Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11138 тіркелді
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 238 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын іске асыру үшін әзірленді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Министрліктің ведомстволары мен Министрліктің ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістерін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
Toggle Dropdown
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
Toggle Dropdown
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Toggle Dropdown
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Toggle Dropdown
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
Toggle Dropdown
7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
Toggle Dropdown
8. Қызметшінің қорытынды бағасын Министрліктің, Министрліктің ведомстволары мен Министрліктің ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адамдар құрады.
Toggle Dropdown
9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
Toggle Dropdown
10. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы:
Toggle Dropdown
Министрлікте – жауапты хатшы;
Toggle Dropdown
Министрліктің ведомстволарында – төраға;
Toggle Dropdown
Министрліктің ведомстволары аумақтық бөлімшелерінде – аумақтық бөлімшелердің басшылары болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы (Министрліктің, Министрлік ведомстволарының немесе Министрліктің ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің) персоналды басқару қызметінің қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
Егер Комиссия құрамына осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар бұл қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
Toggle Dropdown
2. Бағалау жүргізуге дайындық
Toggle Dropdown
11. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
Toggle Dropdown
3. Тікелей басшының бағалауы
Toggle Dropdown
12. Тікелей басшы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
Toggle Dropdown
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыруды тікелей басшысы жазбаша нысанда жүргізеді.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
Toggle Dropdown
4. Айналмалы бағалау
Toggle Dropdown
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның бағалауын білдіреді.
Toggle Dropdown
Мұндай адамдардың тізбесін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізгенге дейін бір айдан кешіктірмей айқындайды.
Toggle Dropdown
14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айналмалы бағалау парағын толтырады.
Toggle Dropdown
15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар толтырған айналмалы бағалау парағы оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа бағасын есептеуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғаларды бағалау жасырын жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
Toggle Dropdown
18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
Toggle Dropdown
а = b + с
Toggle Dropdown
мұнда, а - қызметшінің қорытынды бағасы,
Toggle Dropdown
b - тікелей басшының бағасы,
Toggle Dropdown
с - осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа бағасы.
Toggle Dropdown
19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
21 балдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,
Toggle Dropdown
21-ден 33 балға дейін - «қанағаттанарлық»,
Toggle Dropdown
33-тен және жоғары балл - «тиімді».
Toggle Dropdown
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
Toggle Dropdown
20. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
Toggle Dropdown
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
Toggle Dropdown
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Министрліктің ведомстволары мен Министрліктің ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының жобасын ұсынады.
Toggle Dropdown
21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мына шешімдердің бірін шығарады:
Toggle Dropdown
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
Toggle Dropdown
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Toggle Dropdown
Комиссия бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешімді персоналды басқару қызметімен қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жібергенде жүргізеді.
Toggle Dropdown
22. Комиссия хатшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Toggle Dropdown
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелері қызметшінің қызметтік тізіміне енгізіледі.
Toggle Dropdown
23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
Toggle Dropdown
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Toggle Dropdown
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық департаментінің ұсынымы бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты Министрлік, Министрліктің ведомстволары мен Министрлік ведомстволарының аумақтық бөлімшелері қызметшінің шағымын қарау нәтижелерін оны алған күннен бастап екі апта ішінде береді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Тікелей басшысының бағалау парағы
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
Toggle Dropdown
жағдайда): ________________________________________________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________
Toggle Dropdown
| р/с
№ | Критерийлер | Көрсеткіштің мәні (саны) | Баға (балл) |
| 1. | Бастамашылығы | 2-ден 5-ке дейін |
|
| 2. | Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы | 2-ден 8-ге дейін |
|
| 3. | Әрекеттестікке икемділігі | 2-ден 5-ке дейін |
|
| 4. | Қызметтік этиканы сақтауы | 2-ден 5-ке дейін |
|
| ЖИЫНЫ (барлық бағалардың сомасы) |
|
|
Toggle Dropdown
Таныстым: Тікелей басшы
Toggle Dropdown
Тегі, аты, Тегі, аты,
Toggle Dropdown
әкесінің аты әкесінің аты
Toggle Dropdown
(бар болған (бар болған
Toggle Dropdown
жағдайда) ________________ жағдайда) __________________
Toggle Dropdown
күні _____________________ күні _______________________
Toggle Dropdown
қолы _____________________ қолы _______________________
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Айналмалы бағалау парағы
(қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің)
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
Toggle Dropdown
жағдайда): ________________________________________________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________
Toggle Dropdown
| р/с
№ | Критерийлер | Көрсеткіштің мәні (саны) | Баға (балл) |
|
| Бағынышты адам |
| 1. | Жұмысты жоспарлай білу қабілеті | 2-ден 5-ке дейін |
|
| 2. | Жұмысқа ынталандыру қабілеті | 2-ден 5-ке дейін |
|
| 3. | Қызметтік этиканы сақтауы | 2-ден 5-ке дейін |
|
|
| Жиыны (барлық бағалардың сомасы) |
|
|
|
| Әріптесі |
| 1 | Топта жұмыс істей білу қабілеті | 2-ден 5-ке дейін |
|
| 2 | Қызметтік этиканы сақтауы | 2-ден 5-ке дейін |
|
| 3 | Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы
Жиыны (барлық бағалардың сомасы) | 2-ден 5-ке дейін |
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Министрліктің ведомстволары мен Министрліктің ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Toggle Dropdown
| р/с
№
| Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты | Тікелей басшының бағасы | Айналмалы баға | Қорытынды баға |
| 1 |
|
|
|
|
| 2 |
|
|
|
|
| 3 |
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Комиссия қорытындысы:_______________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Тексерген:
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы:________________________ Күні: ______________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы:________________________ Күні:______________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшесі:__________________________ Күні:______________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)