«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11404 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрi __________________ Е.Досаев 2015 жылғы «___» __________ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Энергетика министрi __________________ В.Школьник 2015 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 410 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы аумағында геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы аумағында геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялы-геологиялық және геохимиялық зерттелуін есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20–бабының 32–10) тармақшасына сәйкес әзірленді және геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялы-геологиялық және геохимиялық зерттеу түрлерімен жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды есепке алу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – зерттелуді есепке алу).
2. Зерттелуді есепке алу мынадай мақсатта жүзеге асырылады:
геологиялық қорларда сақталатын есептік геологиялық материалдарды тиімді іздеуді қамтамасыз ету;
жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жұмыстардың қайталануын айқындау және болдырмау;
Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын геологиялық зерттеуді жоспарлау және жедел басқару.
3. Есепке алуға жатады:
Геологиялық жумыстар:
өңірлік геологиялық түсіру жұмыстары;
парақтық геологиялық түсіру;
алаңдарды геологиялық жете зерттеу;
терең геологиялық карталау;
әуе-суреттік-геологиялық карталау;
ғарыш суреттік-геологиялық карталау;
пайдалы қазбаларды іздеуге бағытталған геологиялық зерттеулер;
тақырыптық зерттеулер.
Гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және кешенді жұмыстар:
гидрогеологиялық түсірулер;
инженерлік-геологиялық түсірулер;
ширек шөгінділерге дейінгі геологиялық түсіруді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;
инженерлік-геологиялық түсірулерді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;
ширек шөгінділерді геологиялық түсіруді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;
инженерлік-геологиялық және ширек шөгінділерді түсірулерді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;
ширек шөгінділерге дейінгі және ширек шөгінділерді инженерлік-геологиялық түсірулерді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;
гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жете зерттеу және бұрын зерттелген аумақтарды қайта түсіру.
Геофизикалық жұмыстар:
гравибарлау;
жерүсті магнитті барлау;
әуе-магниттік барлау;
электрлік барлау;
сейсмобарлау;
геохимиялық зерттеулер.
Экологиялық-геологиялық жұмыстар:
Әртүрлі бағыттағы экологиялық-геологиялық жетте зерттеу (геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық);
геологиялық-барлау жумыстары барысындағы қосымша экологиялық-геологиялық зерттеулер;
мамандырылған экологиялық-геологиялық зерттеулер, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық мекемелер аудандарында картаға түсіру;
геологиялық жағдайды мониторингілеу.
Геохимиялық жұмыстар:
геологиялық - түсіру жұмыстар алаңдарын дайындау үшін озық геохимиялық жұмыстар;
көп нысаналы геохимиялық картаға түсіру;
пайдалы қазбалар кен орындарын геохимиялық іздеу.
4. Есепке алынуға тиіс жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жұмыстардың нәтижелері жер қойнауын геологиялық зерттеу нәтижелері туралы есептер түрінде (бұдан әрі – есеп) ресімделеді.
5. Аумақ бойынша зерттелуді есепке алуды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Қазгеоақпарат» РГАО) жанындағы республикалық геологиялық ақпарат қоры Қазақстан Республикасы аумағында зерттелуді есепке алу жөніндегі деректерді жинауды жүзеге асырады.
6. Аумақтық бөлімшелер жыл сайын 15 шілдеде ағымдағы жылдың 01 қаңтарынан 30 маусымына дейінгі кезең бойынша зерттелудің барлық түрлерінің жарты жылдық толтырылуы жөніндегі тікелей материалдарды «Қазгеоақпарат» РГАО-ға ұсынады.
7. «Қазгеоақпарат» РГАО жыл сайын 30 шілдеге дейінгі мерзімде аумақтық органдардан келіп түскен зерттелудің барлық түрлерінің жарты жылдық толтырылуы жөніндегі тікелей материалдарды жинақтап қорытындылайды, өткен жарты жылдың қорытындылары бойынша ақпараттық анықтаманы ресімдейді, оған кестелік материалдарды қосып, көрсетілген ақпараттық материалдарды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |