Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
3-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 24.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады».
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін:
1) 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеге (бұдан әрі – млн. теңге) - дейінгі кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті беруші Банктен құжаттарды алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күн;
Егер көрсетілетін қызметті алушының және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың көрсетілетін қызметті берушінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша жиынтық берешегі 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден асатын болса, онда келесі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
2) 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша – көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктен/Даму Банкінен (бұдан әрі – Банк) құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күн.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, анықталған ескертулерді көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін Банкке жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.
1) 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеге дейінгі кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті беруші Банктен құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн;
2) 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті беруші Банктен құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күн.
Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарға ескертулері болған жағдайда оларды жою үшін ескертулерді және/немесе ақпарат ұсыну және/немесе қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беру туралы сұрату жіберуі – 3 (үш) жұмыс күн. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.
Банк көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыдан электрондық өтінімді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.
3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 (отыз) минут;
4) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-1 (бір) сағат.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз/электронды түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала кепілдік хаты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз/электронды түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбамен және уәкілетті адамының қолымен расталады.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
1) 2015 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап – жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) веб-портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Казақстан Республикасының заңына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Көрсетілетін қызметті алушыны кепілдік сомасын есептей отырып кредитеу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хаты;
3) көрсетілетін қызметті алушының кредиттік есеп алуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімі;
4) көрсетілетін қызметті алушының кредит бюросына ақпарат беруге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімі;
5) көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін көрсетілетін қызметті берушінің жинауына және өңдеуіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның келісімі;
6) кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі;
7) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөртаңбамен (болған жағдайда) расталған көшірмесі), көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу туралы хабарлама.
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұратуы нысанындағы өтініш;
2) кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін электрондық нысанда алуға келісімі;
3) оның жеке деректерін электрондық нысанда жинауға және өңдеуге келісімі;
4) кепілдік сомасын есептей отырып кредиттеу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі);
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/ анықтама (көрсетілетін қызметті алушының қолымен) және мөртаңбамен (болған жағдайда) расталған көшірмесі)/көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу туралы хабарлама.
Бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар/жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерден алады.
Деректерді «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу техникалық тұрғыдан мүмкін емес болған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан сұратады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда, кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу форматында расталады. Келісу нысаны барлық қатысушыларға және басшыға порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Келісуді растау үшін келісу нысанына қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою талап етіледі.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жасалады.
Шағым қағаз нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен, сондай-ақ веб-портал арқылы электрондық түрде жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.economy.gov.kz
2) веб-портал–www.egov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда, портал арқылы электронды нысанда ала алады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдың «жеке кабинет», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының байланыс телефоны: 1414.
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері бойынша
кепілдіктер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту
өңірлік филиалының директоры
___________________________
__________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)
Мен,_______________________________________, (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) – (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 20 _жылғы¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬___ акционерлік қоғамның уәкілетті органы «________________________» (банктің атауы) _______ (__________________________________) теңге мөлшерінде, ____ (___)ай мерзімге _____ (________)% кредиттік желі ашу/банктік қарыз беру туралы оң шешім қабылдағанын хабарлаймын:
Кредит беру мақсаты_____________________________________________
Мен кредиттік желі/банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде мына мүлікті ұсындым:
1) ___________________________________________________________,
(объектінің атауы, жалпы ауданы, салынған жылы, орналасқан жері, нарықтық құны, теңгемен)
2)___________________________________________________________,
(автокөлік құралы, шығарылған жылы, техникалық ерекшелікке сәйкес сипаттамалары, нарықтық құны теңгемен).
3) ___________________________________________________________.
басқа мүлік (оның ішінде, атауын, сипаттамаларын, орналасқан жерін және тағы басқа көрсете отырып)
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Сізден__________ (___________________) теңге мөлшерінде _ _ _ _ айға дейінгі мерзімге кепілдік беру мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын. Бекітілген кредиттік желі/банктік қарыз шеңберінде кредиттер берілмеген.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына кепілге берілген мүлікке талап қоюға «___________________» (Банктің атауы), сондай-ақ акционерлік қоғам алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету болып табылмайтын мүлік бойынша талап қоюға «____________________» (Банктің атауы) келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушы ___________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Қолы _______________________ Мөртаңбанің орны (болған жағдайда)
Ескертпе: портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда өтініш порталда көрсетілген нысан бойынша ресімделеді.
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері бойынша
кепілдіктер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушының кредит есебін алуға келісімі
_____жылғы «____» ________ жергілікті уақыт ___ сағат ___ минут
Жеке тұлға үшін _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні және жері, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және күні)
Заңды тұлға үшін ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес толық атауы, орналасқан жері, тіркеу нөмірі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу заңнамасы бойынша сәйкестендіру үшін ресми пайдаланылатын өзге де сәйкестендіру нөмірі)
кредиттік бюролардағы және болашақта кредиттік бюроларға түсетін оның қаржылық және мүліктік сипаттағы басқа да міндеттемелеріне қатысты ол туралы ақпарат осы келісімді қабылдаған кредиттік бюролардан ақпарат алушыға ашылатынына келісім береді. _______________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының мөртаңба (болған жағдайда) мен қолы ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (жеке тұлға үшін: өз қолымен тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі), жеке қолы қойылады; заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, егер тұлға сенімхат негізінде заңды тұлға атынан әрекет етсе сенімхаттың түпнұсқасын қоса бере отырып, сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, осы келісімге қол қоюға заңды тұлға уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылады)
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы ___________________________________________________________________ Филиал директорының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мөртаңба және қолтаңбасы) ___________________________________________________________________ (осы келісімді қабылдаған ұйымның атауы; осы келісімді қабылдауға уәкілетті адамның тегі, аты-жөні және қолы).
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері бойынша
кепілдіктер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушының кредиттік бюроға ақпарат беруге келісімі
____жылғы «___» _______ жергілікті уақыт ___ сағат __ минут Жеке тұлға үшін ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні және жері, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні) Заңды тұлға үшін ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес толық атауы, орналасқан жері, тіркеу нөмірі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу заңнамасы бойынша сәйкестендіру үшін ресми пайдаланылатын өзге де сәйкестендіру нөмірі)
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамындағы» оның қаржылық және мүліктік сипаттағы басқа да міндеттемелеріне қатысты ол туралы, _______________________________________________________ (ақпарат көзінің (дерінің) атауын көрсету. Егер келісім барлық ықтимал көздерден ақпарат ұсынуға берілетін болса бұл туралы «барлық ықтимал көздерден ақпарат көздерінде» деген белгі қою кажет) және болашақта көрсетілген көз (дер) ге түсетін _________________________________________________________ ақпарат (көрсетілетін қызметті алушының мөртаңба (болған жағдайда) және қолы) (болашақта түсетін ақпаратты ашуға келісім берген жағдайда қол қою қажет; болашақта түсетін ақпаратты ашуға келіспеген жағдайда сызықша қою қажет) барлық кредиттік бюроларға (егер осы келісімді ресімдейтін ақпаратты жеткізуші «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573 Заңы (бұдан әрі-Заң) 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық кредиттік бюроларға ақпаратты ұсынады) немесе ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ кредиттік бюроларға берілетіндігіне осы келісімді береді (егер осы келісімді ресімдейтін ақпаратты жеткізуші) Заңның 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті емес болса кредиттІк бюроның атауы көрсету). _______________________________________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының (мөртаңба (болған жағдайда) мен қолы) __________________________________________________________________ (жеке тұлға үшін: өз қолымен тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі, жеке қолы қойылады; заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, сенімхаттың түпнұсқасын қоса бере отырып, егер тұлға заңды тұлғаның атынан сенімхат негізінде әрекет етсе, сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, осы келісімге қол қоюға заңды тұлға уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылады.) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Филиал директорының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (мөртаңба мен қолы) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (осы келісімді қабылдаған ұйымның атауы; осы келісімді қабылдауға уәкілетті адамның тегі, аты-жөні және қолы ).
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері бойынша
кепілдіктер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерін көрсетілетін қызметті берушінің жинауына және өңдеуіне келісімі
___________жылғы «___» ______жергілікті уақыт ____сағат ____минут ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты ( болған жағдайда), туған күні және жері) ____________________________________________________________________ (тұрғылықты жері, тіркеу орны бойынша мекенжайы) ____________________________________________________________________ (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және күні) Тартылатын кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Қордың ішінара кепілдік беруі туралы мәселені қарауға байланысты «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңына сәйкес, оның қаржылық және басқа мүліктік сипаттағы міндеттемелеріне қатысты ақпаратты, оның ішінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қор) алдағы уақытта түсетін ақпаратты қоса алғанда оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге осы келісімді береді.___________________ ( қолы) (болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға келісім берген жағдайда, қол қою қажет; болашақта түсетін ақпаратты ашумен келіспеген жағдайда, сызықша қою қажет), ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ (өз қолымен тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі, жеке қолы қойылады) ____________________________________________________________________ (осы келісімді қабылдаған құрылымдық бөлімшенің/өңірлік филиалдың атауы) ____________________________________________________________________ (осы келісімді қабылдауға уәкілетті адамның тегі, аты-жөні және қолы)