«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11273 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 жылғы № 418 Бұйрығымен (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 жылғы № 418 Бұйрығымен (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5) осы бұйрықтың 5-қосымшаға сәйкес «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшаға сәйкес «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшаға сәйкес «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығымен (27.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 08.12.2015 жылғы № 631 Бұйрығымен (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10) осы бұйрықтың 10-қосымшаға сәйкес «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшаға сәйкес «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
12) осы бұйрықтың 12-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
13) осы бұйрықтың 13-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
14) осы бұйрықтың 14-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) осы бұйрықтың 17-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) осы бұйрықтың 19-қосымшаға сәйкес «Темекі бұйымдарына акциздік таңбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес «Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) осы бұйрықтың 21-қосымшаға сәйкес «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
22) осы бұйрықтың 22-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес «Салықтық есептілікті қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
23-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес «Салықтық есептілікті керi қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
24-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
25-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26) осы бұйрықтың 26-қосымшаға сәйкес «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
27) осы бұйрықтың 27-қосымшаға сәйкес «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес «Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
28-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
29-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығымен (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес «Еуразиялық экономикалық одағында тауарларды экспорттау (импорттау) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
30-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
31) осы бұйрықтың 31-қосымшаға сәйкес «Бақылау-касса машиналарын (БМК) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
32) осы бұйрықтың 32-қосымшаға сәйкес «Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
33) осы бұйрықтың 33-қосымшаға сәйкес «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес «Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
34-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
35) осы бұйрықтың 35-қосымшаға сәйкес «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
36-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
37) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
37-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығымен (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес «Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
38-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес «Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
39-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
40) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
40-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығымен (27.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
41) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
41-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығымен (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес «Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
42-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
43) осы бұйрықтың 43-қосымшаға сәйкес «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес «Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
44-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
45) осы бұйрықтың 45-қосымшаға сәйкес «Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
46) осы бұйрықтың 46-қосымшаға сәйкес «Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
47) осы бұйрықтың 47-қосымшаға сәйкес «Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
48) осы бұйрықтың 48-қосымшаға сәйкес «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
49) осы бұйрықтың 49-қосымшаға сәйкес «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
50) осы бұйрыққа 50-қосымшаға сәйкес «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
50-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
51) осы бұйрыққа 51-қосымшаға сәйкес «Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
51-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
52) осы бұйрықтың 52-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты бекітілсін.
53) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
1-тармақ 53-тармақшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 08.12.2015 жылғы № 631 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 53-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығымен (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
54) осы бұйрықтың 54-қосымшасына сәйкес «Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты бекітілсін.
1-тармақ 54-тармақшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі ______________ Ә. Исекешев 2015 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2015 жылғы 4 мамыр
20__ ж. «___» _________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 54-қосымша
Осы Бұйрық 54-қосымшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме алу үшін өтініштерді (бұдан ары – салықтық өтініш) қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталығы немесе «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті) веб-қосымшасы арқылы;
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
1) Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірмені (бұдан әрі – көшірме) ұсыну – салықтық өтінішті тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үзінді көшірмені беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы уәжделген жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге (келу тәртібімен немесе пошта арқылы):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді;
порталға:
ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу немесе салықтық өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағымдар жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
1) жеке тұлға үшін – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны;
2) заңды тұлға үшін – оның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі (бар болған жағдайда) және кіріс құжатының күні көрсетiледi.
Өтiнiш көрсетілетін қызметті алушының өкiлi арқылы енгiзiлуi мүмкiн. Өкiлдiктi ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкiлi қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы өтінішті жеке, ұжымдық түрде, сонымен қатар бейнеөтініш немесе бейнеконференцбайланыс нысанындада қарайды.
Бейнеөтінішті қабылдау келу арқылы көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалдарында жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді жүргізеді;
«Бейне өтініш берген азаматтарды тіркеу» журналына өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін енгізеді;
бейнеөтініш берудің негізгі қағидаларын түсіндіреді;
өтініш берушіні бейнеөтініш беру бөлмесіне шығарып салады.
Көрсетілетін қызметті берушімен бейнеөтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдер қабылданады. Шешімдер өтініш берушінің пошталық мекенжайына жолданады. Көрсетілетін қызметті беруші жауапты көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған электрондық мекен-жайына «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың электрондық бірыңғай пошталық жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.
Бейнеөтініш немесе бейнеконференцбайланыс арқылы өтінішті беру және қарау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13206 болып тіркелді) сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25 бабымен қарастырылған тәртіпке сәйкес қаралуға жатады.
Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал, Салық төлеушінің кабинеті арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
«Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |