Bestprofi Logo

Қаулы № 457 от 2015-06-18г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №457 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

1. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 19, 164-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 242 қаулысының 1-тармағының бесінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 60-құжат).

3. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 сәуiрдегi № 390 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 13, 108-құжат).

5. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 671 қаулысы.

6. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зiлзалалардың және апаттардың себептерiн тексеру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 1351 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 465-құжат).

7. «Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн бейбiт уақытта пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 256 қаулысы.

8. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 238-құжат).

10. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы № 1112 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 43, 455-құжат).

11. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 ақпандағы № 123 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 69-құжат).

12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 539 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 273-құжат).

14. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 7, 67-құжат).

15. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 31 қазандағы № 1089 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 550-құжат).

16. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 493-құжат).

19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1326 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 613-құжат).

20. «Темір жол, әуе көлігінде және метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 148 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 80-құжат).

21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13, 17 және 40-тармақтары.

22. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 наурыздағы № 348 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 129-құжат).

23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 1997 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 486-құжат).

24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1258 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 32-құжат).

25. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 764 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 608-құжат).

26. «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1153 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1115-құжат).

27. «Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 321 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 488-құжат).

28. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 496 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

29. «Жеке күзетшілердің, жеке күзет ұйымдарының, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнаулы киім үлгілерін және оны кию қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1153 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 576 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 648-құжат).

30. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1362 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1115-құжат).

31. «Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1115-құжат).

32. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1554 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 39-құжат).

33. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1555 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 40-құжат).

35. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «6698 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 285 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 364-құжат).

36. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 723 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы.

37. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 695-құжат).

38. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5518 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 қарашадағы № 1167 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 856-құжат).

39. «Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 917-құжат).

40. «Темір жол және әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 148 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 1318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 70, 932-құжат).

41. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 16-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).

42. «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 шілдедегі № 801 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 467-құжат).

43. «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 808 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 470-құжат).

44. «Қазақстан Республикасының су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 861 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 493-құжат).

45. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 862 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 494-құжат).

46. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 863 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 495-құжат).

47. «Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 888 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 515-құжат).

48. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 893 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 517-құжат).

49. «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 894 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 518-құжат).

50. «Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 896 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 520-құжат).

51. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2 және 15-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат).

52. «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 681-құжат).

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание