Bestprofi Logo

Бұйрық № 249 от 2015-03-27г./Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 05.09.2019 г.

Документ на казахском языке

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10927 тіркелді

Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 5 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.02.2019 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес

"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары бекітілсін.

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және оны пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 1 сәуір

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары

Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 жылғы № 330 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 жылдан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1. Осы Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі – АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі – МК) даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін айқындайды

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) атқарушы орган – атауы ұйымның жарғысымен айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға;

2) даму жоспары (бұдан әрі – даму жоспары) – МК, АҚ және мемлекетке тиесілі акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) ЖШС қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;

3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар – акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалар құқығының субъектілерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға, оның ішінде шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген басқармалар (бөлімдер);

5) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға;

6) тиісті саланың уәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін орталық атқарушы орган;

7) ұйымдар – мемлекет бақылайтын АҚ және ЖШС, МК, оның ішінде сенімгерлік басқаруға берілген кәсіпорындар.

2-тарау. Даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі

3. Даму жоспары бесжылдық кезеңге бір рет әзірленеді және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында, аумақтарды дамыту бағдарламасында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органмен (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен келісіледі.

4. Даму жоспарын әзірлеу осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 28-1, 29, 30-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша құрылымға, нысандарға, көрсеткіштер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

5. Ұйымның даму жоспары мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және инвестицияларды қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі біріктірілген және біріктірілмеген көрсеткіштерін, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтерді (таза кірістің бюджетке аударылатын бөлігі), қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін басқа да мәліметтерді қамтиды.

6. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган), стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін тиiстi салалардың уәкiлеттi органдарын қоспағанда, мыналарды:

1) мемлекеттiк органның (жергiлiктi атқарушы органның) стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту бағдарламасында) көрсетiлген мақсаттарға қол жеткізуге және міндеттерді орындауға алып келетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін;

2) мемлекеттiк органның (жергiлiктi атқарушы органның) стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту бағдарламасында) көрсетiлген оның мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштерді әзiрлейдi және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бiрiншi қыркүйегiне дейiн ұйымға жеткiзедi.

Түйiндi көрсеткiштер тiкелей нәтижелердi (белгiлi бiр көлемдегі және сападағы өнiмдi (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) ұсыну), сол сияқты түпкiлiктi нәтижелердi (оларды алушылар үшiн ұсынылған өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) тиiмдiлiгi) көрсетеді.

Түйiндi көрсеткiштер сапа көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) оны алушылардың үміттеріне сәйкес келу дәрежесі) және тиімділік көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) өндірілетін бірлігіне пайдаланылатын ресурстарды төмендету) заттай немесе құндық мәнінде қамтиды.

Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілген жағдайларда тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде ұйым үшін мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ түйiндi көрсеткiштерді нақтылайды.

7. Тиiстi салалардың стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін уәкiлеттi органдары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бiрiншi қыркүйегiне дейiн:

1) тиiстi саланың уәкiлеттi органының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты өз бюджеттік бағдарламасында көрсетiлген бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерді орындауға әкелетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін;

2) тиiстi саланың уәкiлеттi органының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өз бюджеттік бағдарламасында көрсетiлген оның мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштерін ұйымға жеткiзедi.

Түйiндi көрсеткiштер тiкелей нәтижелердi (белгiлi бiр көлемдегi және сападағы өнiмдi (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) ұсыну), сондай-ақ түпкiлiктi нәтижелердi (оларды алушылар үшiн өнiмді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) ұсынудан болатын тиiмдiлiк) көрсетеді.

Түйiндi көрсеткiштер сапа көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) оны алушылардың үміттеріне сәйкес келуіне) және тиімділік көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) өндірілетін бірлігіне пайдаланылатын ресурстарды төмендету) заттай немесе құндық мәнінде қамтиды.

Бюджеттік бағдарламаға өзгерістер, толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілген жағдайда тиiстi саланың уәкiлеттi органы, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бюджеттік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін немесе жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде ұйым үшін мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ түйiндi көрсеткiштерді нақтылайды.

8. Тиiстi жоспарланатын кезеңге арналған даму жоспарын әзiрлеудi, сондай-ақ даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бiрыңғай оператор әзiрлеген бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, ұйымның атқарушы органы мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1) бiрiншi жыл: бiрiншi жоспарланатын жылдың қаржы-шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi таратылып (толық) жазылады, жоспарланатын келесi жылдары жиынтықталған (жинақталған) түрде, енгiзiлетiн түзетулер көрсетіле отырып, жылдар бөлiнiсінде;

2) екiншi жыл: бiрiншi жылдың бағалануы, екiншi жыл таратылып (толық) жазылып, келесі жылдары жиынтықталған (жинақталған) түрде, енгiзiлетiн түзетулер көрсетіле отырып, жылдар бойынша бөлiністе;

3) үшiншi жыл: бiрiншi жылдың фактісі мен екiншi жылдың бағалануы, үшiншi жыл таратылып (толық) жазылып, келесi жылдар жиынтықталған (жинақталған) түрде, енгiзiлетiн түзетулер көрсетіле отырып, жылдар бойынша бөлiністе;

4) төртiншi жыл: бiрiншi, екiншi жылдардың фактісі және үшінші жылдың бағалануы, төртiншi жыл таратылып (толық) жазылып, келесi жылдар жиынтықталған (жинақталған) түрде, енгiзiлетiн түзетулер көрсетіле отырып, жылдар бойынша бөлiністе;

5) бесiншi жыл: бiрiншi, екінші, үшінші жылдардың фактісі және төртiншi жылдың бағалануы, бесiншi жыл таратылып (толық) жазылып, енгiзiлетiн түзетулер көрсетіле отырып, көрсетiледi;

Даму жоспарында жиынтықталған көрсеткiштер, оның ішінде мақсаттарға қол жеткізу және мiндеттерді орындау бойынша көрсеткіштер, түйiндi көрсеткiштер көрсетіледі. Даму жоспарына түсіндірме жазба түзетулерді ескере отырып, өткен жылдардың жыл сайынғы бағалануын және жоспарланған кезеңнің соңына дейін алдағы кезеңнің жиынтықталған көрсеткiштерiнің негіздемесін қамтиды. Егер даму жоспарын түзету жиынтықталған көрсеткiштерді қозғамаса, олар бүкіл жоспарланатын кезеңде өзгеріссіз қалады.

Тиiстi жоспарланатын кезеңге арналған даму жоспарын әзiрлеудi жаңадан құрылған ұйымдар үшін осы ұйым әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бiрыңғай оператор әзiрлеген бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, ұйымның атқарушы органы жүзеге асырады.

9. Атқарушы орган жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi қазанына дейiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына даму жоспарының жобасын, сондай-ақ қатар жыл сайынғы түзетулерді (даму жоспарының екінші - бесінші жылдары) қарауға және келiсуге жiбередi.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание