1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына 1-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 760 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 жылғы № 281 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 жылғы № 118 Бұйрығымен (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.04.2019 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2021 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Іскерлік байланыстар» құралы және «Бизнес-мектеп» құрамдауышы бойынша «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді, «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы бойынша «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының базасында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, қаржылай емес қолдау операторы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оқуға жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 8.30-дан 17.30-ға дейін, сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30,15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30, 19.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы қағаз түрінде (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
«Іскерлік байланыстар» құралы шеңберінде оқыту бойынша:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Іскерлік байланыстар» құралы бойынша қатысуға өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама.
«Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы бойынша қатысуға өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама.
«Бизнес-мектеп» құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Бизнес-мектеп» құрамдауышы бойынша қатысуға өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орнынан анықтама (болған жағдайда).
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының, қаржылық емес қолдау операторларының кеңселерінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда поштамен немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап пошталық байланыс арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.damu.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
|
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
«Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту құрамдауышы бойынша қатысуға өтінім |
||
1. |
Қатысушының тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда). |
_______________________________________ |
2. |
Жынысы |
_______________________________________ |
3. |
Туған күні |
_______________________________________ |
4. |
Лауазымы |
_______________________________________ |
5. |
Кәсіпорынның атауы |
_______________________________________ |
6. |
Экономика секторы (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) коды бойынша саланың коды мен атауы) |
_______________________________________ |
7. |
Мәртебесі (шағын/орта) |
_______________________________________ |
8. |
Кәсіпорынды құру күні |
_______/________/______________________ |
9. |
Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің негізгі номенклатурасы |
_______________________________________ _______________________________________ |
10. |
Өткен жылғы орташа жылдық табыс, мың теңге |
_______________________________________ |
11. |
Қызметкерлердің өткен жылғы орташа жылдық саны, адам |
_______________________________________ |
|
Өңірі |
_______________________________________ |
|
Ауданы |
_______________________________________ |
12. |
Байланыстар: |
|
|
мекенжайы |
_______________________________________ |
|
телефон, факс |
_______________________________________ |
|
|
_______________________________________ |
Осы арқылы: 1) мәліметтер мен қоса берілген құжаттардың дұрыс екенін растаймын; 2) оқыту бағдарламасын іске асыру үшін қажетті мәліметтерді пайдалануға және үшінші тұлғаларға беруге келісімімді беремін; 3) оқыту бағдарламасына мониторинг жүргізу немесе жобаны іске асырумен байланысты өзге де іс-қимылдар жасау үшін қажетті барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге міндеттенемін. |
Күні: ________________ Қолы: _______________
Өтінімнің осы нысанына жұмыс орнынан берілген анықтаманы қоса беру қажет
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
«Бизнес-мектеп» құрамдауышы бойынша қатысуға өтініш
1. «Бизнес-Кеңесші» жобасына қатысуға өтініш
Мені __________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық көрсету)
кәсіпкерлік бастамасы бар халықты және кәсіпкерлерді кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған «Бизнес-Кеңесші» жобасы шеңберінде оқу үшін тыңдаушылар қатарына қосуыңызды сұраймын.
Төменде берілген деректерімнің дұрыс екенін растаймын.
1. Туған күні: ______________
2. Жеке сәйкестендәру нөмірі (ЖСН): _________________
3. Жынысы: әйел ___ ер ____
4. Мүгедектік: жоқ □ бар □ мүгедектік тобы □
5. Ұйымдық-құқықтық нысаны:
жеке тұлға (бұдан әрі – ЖТ) _____
жеке кәсіпкер (бұдан әрі – ЖК)
шаруа қожалығы (бұдан әрі – ШҚ) _____
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) ____
басқа ______
6. Заңды тұлғаның атауы (егер ЖК, ШҚ, ЖШС және тағы басқа) ________________________________________________________________
7. Заңды тұлғаның қызметіне қысқаша сипаттама ___________________ ___________________________________________________________________
8. Пошталық мекенжайы: пошта индексі ___________________________ ________облысы _______________ қаласы _______________ ауданы _________________ кенті/ауылы______________ көше/немесе шағын ауданы___________________ № ___ үй № ___ пәтер
9. Байланыс телефондары:
Үй телефоны (______) ____________________ (елді мекеннің кодын көрсету)
Жұмыс телефоны (______) _______________________(елді мекеннің кодын көрсету керек)
Ұялы телефоны (______) __________________________ (ұялы байланыс операторының кодын көрсету)
10. Электрондық мекенжайы (e-mаil:)______________________________
11. Оқыту курсын қай тілде тыңдағанды қалайсыз:
қазақ □ орыс □
12. «Бизнес-Кеңесші» тренингтерін өткізу күні: 20___жылғы «__» _______.
Өтінішке жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса ұсынамын.
Толтыру күні: 20___жылғы «____» ________________.
Қолы_______________
Қабылдады:________________________________________ тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда) (толық көрсету)
Қабылдау күні: 20___жылғы «_____» ________________________.
2. «Бизнес-Өсу» жобасына қатысуға өтініш
Мені___________________________________________________________ (тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда) толық көрсету)
кәсіпкерлерді кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағыттанған «Бизнес-Өсу» жобасы шеңберінде оқыту жөніндегі тыңдаушылар қатарына қосуыңызды сұраймын.
Төменде берілген деректердің дұрыс екенін растаймын.
1. Туған күні: __________
2. ЖСН: ______________
3. Жынысы: әйел ___ ер ____
4. Мүгедектік: жоқ □ бар □ мүгедектік тобы □
5. Ұйымдық-құқықтық нысаны:
жеке тұлға (бұдан әрі – ЖТ) □_____
жеке кәсіпкер (бұдан әрі – ЖК) □
шаруа қожалығы (бұдан әрі – ШҚ) □____
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) □ ____
басқа ______
6. Заңды тұлғаның атауы (егер ЖК, ШҚ, ЖШС және тағы басқа) ___________________________________________________________________
7. Заңды тұлғаның қызметіне қысқаша сипаттама ___________________________________________________________________
8. Пошталық мекенжайы: пошта индексі _________________
облысы _______________ қаласы _______________ ауданы _________________ кенті/ауылы ______________ көше/немесе шағын ауданы _________________ № ____ үй № ____ пәтер
9. Байланыс телефондары:
Үй телефоны (______) ____________________________ (елді мекеннің кодын көрсету керек)
Жұмыс телефоны (______) _________________________ (елді мекеннің кодын көрсету керек)
Ұялы телефоны (______) _________________________ (ұялы байланыс операторының кодын көрсету)
10. Электрондық мекенжайы (e-mаil:) _______________________________
11. Оқыту курсын қай тілде тыңдағанды қалайсыз: қазақ □ орыс □
12. «Бизнес- Өсу» тренингтерін өткізу күні: 20___жылғы «__» __________.
Өтінішке жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса ұсынамын.
Толтыру күні: 20___ жылғы «____» ________________.
Қолы _______________
Қабылдады: ________________________________________ (тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда) толық көрсету)
Қабылдау күні: 20__ жылғы «_____» ________________________ .
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |