• Мое избранное
Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республиксы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 мамырда № 11238 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 жылғы № 188 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 20.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 жылғы № 53 Бұйрығымен (25.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрі 
____________________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы 30 cәуір 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрі 
_______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 05 мамыр
  • 1
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 139 бұйрығына
4-қосымша
Осы Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетілетін қызметті берушіге жеке және заңды тұлғалардың (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күн.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде жазбаша дәлелді түрде жауап береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12405 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 356 бұйрығымен бекітілген Мемориалдық тақталарды орнату қағидасының (бұдан әрі - Қағида) 2-қосымшасына сәйкес мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздерге сәйкес нысан бойынша Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесi - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскi үзiлiсті есептемегенде, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезек күту тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызметсiз көрсетiледi.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкiлi) жүгінген кезде мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруді алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) аса көрнекті тұлғаның еңбегін және айрықша оқиғаның маңызын растайтын архивтік және өзге құжаттардың көшірмелері;
3) Қағиданың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қамтитын мемориалдық тақтаның эскизі;
4) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату жоспарланған ғимарат немесе құрылыс жайының меншік немесе заңды иесінің жазбаша келісімі.
5) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыстың республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісуі.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi уәкілетті органға.
10. Мемориалдық тақтаны орнатуға рұқсат беруден бас тартудың негіздері мыналар болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) комиссияның теріс қорытындысы;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап.
3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда: шағым Министрлiктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.
Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол тапсырылады.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күн iшiнде қаралады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол жеткізіледi.
Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады: 1414, 8 800 080 7777.
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымдана алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралады.
12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң өзге талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар: 1414, 8 800 080 7777.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»
​ мемлекеттiк көрсетiлген қызмет стандартына
қосымша
Нысан
 _________________________
 (облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органы)
 _________________________
 _________________________
 (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
Өтініш
 _______________________________________________________________ мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруіңізді сұраймын _______________________________________________________________ (атауы, сипаттама) Орнату мақсаты: ________________________________________________ Орналасқан жері (мекенжай) _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Өтініш беруші туралы мәліметтер: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (туған күні, азаматтығы, паспорт немесе жеке куәлік номері, _______________________________________________________________ берілген уақыты, тұрғылықты жері, байланыс телефоны немесе заңды тұлғаның реквизиттері)
 Қосымша: _____ бетте.
 _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (өтінішке Мемориалдық тақталарды орнату қағидаларының 6-тармағына сәйкес құжаттар тіркеледі)
  Өтініш берушінің қолы ________________ Мерзімі__________________
Мөр қоятын орын (заңды тұлғалар үшін)
  (болған жағдайда)__________________
  • 1
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
5-қосымша
Осы Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленді.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет облыстардың жергілікті атқарушы органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге жеке тұлғалардың (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап – 1 (бір) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушынан бір жұмыс күні ішінде құжаттарды алған кезінен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде жазбаша өтінішті одан әрі қарауға бас тартады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірде № 4632 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығымен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2 қосымшаға сәйкес көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағына беру өтінімін (бұдан әрі - өтінім) қабылдау не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздерге сәйкес нысан бойынша Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы қолхат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетiлетiн қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілген қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті қоспағанда сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көркемөнерпаздар ұжымы басшысының қолы қойылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қосымшасының нысаны бойынша көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру бойынша өтінім;
2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы;
3) келесі ақпараттар көрсетілген ұжымына шығармашылық мінездеме:
жетекшілер туралы мәлімет;
репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;
ұжымның концерттік бағдарламасы;
қатысушылар құрамының тізімі;
4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес).
10. Көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбауы өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда: шағым Министрлiктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.
Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күн iшiнде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777 немесе портал арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.
12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң өзге талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары және көрсету орындары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың «жеке кабинетi» арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Көркем өнерпаздық ұжымдарына
 «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау»
 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына
қосымша
 _________________________
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органы
 _________________________
 (көркемөнерпаздар ұжымы басшысының тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда)
 _______________________
мекен жайы
Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру бойынша өтінім
  Көркемөнерпаздар ұжымына (ұжымның аты) _______________________________ «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінім қабылдауды сұраймын.
  _______________________________________________________________
  _______________________________________________________________
  _______________________________________________________________
  Қосымша: ___ парақ.
  («Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес құжаттар қосылады)
  Өтінімнің толтырылған күні __________________
  Қолы _____________________________________