• Мое избранное
Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11328 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың 
интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 6 мамыр 

«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
______________ В. Школьник 
2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 385 бұйрығына
қосымша
  • 2
Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 жылғы № 427 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес әзірленген, мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты (бұдан әрі - геологиялық ақпарат) оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттыоқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану тәртібі
2. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген геологиялық ақпаратты қоспағанда, геологиялық ақпаратты пайдалануға ұсынуды Қазақстан Республикасында геологиялық ақпараттың сақтаушысы болып табылатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
3. Қағидалар мемлекеттік құпияларды қамтитын геологиялық ақпаратқа қолданылмайды.
4. Геологиялық ақпарат бастапқы және қайталама негізгі екі түрді қамтиды:
Геологиялық бастапқы ақпаратқа:
бұрғылау ұңғымаларының бағанасы, мұнай, су, газ сынамалары, тас материалдың үлгілері, сынамалары және коллекциялары, шлифтар, аншлифтар, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар арқылы білдірілген табиғи таратушыларға арналған ақпарат (заттай ақпарат);
далалық байқау журналдары мен басқа да құжаттамаларда, оның ішінде сынау, сынамаларды талдау, геофизикалық байқауларды тіркеу журналдарында жасанды таратушыларда (қағаз және электронды) көрсетілген ақпарат жатады.
Қайталама геологиялық ақпаратқа бастапқы ақпаратты өңдеу, мағынасын ашу, талдау және қорыту нәтижесінде алынған ақпарат жатады.
5. Бастапқы және қайталама геологиялық ақпарат:
табиғи тасымалдаушылардағы ақпараттың телнұсқалары және құжаттардың көшірмелері түрінде;
геологиялық ақпаратты көшірме жасамай және алмай-ақ танысу жолымен берілуі мүмкін.
6. Геологиялық ақпарат тұрақты немесе уақытша пайдалануға беріледі. Геологиялық ақпарат уақытша пайдалануға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, жер қойнауын геологиялық зерттеумен байланысты жұмыстарды орындайтын тұлғаларға беріледі.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу туралы жасалған шарт бойынша жұмыстар аяқталған соң пайдаланушы уақытша пайдалануға алған геологиялық ақпаратты 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарып береді.
Өзге жағдайларда геологиялық ақпарат тұрақты пайдалануға беріледі.
7. Геологиялық ақпаратты ұсыну талаптарына қарамастан, оның көшірмесін жасау бойынша шығындарды геологиялық ақпаратты алушы жеке өтейді.
1-параграф. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты ақысыз негізде алу талаптары
8. Төлемақы алмай (өтеусіз) геологиялық ақпарат:
1) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жер қойнауын геологиялық зерттеуге байланысты жұмыстарды жүргiзетiн тұлғаларға;
2) ғылыми мақсаттар үшін, ғылыми зерттеулер мемлекеттiк бюджеттен және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері болып табылатын ұлттық компаниялардың немесе олардың еншілес ұйымдарының қаражатынан қаржыландырылатын жағдайларда;
3) оқу мақсаттарында – мемлекеттiк, сондай-ақ аккредиттелген жеке меншік оқу орындарына;
4) мемлекеттiк органдарға;
5) мемлекеттік геологиялық тапсырма бойынша өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді орындайтын ұлттық компанияларға берiледi.
Геологиялық ақпарат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құпиялылық туралы келісімнің негізінде өтеусіз негiзде берiледi.
9. Уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасындағы өтеусіз негіздегі құпиялылық туралы келісім жеке немесе заңды тұлғадан геологиялық ақпаратты алуға еркін нысандағы өтінім келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз)күннің мерзімінде жасалады.
Мемлекеттік немесе аккредиттелген жеке меншік оқу орнының немесе ғылыми ұйымның сұрау салуы негізінде уәкілетті орган геологиялық ақпаратты оқу немесе ғылыми мақсаттарда пайдалануға беру туралы не оны беруден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Сұрау салу сұрау салынатын геологиялық ақпараттың мақсаты мен көлемін, оқу бағдарламасы туралы жалпы мәліметтерді, ғылыми зерттеулердің сипатын қамтуы тиіс.
Геологиялық ақпаратты өтеусіз негізде беруден бас тарту негіздері осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген.
2-параграф. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты өтеулі негізде алу талаптары
10. Төлемақы алынып (өтеулі) геологиялық ақпарат:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушыларға – конкурстық топтама түрінде;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған тікелей келіссөздер қатысушыларына;
3) құзыретті органның шешімі негізінде жер қойнауын пайдалануға Келісімшартты жасасатын тұлғаларға;
4) келісімшарттық міндеттемелерді орындау мақсатында жер қойнауын пайдаланушыларға;