• Мое избранное
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11268 тіркелді

Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (12.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-194/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (12.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына азаматтарды бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова