Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
2-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 24.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-порталы) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күн;
2) көрсетілетін қызметті берушінің банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға және жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірмені жолдауы – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы оң шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн;
3) көрсетілетін қызметті алушының жобасын веб-портал арқылы қарау-өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн;
4) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
5) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз/электронды түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушісі уәкілетті органының отырысы хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз/электронды түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасымалдағышта жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды нысанда ресімделеді және басылып шығарылады.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-дан 19.00-ға дейін, сағат 13.00-дан 15.00-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) веб-портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Казақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші, екінші және үшінші бағыттары/ «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі – Тетік) бойынша;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнама;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөртаңбамен (болған жағдайда) расталған көшірмесі, көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу туралы хабарлама:
кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары:
меншікті қаражаттың (ақшаның, жылжымалы/жылжымайтын мүліктің) және/немесе үшінші тұлғалардың мүлкінің 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден астам кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша) жобасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің осындай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының 10% - ынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етілуі тиіс);
көрсетілетін қызметті беруші субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін табыстың өсуіне қол жеткізу және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10% – ға ұлғайту жөніндегі кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде/бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкер-шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша қатысуға өтініш беру жағдайларына қолданылады);
салық есептілігі деректерінің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе көрсетілетін қызметті беруші субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін табыстың 10% - ға өсуіне қол жеткізу шарты (осы абзацтың талабы субсидиялау тетігі шеңберіндегі жобаларға қолданылады);
орташа кәсіпкерлік субъектісі – кәсіпкердің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмесі, табыстың 20% - ға өсуі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық есептілігінің көшірмесі қоса беріледі. Кәсіпкерлік қызметті 3 (үш) жылдан кем жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі үшін ұсынылады (бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда);
өтініш берген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген, есепке алу Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы оған келесі электрондық құжаттар топтамасы қоса беріледі:
көрсетілетін қызметті алушының жобасын іске асырудың бизнес-жоспарының не жоба бойынша сараптамалық қорытындысының электрондық құжаттар топтамасы қоса беріледі (банктің/лизингтік компанияның тиісті қызметкерінің техникалық-экономикалық қорытындысы/экономикалық қорытындысы). Осы құжаттар болмаған жағдайда, жобаның мәнін ашатын құжаттар ұсынылады;
тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің электрондық құжаттар топтамасы (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда);
соңғы есепті кезеңдегі валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттардың электрондық құжаттар топтамасы (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда);
Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда көрсетілетін қызметті алушының кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банктің/даму банкінің/лизингтік компания хатының сканерленген көшірмесінің электрондық құжаттар топтамасы қоса беріледі.
Қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) қолдаухатпен екінші деңгейдегі банкке, Даму банкіне, лизингтік компанияға жүгінеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде айқындалады.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы деректерді алу техникалық мүмкін болмаған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды сұратады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы/Тетік шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
жеке тұлғалардың – аты-жөні, тегі, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғалардың – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымның қаралу нәтижесі туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс түрінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне
субсидия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту
қоры» акционерлік қоғамының
өңірлік филиалының директоры»
_________________________
_________________________
Көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса )
№ __________ Сауалнама - өтініш
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына/«Қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігіне (бұдан әрі – Тетік) сәйкес сізден – кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органының қарауына енгізуге бастамашылық етуіңізді сұраймын._____________________ төмендегілерге сәйкес:
1. Бағдарламаның бағыттары (бағытты V белгісімен белгілеңіз)
|
«Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау» деген бірінші бағыт
|
|
«Экономиканың басым салаларындағы және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» деген екінші бағыт
|
|
«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» деген үшінші бағыт
|
|
Тетік шеңберінде басым жобаларды кредиттеу
|
2. Кредиттік желіні ашу/банктік қарыз беру туралы мәліметтер
Банк атауы
|
|
Кредиттің нысаналы мақсаты
|
|
Кредит/лизингсомасы
|
|
Сыйақы мөлшерлемесі
|
|
Кредит валютасы
|
|
Кредит/лизинг мерзімі
|
|
Жеке қатысуы*
|
|
*180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден астам кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті алушы жобаны іске асыруға өз қаражаты (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде жобаны іске асырудың жалпы құнының 10% - нан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуды қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, осы мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
Бұл ретте сомасы 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
3. Кредит қаражатты болжамды игеру
Сомасы (Банктік қарыз шарты (БҚШ)/Транш)
|
Ай/Жыл
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Қатысушы туралы мәлімет
Көрсетілетін қызметті алушының атауы
|
|
Құрылтайшылар туралы деректер
|
|
Заңды мекенжайы
|
|
Нақты мекенжайы
|
|
Пошталық мекенжайы
|
|
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөртаңбамен (болған жағдайда), расталған көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу туралы хабарлама.
|
|
Қызмет түрлері
|
|
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания
|
|
Жұмыс тәжірибесі
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
|
Лауазымы
|
|
Жұмыс/үй телефон нөмірі
|
|
Туған жылы мен жері
|
|
Жеке басты куәландыратын құжатының №
|
|
Тұрғылықты (нақты) жері
|
|
Тіркелген жері
|
|
Жұмыс тәжірибесі
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
|
Жұмыс/үй телефон нөмірі
|
|
Туған жылы мен жері
|
|
Жеке басты куәландыратын құжатының №
|
|
Тұрғылықты (нақты) жері
|
|
Тіркелген жері
|
|
Жұмыс тәжірибесі
|
|
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, телефоны)
|
|
(құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін - акциялардың 5% және одан көп пайызын иеленетін акционерлер)
Атауы/Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
Пайыз %
|
Деректемелері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат
Сала (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кодқа сәйкес)/
Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ)
|
|
Кіші сала (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кодқа сәйкес/ Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ)
|
|
Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері
|
|
Жылдық айналым
|
|
Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын
|
|
Қызметкерлердің / оның ішінде әйелдердің нақты саны
|
|
Жобаның атауы (қысқаша сипаттама)
|
|
Жобаныіске асыру орны (облыс, қала)
|
|
Жұмыс орындарының саны
|
|
8. Банктік шоттар туралы ақпарат
Банктік деректемелер (қызмет көрсететін барлық банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарының барлығын көрсету ):
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының жұмыс процесінде пайдаланылған, қазіргі уақытта өтелген және өтелмеген барлық банктік несие, лизингтік мәмілелер көрсетіледі.
Кредитор/Лизинг беруші
|
Сомасы
|
Берілген күні
|
Сыйақыны өтеу шарттары
|
Негізгі борышты өтеу шарттары
|
БҚШ/ҚЛШ бойынша өтеу мерзімі
|
Нақты өтеу күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
10. Қолданыстағы кредиттер /қолданыстағы лизингтер туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы: ____ /_____
№ р/с
|
Банк/ лизингтік компания
|
Банктік қарыз шартының (БҚШ)/қаржы лизингі шартының (ҚДШ) деректемелері (№ , күні)
|
Сыйақы мөлшерлемесі, % теңге
|
Кредит/лизинг валютасы
|
Кредит/лизинг сомасы
|
Көрсетіл-генкүнге негізгі борыш бойынш берешек қалдығы
|
Кредит/лизинг мерзімі аяқталатын күн
|
Кредит/лизинг мақсаты (қысқаша сипаттама)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат
№ р/с
|
Мемлекеттік бағдарлама атауы /мемлекеттік қолдау шаралары
|
Мемлекеттік даму институтының атауы
|
Қосымша ақпарат
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
12. Кепілдіктер мен келісімдер
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды мәлімдейді және кепілдік береді:
1. Осы өтінішпен бірге көрсетілетін қызметті берушіге не көрсетілетін қызметті берушінің сұраутуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің алғашқы талабы бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат пен құжаттарды беруге және жария етуге міндеттенемін.
3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес.
4. Көрсетілетін қызметті алушы жалған, толық емес және (немесе) шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
5. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің жарғылық құзыретінің осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылатындығына келісемін, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарға келісімін береді:
1. Көрсетілетін қызметті беруші осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидия алу үшін ғана беріледі.
3. Көрсетілетін қызметті беруші қөрсетілетін қызметті алушы өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде де, көрсетілетін қызметті берушіде сақталады.
4. Көрсетілетін қызметті беруші осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және) көрсетілетін қызметті берушінің субсидия беру немесе көрсетілетін қызметті алушы жұмсаған шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейіннен көрсетілетін қызметті берушіге наразылық білдірмеймін.
____________________________________________________
____________________________________________________
(бағыты бойынша көзделген құжаттар) (Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)____________________»