• Мое избранное
Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11066 тіркелді

Редакция 01.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 267) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
____________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы «____»________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
____________ Қ. Қасымов 
2015 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы
Энергетики министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 247 бұйрығымен
бекітілген
Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (24.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
1. Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 267) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы және қайта құрылатын электр станцияларының, электр және жылу желілерінің электр қондырғыларын пайдаланумен, жөндеумен, құрастырумен, қалпына келтірумен және сынаулармен байланысты қызметкерлерге (бұдан әрі – Сала жұмыскерлері) қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) ағымдағы жөндеу – жабдықты (қондырғыны) қалыпты пайдалануға кедергі келтіретін, анықталған ақауларды жою үшін орындалатын жөндеу, оларды жою жұмыс істеп тұрған жабдықты тоқтатуды қажет етеді;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) жергiлiктi нұсқау –кәсiпорын аясында пайдалану үшiн әзірленген және энергетикалық объектiлердiң басшылығымен бекiтiлетiн нұсқаулық;
3) жылу желiсi – жылу энергиясын жеткізу үшін бағытталған сорғы станцияларының, жылыту пункттерінің, құбырлар мен арматуралардың жиынтығы;
4) жөндеу – жабдықтың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және оның құрылымдық бөлшектерінің ресурстарын қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;
5) күрделі жөндеу – жабдықтың кез келген, оған қоса негізгі бөлшектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, жөнделген бөлшектерді және тұтас жабдықты тексеру және реттеу, тозған құрылыстар мен желі учаскелерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, немесе оларды одан беріктеу және үнемдеулеріне ауыстыру жолымен энергетикалық жабдықтың немесе желінің жарамдылығын және ресурстарын қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылатын жоспарлы жөндеу жұмыстары;
6) қазандық – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық және қажетті қосалқы жабдық;
7) су электр станциясы – су ағынының энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;
8) электр станциясы – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу және электр энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық және қажетті қосалқы жабдық.
9) электр энергиясын жинақтау жүйесі – электр энергиясын жинақтауға, сақтауға және беруге арналған автоматтандырылған басқару жүйесі бар техникалық құрылғы және Қазақстан Республикасының электр энергиясын жинақтау жүйесі заңнамасына сәйкес оны пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті, онымен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
3-тармақ 9-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) электр энергиясын жинақтау жүйесінің номиналды белсенді қуаты – жабдықты дайындаушының (өндірушінің) паспорттық деректерімен анықталатын қуат, киловаттпен;
3-тармақ 10-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) электр энергиясын жинақтау жүйесінің сыйымдылығы – жабдықты дайындаушының (өндірушінің) паспорттық деректерімен анықталатын электр энергиясының көлемі, киловатт-сағатпен;
3-тармақ 11-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) электр энергиясын жинақтау жүйесінің толық заряд (разряд) циклі – жабдықты дайындаушының (өндірушінің) паспорттық деректерімен анықталатын, электр энергиясын зарядтың номиналды күйіне дейін жинақтау және электр энергиясын разрядтың номиналды тереңдігіне дейін беру процесі.
3-тармақ 12-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Негізгі Қағидада қолданылатын басқа түсініктер, электроэнергетика саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес қолданылады.
2-тарау. Пайдалануды ұйымдастыру
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (24.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
Параграф 1. Міндеттері мен ұйымдастырушылық құрылым
4. Электр станцияларының, қазандықтардың, электр энергиясын жинақтау жүйелерінің, электр және жылу желілерінің негізгі міндеттері электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жинақтау, сақтау және тұтынушыларға босату (бұдан әрі – энергия өндіру) болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (24.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Энергия өндірісінің негізгі технологиялық буындары жалпы режимдер және орталықтандырылған жедел - диспетчерлік басқару тұтастығымен байланысты энергия өндіруші ұйымдар (электр станциялары, қазандықтар), энергия жеткізуші ұйымдар (электр және жылу желілері), (бұдан әрі – энергия объектілері) болып табылады.
6. Сала қызметкерлерінің негізгі функционалдық міндеттері:
1) тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың келісім шарттарын сақтау;
2) шығарылатын энергияның қалыпты сапасын қолдау – электр тогының стандартты жиілігі мен кернеуі, жылу тасымалдағышының қысымы мен температурасы;
3) жедел - диспетчерлік тәртіпті сақтау; 
4) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға дайын күйінде ұстау;
5) энергия өндірісінің және үнемділіктің ең жоғары сенімділігін энергияны үнемдеу жөніндегі заңнамаға және осы Қағидаларға толық сәйкестілігімен қамтамасыз ету;
6) жабдықтар мен ғимараттарды пайдалану үдерісінде өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;
7) қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалардың талаптарын орындау;
8) адамдар мен қоршаған ортаға өндірістің зиянды ықпалын төмендету;
9) ғылыми-техникалық өрлеу жетістіктерін энергия объектілердің үнемділігін, сенімділігін, қауіпсіздігін арттыру және экологиялық жай-күйін жақсарту мақсаттарында пайдалану.
7. Әрбір энергия объектілерде құрылымдық бөлімшелер арасында жабдықтарға, ғимараттарға, құрылыстар мен коммуникацияға қызмет көрсету бойынша қызметтері бөлінеді.
8. Саланың әрбір қызметкері өзіне энергия өндірудің ерекшеліктерін нақты білуі, еңбек және техникалық тәртібін, еңбек тәртібінің ережесін қатаң сақтауы, жұмыс орнын таза және тәртіпте күтіп ұстайды.
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)