• Менің таңдаулыларым
Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 6

Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11227 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 29.10.2025 жылғы № 292 Бұйрығына сәйкес (01.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 168) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 29.10.2025 жылғы № 292 Бұйрығына сәйкес (01.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 29.10.2025 жылғы № 292 Бұйрығына сәйкес (01.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков 
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрі 
_____________Ә. Исекешев 
2015 жылғы 3 сәуір 
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
____________ Е. Досаев 
2015 жылғы 22 мамыр