бөлінген тәуліктің уақыт кезеңі;
21) өткізу қабілетін беруге жедел сұрау салу – ұлттық инфрақұрылым операторының диспетчері белгіленген тәртіппен тіркейтін, өткізу қабілетінің үлесін бөлу және диспетчерлік кесте шеңберінде арнаулы және қосалқы поездар қозғалысын ұйымдастыру туралы тасымалдаушының уәкілетті өкілінің құжаты;
22) поездардың қозғалыс графигі – ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісі учаскелерінде барлық санаттағы поездар қозғалысын ұйымдастыруды белгілейтін, шартты тәуліктердегі масштабты торда поездардың жүруін график түрде көрсететін, поездар қозғалысының нормативтік (жоспарлы жылға), нұсқалық (уақыттың жекелеген кезеңдерінде) және жедел (ағымдағы жоспарлы тәулікке) графигі болып бөлінетін құжаты;
23) поездардың қозғалыс кестесі – поездар қозғалысы графигінің негізінде белгілі бір күнтізбелік күндер бойынша поездар қозғалысы туралы ақпараты қамтитын құжат;
24) поездардың нақтыланған қозғалыс графигі – қосымша тасымалдарды, сондай-ақ график тармақтары уақытының нақтылануын ескере отырып, магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінімде көрсетілген тасымалдау көлемдерінің түзетулері негізінде белгілі бір күнтізбелік айға нақтыланған поездар қозғалысының нормативтік графигінің нұсқасы;
25) поездарды қалыптастыру жоспары – тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспары жобаларының негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен, магистральдық теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін және станциялардың өңдеу қабілетін ескере отырып, теміржол станцияларында қалыптастырылатын поездардың санаттары мен межелі бағыттарын белгілейтін құжат;
26) поездар қозғалысының жиынтық тәуліктік жоспары – жоспарланып отырған тәулікте поездар қозғалысын диспетчерлік реттеу және ұйымдастыру үшін тасымалдаушылардың поездар қозғалысының тәуліктік жоспарлары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жасаған құжат;
27) поездар қозғалысының тәуліктік жоспары – ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша тасымалдаушы жасаған және жөнелтілетін поездар, поездар қозғалысының жиынтық кестесіне сәйкес локомотивтер мен локомотив бригадаларының ауысуы туралы ақпаратты, сондай-ақ кестеде көзделмеген поездарды өткізуге арналған өтінімді қамтитын құжат;
28) тасымалдардың жиынтық айлық жоспары – тасымалдаушылар мәлімдеген айлық жүк тасымалдау жоспарларының негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен және қатысы бар теміржол әкімшіліктерімен келісу үшін ұлттық инфрақұрылым операторы жасайтын құжат;
29) тасымалдарды айлық жоспарлау – магистральдық теміржол қызметтерін көрсетуге жасалған шарт шеңберінде тасымалдаушының жүк, вагон және поез ағындарын және тасымалдарды ұйымдастыру үшін станцияларда вагондарды өңдеу көлемдерін айлық модельдеу (болжау) процесі;
30) тасымалдарды жоспарлау – қызметтер көрсетуге жасалған шарттарға сәйкес белгіленген уақыт кезеңіне (жыл, ай, тәулік) магистральдық теміржол желісі объектілерінде (учаскелер мен станцияларда) тасымалдар жоспарын әзірлеу;
31) тасымалдаушының поездарды қалыптастыру жоспарының жобасы – поездарды қалыптастыру тәртібі мен санаттарын, қалыптастыру, өңдеу, тарату станцияларын айқындатын, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің деректерін ескере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі және Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы қабылдаған келісімдерде белгіленген қағидаттар мен талаптар негізінде жүк түріне қарай тасымалдаушылар үшін нарықтық тұрғыда қолайлы жеткізу мерзімдерін қамтамасыз ететін вагон ағындарын поездарға ұйымдастыру жоспарының жобасы;
32) тасымалдаушының поездар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасы – магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің деректерін ескере отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер бойынша станциялар бойынша поездарды жөнелту, технологиялық тоқтап тұру, келу уақытын көрсететін кесте және график нысанында тасымалдаушы жасаған құжат;