• Мое избранное
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.08.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11277 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 22 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2017 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет - ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет - порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың  2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
______________В. Школьник 
2015 жылғы 24 сәуір 
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы № 346
бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын
метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 3-қосымшасында және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі – ДМҰ) Техникалық регламентінде айтылған метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы Халықаралық азаматтық авиациясының (ИКАО) халықаралық стандарттары және ұсынатын практикасы негізінде әзірленген.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
1) абсолюттік биіктік (ағылшын тіліндегі қысқартылуы ALT (бұдан әрі – ALT) 
 
теңіздің орта деңгейінен бастап тігінен қашықтық биіктік (ағылшын тіліндегі қысқартылуы MSL (бұдан әрі – MSL) нүкте орнына алынған нүкте немесе объектінің деңгейіне дейін қашықтық;
2) авиациялық белгіленген қызмет (ағылшын тіліндегі қысқартылуы AFS (бұдан әрі – AFS) – аэронавигацияның қауіпсіздігі, сондай ақ әуе қатынастардың тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін бағытталған белгіленген пункттердің арасындағы электр байланысының қызметі;
3) авиациялық белгіленген электр байланысының торабы (ағылшын тіліндегі қысқартылуы AFTN (бұдан әрі – AFTN) – авиациялық белгіленген қызметтің бөлігі болып табылатын және байланыс немесе баламалы сипаттамадағы авиациялық белгіленген станциялардың арасында мәліметтермен және (немесе) цифрлы деректермен алмасуды көздейтін авиациялық белгіленген тізбектердің дүниежүзілік жүйесі;
4) авиациялық жұмыстар – басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделеріне қатысты азаматтық әуе кемелерін пайдалану арқылы пайдаланушы орындайтын мамандандырылған операциялар;
5) авиациялық метеорологиялық станция – халықаралық аэронавигацияда пайдалануға жататын метеорологиялық мәліметтерге бақылау және жинақтау жүргізуге арналған станция.
6) авиациялық пайдаланушы – метеорологиялық ақпаратты авиациялық мақсатта пайдаланатын пайдаланушылар, ұшу экипажының мүшелері, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, іздестіру-құтқару қызметі органдары, әуежайлардың әкімшіліктері және басқа ұйымдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
7) автоматты тәуелді бақылау (ағылшын тіліндегі қысқартылуы ADS (бұдан әрі – ADS) – борттық навигациялық жүйелерден және орналасу жерін, соның ішінде әуе кемесінің анықтау индексін, төрт өлшемде оның орналасу жерін, қажет болғанда қосымша мәліметтерді анықтау жүйелерінен алынған ақпаратты мәліметтерді беру желісі бойынша әуе кемелері жедел түрде ұсынатын бақылау әдісі;
8) адам факторы аспектілері – жобалау, сертификаттау, кадрларды даярлау процестеріне, авиациядағы техникалық қызмет көрсету және пайдалану қызметіне қолданылатын және адам мүмкіншілігін тиісті есепке алу арқылы адам мен жүйенің басқа да компоненттері арасындағы қауіпсіз өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар; 
9) аймақтық болжамдардың дүниежүзілік жүйесі (бұдан әрі – АБДЖ) – аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталықтарының маршруттар бойынша авиациялық метеорологиялық болжамдарды біркелкі стандартталған нысанда ұсынуды қамтамасыз ететін дүниежүзілік жүйе;
10) аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталығы (бұдан әрі – АБДО) – мемлекеттерге тікелей авиациялық белгіленген қызметтердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ауа райының ерекше құбылыстарының болжамын, әлемдік ауқымда цифрлы нысанда биіктік болжамдарын дайындау және таратуға арналған метеорологиялық орталық;
11) арттыру – теңіздің орташа деңгейінен жер үстінің немесе сонымен байланысты объектінің нүктесі немесе деңгейінің тік бойынша ара қашықтығы;
12) аспаптар бойынша ұшу ережесі (бұдан әрі – АҰЕ) – әуе қозғалысын басқару органдары тарапынан міндетті бақылау мен әуе кемелері арасында белгіленген эшелондау интервалдарын олардың қамтамасыз етуі кезінде пилоттық-навигациялық аспаптар бойынша ұшудың орындалуын көздейтін ереже;
13) аэронавигациялық ақпараттың жинағы (ағылшын тіліндегі қысқартылуы AIP (бұдан әрі – AIP) – мемлекетпен рұқсат етілген немесе шығарылған аэронавигация үшін маңызды ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпаратты қамтитын жарияланым;
14) Әуе қозғалысын ұйымдастыру тиісті өкілетті органы – аталған әуе кеңістігі шегінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапкершілік жүктелген мемлекетпен белгіленген тиісті өкілетті орган.
15) әуеайлақ 
 
жер немесе су бетінің толықтай немесе ішінара әуе кемелерінің келуіне, жөнелтілуіне және осы жер бетімен қозғалуына арналған белгілі бір учаскесі (ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықты қоса алғанда);
16) әуеайлақ ауданы – көлденең және тiк жазықтықтың шекараларында белгiленген жергiлiктi жерге iргелес орналасқан және әуеайлақтың үстiнде анықталған әуе кеңістiгi;
17) әуеайлақ диспетчері пункті – әуеайлақ қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетудің қамтамасыз ету арналған орган;
18) әуеайлақтың бақылау нүктесі – әуеайлақтың географиялық орнын анықтайтын нүкте;
19) әуеайлақтың биік жері – ұшу-қону жолағының ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік биіктігі (қону алаңының ең жоғары нүктесі);
20) әуеайлақтың климатологиялық кестесі - әуеайлақта бір немесе бірнеше метеорологиялық элементтерді бақылау нәтижелері туралы статистикалық деректерді қамтитын кесте;
21) әуеайлақтық климатологиялық мәлімет – статистикалық деректерге негізделген әуеайлақта белгіленген метеорологиялық элементтерді бақылау нәтижелерінің қысқаша мазмұны;
22) әуеайлақтық метеорологиялық орган – әуеайлақта халықаралық аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз етуге арналған орган;
23) әуе кемесі – жер бетiнен шағылысқан ауамен әркеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын кез келген аппарат; 
24) әуе кемесінің бортынан бақылау – ұшудағы орналасқан әуе кемесінің бортында жасалған бір немесе бірнеше метеорологиялық элементтерді бағалау; 
25) әуе кемесінің командирі – экипажда жетекші болып табылатын және әуе кемесінің ұшуының орындалуына және қауіпсіздігіне жауапты пилот (ұшқыш);
26) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпараты орталығы немесе әуе қозғалысына қызмет көрсетудің аэронавигациялық ұйымдастыруға қатысты хабарламаларды жинақтау пункті;
27) әуе трассасы – әуе кемелерiнiң ұшуына арналған және аэронавигациялық қондырғылармен жабдықталған дәлiз түрiндегi әуе кеңiстiгi;
28) басымды көріну – «көріну» терминінің анықтамасына сәйкес бақыланатын, көкжиек желісінің жартысы шегінде немесе әуеайлақ бетінің жартысы шегінде қол жеткізілетін көрінудің ең көп мәні. Шолуға жататын кеңістік сабақтас немесе сабақтас емес секторларды қамтуы мүмкін.
Бұл мән бақылау жүргізетін адамдармен және/немесе аспаптық жүйенің көмегімен белгіленеді. Аспаптар қондырылған жағдайларда, олар басымды көрінуді бағалау үшін пайдаланылады;