Toggle Dropdown
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын және Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11341 тіркелді
Редакция 16.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 79) және 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 304 бұйрығына
1-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Ақылы медициналық қызметтер медициналық қызметтерді тұтынушылар болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – пациенттер) көрсетіледі.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;
ақылы бөлімшелер (палаталар) – денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы негізде ТМККК-ге кірмейтін медициналық қызметтерді көрсетуге арналған бөлімшелер (палаталар);
денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
денсаулық сақтау ұйымының дәрiлiк формуляры – қазақстандық ұлттық дәрілік формулярдың негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Ақылы қызметтер көрсету тәртібі
4. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар, аурудың бейіні және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келген кезде жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.
5. Денсаулық сақтау ұйымдары ақпаратты медициналық ұйымның интернет- ресурсында орналастыру, сондай-ақ тіркеу орындарындағы, қабылдау бөлiмшелерiндегі (бөлiмдерiндегі) көрнекі ақпарат арқылы мынадай мәліметтерді:
1) денсаулық сақтау ұйымының ақылы медициналық қызметтер көрсетуге құқығын регламенттейтін құқықтық актілерге сілтемелерді;
2) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы мәліметтерді (нөмірі және берілген күні, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлерінің тізбесі, лицензиардың толық атауы);
3) құнын көрсете отырып, ақылы медициналық қызметтердің тізбесін, медициналық қызметтерді ұсыну шарттары, нысаны және оларды төлеу тәртібі туралы мәліметтерді;
5) ақылы медициналық қызметтер ұсынуға қатысатын медицина қызметкерлері туралы, олардың кәсіптік білімі мен біліктілігі туралы мәліметтерді;
6) ақылы қызметтер көрсету кезінде азаматтардың жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер туралы мәліметтерді;
7) медициналық ұйымның жұмыс тәртібі, ТМККК шеңберінде медициналық көмек және ақылы медициналық қызметтер ұсынуға қатысатын медицина қызметкерлерінің жұмыс кестесін;
8) уәкілетті органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік басқару жергілікті органының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, Фармация комитеті аумақтық бөлімшелерінің мекенжайлары мен телефондарын қамтитын ақпаратты орналастыру арқылы ұсынады.
6. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасқан кезде пациентке ТМККК шеңберінде медициналық көмектің тиісті түрлері мен көлемдерін алу мүмкіндігі туралы ақпарат қолжетімді нысанда ұсынылады. Бұл ретте, ТМККК алуға құқығын міндетті хабарлай отырып, пациент ақылы медициналық қызмет алуға ақпараттық келісімді міндетті түрде толтырады.
7. Ақылы қызметтер пациенттерге мынадай жағдайларда:
1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, дианостикалық және емдік қызметтер көрсету;
2) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;
4) тиісті жолдамасыз санаториялық емдеу;
5) медициналық көрсетілімдерсіз медициналық-генетикалық зерттеулер жүргізу;
6) азаматтарды жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін медициналық зерттеп-қарау;
7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;
8) қосымша сервистік қызметтер ұсыну;
9) осы Кодекстің 88-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады.
8. Ақылы медициналық қызметтер осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың негізінде көрсетіледі.
Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалады.
9. Егер ақылы медициналық қызметтерді ұсыну кезінде шартта көзделмеген қосымша медициналық қызметтерді ақылы негізде ұсыну қажет болған жағдайда, ұйым бұл өзгерістер туралы пациентті ескертеді.
10. Егер ақылы медициналық қызметтерді ұсыну кезінде кенеттен болған қатты аурулар, жай-күйлер, асқынулар, созылмалы аурулар кезінде пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда, Кодекске сәйкес мұндай медициналық көмек ақы алынбай көрсетіледі.
Егер пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдай мемлекеттік лицензияға сәйкес денсаулық сақтау ұйымының бейініне сәйкес келмесе, онда ақылы қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымы пациенттерді тасымалдауды қоса алғанда, пациентке тиісті денсаулық сақтау ұйымына қол жеткізуді ұйымдастырады.
11. Пациенттерді ақылы негізде емдеуге жатқызу денсаулық сақтау ұйымының ақылы бөлiмшелерiнде (палаталарында) жүзеге асырылады.
12. Пациенттерді Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгiзiлмеген дәрiлiк заттармен қамтамасыз етуді денсаулық сақтау ұйымдары пациенттің жазбаша келiсiмiмен ақылы негізде жүзеге асырады.
13. Денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгiзiлмеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелмеген, біржолғы әкелу арқылы әкелінген дәрiлiк заттарды сатып алуды қоса алғанда, ТМККК шеңберінде емдеуде жүрген пациенттерге ақылы медициналық қызметтер көрсетудің әрбір жағдайы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген есептік медициналық құжаттамада негізделе отырып көрсетiледі.
Денсаулық сақтау ұйымдары 9 қайта қараудағы (АХЖ-9) Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуінің, 10-қайта қараудағы (АХЖ-10) Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуінің кодына сәйкес есепке алу нысандарын уақтылы және дұрыс толтыруды қамтамасыз етеді.
14. Ақылы қызметтерді алушыларға денсаулық сақтау ұйымдары:
1) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде медициналық қорытындыны;
2) стационарлық, стационарды алмастыратын көмек, оның ішінде қалпына келтіру (оңалту) емін жүргізу кезінде және паллиативтік көмек көрсету кезінде сырқатнамадан шығару эпикризін;
3) қызметтердің саны мен құнын көрсете отырып, көрсетілген қызметтердің тізбесі туралы ақпаратты ұсынады.
3-тарау. Ақылы қызметтер көрсету шарттары
15. Ақылы медициналық қызметтер Кодекстің 26-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына, сондай-ақ диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес, немесе пациенттің, оның заңды өкілдерінің бастамасы бойынша консультация немесе өзге медициналық қызметтерді жүзеге асыру түрінде толық көлемде, оның ішінде медициналық көмек стандартының және (немесе) диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасының орындалатын көлемінен асатын көлемде, бірақ дәлелді медицина базасына сәйкес ұсынылады.
16. Ақылы медициналық қызметтер көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарында дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің, кіші медицина және өзге де персоналдың жеке штат бірліктері бөлінеді, оларды ұстау ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражаттың есебінен жүзеге асырылады. ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін медицина қызметкерлері де ақылы медициналық қызметтер көрсетуге қатыса алады.
17. Денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пациенттерге ақылы медициналық қызметтерді олар жүгінген сәттен бастап уақтылы және сапалы көрсету үшін жауапты болады.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 304 бұйрығына
2-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысаны
____________________ ____ жылғы «___»_______ (Орналасқан жері) Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын __________________________________________________________________, (пациенттің тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері) бір тараптан және бұдан әрі Қызметтер беруші деп аталатын ______________ __________________________________________________________________ (Жарғы, Ереже) негiзiнде әрекет ететін ______________________________________________ ___________________________________________________________ атынан (денсаулық сақтау ұйымының толық атауы) ____________________________________________________ екiншi тараптан (уәкiлеттi адамның лауазымы, тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Қызметтер берушi осы Шартқа ____ қосымшаға сәйкес ақылы қызметтерді _______ жылғы _________ бастап ______________ бойынша ____________ (____________) теңге сомасына _____бастап _____ дейінгі мерзімде көрсетеді.
2. Тапсырыс берушi осы Шартта көрсетілген тәртіпте және мерзімде Қызметтер берушiге көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.
3. Тапсырыс берушi Қызметтер берушiнiң қызметтеріне ақы төлеуді Қызметтер берушi ұсынған шотқа сәйкес нақты көрсетілген медициналық көмектiң көлемі бойынша жүзеге асырады.
4. Шартты жасасқан сәтте Шарттың жалпы сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде Қызметтер берушіге аванс беруге рұқсат етiледi, қалған сома шотты ұсыну бойынша қызметтер көрсету аяқталған сәтте төленеді.
5. Егер ақылы медициналық қызметтер ұсыну кезінде шартта көзделмеген қосымша медициналық қызметтерді ақылы негізде ұсыну қажет болған жағдайда, Қызметтер берушi Тапсырыс берушінің келісімімен нақты көрсетілген медициналық көмектің көлемін ескере отырып, шарттың сомасын түзетеді. Қосымша сома және оны төлеу тәсілі Тапсырыс берушімен келісіледі және шартқа қосымша келісім түрінде ресімделеді.
6. Қызметтер берушi Тапсырыс берушiге ақы төлеу фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжатты бередi.
7. Қызмет мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қызметтер берушi Тапсырыс берушiге Шарт талаптарын Тапсырыс берушiнің бұзған жағдайларын қоспағанда, төленген сома мен нақты көрсетiлген қызмет арасындағы айырманы төлейдi.
3. Тараптардың мiндеттерi
медициналық қызметті ақылы негізде ұсынуға хабарландырылған келісімді ала отырып, Тапсырыс берушіге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде медициналық көмектің тиісті түрлері мен көлемдерін алу мүмкіндігі туралы ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынуға;
ауруларды диагностикалау мен емдеудiң клиникалық хаттамаларына сәйкес, аталған нозологиялар бойынша хаттамалар болмаған кезде – жалпыға бiрдей қабылданған тәсiлдерге және дәлелді базаға сәйкес медициналық көрсетiлімдер бойынша медициналық қызметтер көрсетудi қамтамасыз етуге;
Тапсырыс берушінің емдеу нәтижелерiмен қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейiн қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға;
егер ақылы медициналық қызметтерді ұсыну кезінде кенеттен болған қатты аурулар, жай-күйлер, асқынулар, созылмалы аурулар кезінде пациенттің өміріне қауіпті жою үшін шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтерді ұсыну қажет болған жағдайда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес медициналық көмекті ақы алмай ұсынуды қамтамасыз етуге;
жасасқан Шарт шеңберінде осы немесе өзге де қызметтердi көрсетуге жағдайлар болмаған жағдайда, осы қызметтi басқа денсаулық сақтау ұйымында көрсетудi ұйымдастыруға және оған ақы төлеуге;
Тапсырыс берушiге көрсетiлген медициналық, диагностикалық және сервистiк қызметтердiң түрлерi мен көлемдерін көрсете отырып, белгiленген мерзiмде шот ұсынуға;
Тапсырыс берушiге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргiзу үшiн барлық қажеттi медициналық және қаржылық құжаттаманы ұсынуға мiндеттi.
жұмыс тәртібі мен режимін айқындайтын денсаулық сақтау ұйымында белгіленген ережелерді сақтауға;
Шарт қызметтерін алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
қызметті немесе қызметтердің бір бөлігін алудан бас тарту туралы Қызметтер берушіні уақтылы хабардар етуге;
көрсетiлген қызметтер үшiн ақы төлеудi уақтылы жүргiзуге мiндеттi.
ақылы бөлiмшеде (палатада) жұмыс iстейтiндер қатарынан емдеушi дәрiгердi таңдауға;
жүргiзiлген емнiң сапасы мен дәрiгерлiк тағайындаулардың негiздiлiгiне сараптаманы жүзеге асыруға құқығы бар.
Тапсырыс берушi аурухана режимiн бұзған және дәрiгерлiк ұйғарымдарды орындамаған жағдайда емдеудi мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
5. Тараптардың жауапкершiлiгi
12. Қызметтер беруші ақылы медициналық қызметтер көрсету бойынша бұзушылық жағдайларына жол бергені үшін жауапты болады:
1) медициналық қызметтерді тиiстi көлемде және сапада көрсетпеу;
2) ТМККК-ға кiретiн қызметтер үшiн Тапсырыс берушіден ақы алу;
3) нақ сол медициналық қызметтi көрсеткенi үшiн екi рет ақы алу (пациент қаражатының және бюджет қаражатының есебінен).
13. Осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
14. Тапсырыс беруші Қызметтер берушіге іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды уақтылы өтемегені үшін жауапты болады.
15. Тапсырыс берушi тарапынан Медициналық көмек көрсетуге арналған шарттың 2, 3, 4-тармақтары бұзылған жағдайда Қызметтер беруші мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың сомасынан ____ % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстап қалады.
16. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәкес шешіледі.
6. Шартты өзгерту және бұзу
17. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келiсiмi бойынша өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн.
18. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу ниетi туралы тараптар бiр-бiрiн алдын ала хабардар етуге мiндеттi.
19. Тараптардың бiрде-бiрі өздерiнiң осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн екiншi тараптың жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа беруге құқығы жоқ.
20. Осы Шарт бiрдей заң күшi бар екi данада жасалған, бiр данасы - Тапсырыс берушiде, екiншiсi Қызметтер берушіде болады.
21. Осы Шарт тараптар оған қол қойған күннен бастап күшiне енедi және тараптар осы Шарт бойынша барлық мiндеттемелердi орындаған сәтке дейiн қолданылады.
8. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi:
Қызметтер берушi: Тапсырыс берушi: ________________ _______________