• Мое избранное
"Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.04.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11143 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 17 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 29.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Қ.Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________________Ә. Исекешев
201 жылғы «___» ______________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________________Е. Досаев
201 жылғы «___» ______________

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
________________М. Құсайынов
201 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 236 бұйрығымен бекітілген
  • 1
«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 жылғы 726 Бұйрығына сәйкес (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 жылғы 726 Бұйрығына сәйкес (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 жылғы 726 Бұйрығына сәйкес (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
лицензия берген кезде – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқасын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғаны анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – күзет қызметімен айналысу құқығына заңды тұлғаларға берілген лицензия, оны қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасы не лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 жылғы 726 Бұйрығымен (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-тарауына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушылардан қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алты айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлемінде лицензиялық алым (бұдан әрі – лицензиялық алым) алынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар күзет қызметін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеген кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден он пайыз көлемінде, бірақ лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген төлемнен төрт АЕК-тан көп емес мөлшерде алынады.
Лицензияның телнұсқасын алған кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезінде лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген мөлшерлемеден жүз пайыз мөлшерінде алынады.
Алым сомасы лицензиялық алым көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
Порталға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу кезінде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
7-тармақтың алтыншы бөлімі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 жылғы 726 Бұйрығына сәйкес (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 жылғы 726 Бұйрығына сәйкес (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2018 жылғы 726 Бұйрығына сәйкес (04.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 06.03.2019 жылғы № 185 Бұйрығына сәйкес (18.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) лицензия алу үшін:
мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;
2) лицензия бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;
3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан (медициналық анықтамалар) мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы, лицензиялық алымның, оның ішінде лицензияны қайта ресімдегені үшін төленгені туралы ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталға құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін өтініштін қабылданғандығы туралы белгі пайда болады.
10. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен осы санаттағы субъектілер үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысуы;
2) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының келісуші мемлекеттік органның лицензия беруге келісім хатын ұсынбауы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым:
1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
2) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті басшысының атына;
3) Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде, не болмаса көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті алушының кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Портал арқылы электрондық шағым жібергін кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы, қаралуы немесе қараудан бас тартылуы туралы белгілер) жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
4-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда «жеке кабинеті арқылы», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығыныңтелефоны (1414) арқылы ұсынылуы да мүмкін.
«Күзет қызметімен айналысу
құқығына лицензия беру, қайта
 ресімдеу, лицензияның
 телнұсқаларын беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 2-қосымша
Нысан
Мәліметтер нысаны лицензия бойынша (күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру)
1. Жалпы ақпарат
 1.__________________________________________________________________
                     (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
                        (салық тіркеу нөмірі)
2.__________________________________________________________________
  __________________________________________________________________
                        (заңды тұлғаның атауы)
2. Күзет ұйымының басшысына, сондай-ақ олардың филиалдарының басшыларына қойылатын біліктілік талаптары туралы мәліметтер
 3.__________________________________________________________________
  __________________________________________________________________
                     (мамандығы мен біліктілігі)
4.__________________________________________________________________
   (лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі
             туралы дипломның № және берілген күні)
5.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                          (оқу орнының атауы)
6. _________________________________________________________________
(жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек шартының нөмірі күні)
7.__________________________________________________________________
(арнайы бағдарлама бойынша даярлық курстарынан өтуі туралы куәліктің
                                   №)
8.__________________________________________________________________
 (арнайы бағдарлама бойынша курстардан өтуі туралы куәліктің берілген 
                                   күні)
9.__________________________________________________________________
(даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған оқу                                    орталығының атауы)
____________________________________________________________________
10._________________________________________________________________
   (даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған оқу
____________________________________________________________________
                        орталығының занды мекенжайы)
11._________________________________________________________________
   _________________________________________________________________
               (денсаулық сақтау ұйымының атауы)
12._________________________________________________________________
      (соттылығы жоқтығы туралы анықтаманың № және берілген күні)
3. Уәкілетті органның келісуі туралы мәліметтер
 13.__________________________________________________________________
   (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу хатының № 
және күні)
4. Лицензиялық алымды төлеу
 14.__________________________________________________________________
                              (төлем сомасы)
5. Құжаттарды қоса беру (қосымша)
 15.__________________________________________________________________
                          (төлем түбіртегінің №)
6. Тапсырысты қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі
 16.__________________________________________________________________
                          (тапсырысты беру күні)
 ________________________________________/_______________
Тапсырысты қабылдаған лауазымды адамның     Т.А.Ә қолы