• Мое избранное
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубациялау аясында жаңа бизнес-идеяларды және индустриалық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына 4-қосымша

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубациялау аясында жаңа бизнес-идеяларды және индустриалық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 760 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 жылғы № 281 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 жылғы № 118 Бұйрығымен (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.04.2019 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2021 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 24.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубациялау аясында жаңа бизнес-идеяларды және индустриалық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі және «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады;.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 29 (жиырма тоғыз) жұмыс күн;
бизнес-инкубациялау аясында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне гранттар беру бойынша:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 89 (сексен тоғыз) жұмыс күн;
2) ) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз/электронды түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: грант беру туралы шарт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз/ электронды түрінде.
7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
1) 2015 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап – жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) веб-портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Казақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант алу үшін өтінім;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;
3) өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама;
4) басшының қолымен және өтініш берушінің мөртаңбамен (болған жағдайда) расталған, өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;
5) бизнес-жоба;
6) көрсетілетін қызметті алушының Бағдарлама және (немесе) «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оқудан өткендігін растайтын құжаттың ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын көшірмесі;
7) көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
8) көрсетілетін қызметті алушының атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адамның паспортының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға растаған).
Бизнес-инкубациялау аясында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім
2) өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоба;
4) өкілге сенімхат (қажет болған жағдайда).
Веб-порталда:
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға электрондық өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының Бағдарлама және (немесе) «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оқудан өткендігін растайтын құжаттың ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар.
Бизнес-инкубациялау аясында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға электрондық өтінім;
2) Бағдарламаны іске асыруға қатысуға конкурстық іріктеуден өткен бизнес-инкубатормен резиденттік туралы келісім;
3) көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме.
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) және веб-порталда тіркеу нөмірі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және (немесе) жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама бойынша мәліметтер, заңды тұлға/жеке кәсіпкер қызметінің түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатылары туралы, сондай-ақ тоқтатылған қызмет туралы мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы/ болуы туралы мәліметтер, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы автоматты түрде тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден анықталады.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы деректерді алу техникалық мүмкін болмаған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды сұратады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубациялау аясында жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады;
11. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
жеке тұлғаның - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымның қаралу нәтижесі туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс түрінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде бизнес-инкубациялау
аясында жаңа бизнес-идеяларды
және индустриялық-инновациялық
жобаларды іске асыру үшін шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік
гранттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім
 ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), паспорт деректері) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; көрсетілетін қызметті алушының тұратын жері) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (қала (аудан) кодын көрсете отырып байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (банктік деректемелер) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (салық салу жүйесін көрсету) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (экономика саласын көрсету, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды (ЭҚЖЖ) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (өтінім берілген кездегі жалдамалы қызметкерлердің санын орташа көрсету) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (ұйым басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс телефоны) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (жобаның жауапты орындаушысы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс телефоны)
ісін жаңа бастаған кәсіпкерлік субъектілеріне (өз бизнесін ашуға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді.
Көрсетілетін қызметті алушы конкурс шарттарымен танысты және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубациялау аясында жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Р/с №

Заңды тұлға

бет саны

р/с №

Жеке кәсіпкер

Бет саны

1

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі


 

1

Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі


 

2

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама


 

2

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама


 

3

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен расталған анықтама


 

3

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен расталған анықтама


 

4

Бизнес-жоба


 

4

Бизнес-жоба


 

5

Көрсетілетін қызметті алушының Бағдарламаның және/немесе «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі


 

5

Көрсетілетін қызметті алушының Бағдарламаның және/немесе «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі


 

6*

Өкілге сенімхат


 

6*

Өкілге сенімхат


 

7

Көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында қаржы қаражатының бар екендігін растайтын банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар


 

7

Көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында қаржы қаражатының бар екендігін растайтын банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар


 

* қажет болған жағдайда толтырылады

Үміткер _____________________________________________________ _________________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

20___ жылғы «___» _________________ «___» өтінім № сағат «___» минут

Мен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.
Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің және Конкурстық комиссияның мәліметтерді тексеруіне қарсы емеспін.
Көрсетілетін қызметті алушы осы өтінімге қол қою арқылы мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:
1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне осы өтініммен бірге берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін дереу хабардар етуге міндеттенемін.
2. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің бірінші талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенеді.
3. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
4. Көрсетілетін қызметті алушыға жалған, толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.
5. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін көрсетілетін қызметті алушы растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы арқылы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынаған келісім береді:
1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
2. Осы өтінімде қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар алу үшін ғана ұсынылды.
3. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілетін қызметті алушы өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және өтінімнің түпнұсқасы мемлекеттік грант берілмесе де, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталатын болады.
4. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің нысаналы грант беру немесе көрсетілетін қызметті алушы шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Нысаналы грант беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін, кейіннен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне наразылық білдірмеймін.
  _______________________ ____________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының (қолы) (қолының толық жазылуы)
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
бизнес-инкубациялау аясында
жаңа бизнес-идеяларды және
индустриялық-инновациялық
жобаларды іске асыру үшін шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік
гранттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Өтінім

Р/с №

Қажетті ақпарат (өтінім беру кезінде өзектілендірілген)

Өтінім беруші туралы мәліметтер

1.

Ұйымның толық және қысқартылған атаулары: ұйымдық-құқықтық нысаны,

заңды тұлғаның атауы;

басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) төлқұжат деректері


 

2

Тіркеу деректері: Заңды тұлғаны тіркеу күні, орны және органы (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік негізінде),

Құрылтайшылары:


 

3

Байланыс деректері:

заңды мекенжайы;

пошта мекенжайы;

байланыс телефоны;

е-mail;

web-сайты (болған жағдайда);

басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және оның ұялы телефонының нөмірі.


 

4

Банктік деректемелер


 

5

Кредиторлық және салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер


 

6

Жобаның атауы


 

7

Қызмет түрі: (өндіру, сату, көрсетілетін қызметтер)


 

8

Жоба командасының жұмыс тәжірибесі, оның ішінде ұсынылатын қызмет бағыты бойынша тәжірибе


 

 (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып атынан өтініш берушінің атауы) атынан _____________________________________________________________________ (лауазымның атауы, уәкілетті тұлғаның, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне грант ұсыну бойынша іріктеуге қатысуға келісетіні туралы хабарлайды. Мен осы өтінімде көрсеткен барлық ақпарат дұрыс және өтінім берілген кезде өзекті болып табылатынын растаймын. Осы өтінімге ұсынылатын құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттардың көшірмелерін қоса беремін. Өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (толығымен): ____________________________________________________ Қолы: _________________ Күні: ____________ * өтінімнің әр бетіне қол қою қажет Мөртаңба орны (болған жағдайда)
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
бизнес-инкубациялау аясында жаңа
бизнес-идеяларды және индустриялық-
инновациялық жобаларды іске асыру
үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
мемлекеттік гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Бизнес-жоспар
1-тарау. Жалпы мәліметтер
1.1. Жобаның атауы.
1.2. Өтініш берушінің атауы (толық және қысқартылған).
1.3. Жарғылық капиталды бөлу.
1.4. Орналасқан орны, заңды мекенжайы туралы мәліметтер.
1.5. Сайт (болған жағдайда).
1.6. Жобаны іске асыру үшін негізгі құралдардың және қажетті алаңдардың болуы.
1.7. Шығаруға ұсынылатын өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) немесе бизнес-процесс.
1.8. Грант алған кезден бастап жобаны іске қосудың болжамды мерзімі.
2-тарау. Жобаның технологиялық құрамдас бөлігі
2.1. Жобаны іске асыру шеңберінде құрылатын өнімнің негізгі сипаттамалары (функционалдық мақсаты, негізгі тұтыну сапалары мен өнім параметрлері).
2.2. Шешімдер жобаларында ұсынылған жаңалық.
2.3. Патенттердің және жоба тақырыбы бойынша өзге де құқық қорғау құжаттарының болуы.
2.4. Жобаның бизнес-процесін не өнім жасаудың сипаттамасы.
2.5. Ресурстармен қамтамасыз ету.
3-тарау. Коммерцияландыру перспективалары
3.1. Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау.
3.2. Жасалатын өнімнің бәсекелестік артықшылығы, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру (1- кесте).
Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы келтіріледі (өндіру үшін ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің аналогтармен салыстырылған техникалық деңгейі мен құны, дереккөздерге сілтемелер):
1-кесте

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

1 аналог

2 аналог


 


 


 


 


 


 


 


 

3.4. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы.
- Өткізу нарықтарының (экспорттық және ішкі) сипаттамасы, оның ішінде: нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы; бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімнің сипаттамасы.
- Нарықтың сандық сипаттамалары (заттай және ақшалай мәндегі жылдық көлем, сұраныстың өсу немесе төмендеу үрдісі).
- Компанияның өнімдері иелене алатын нарықтың әлеуетті үлесінің негіздемесі.
- Зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер.
- Өнімнің әлеуетті тұтынушыларымен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алу дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары).
- Осы нарықта өнімді табысты түрде өткізуге елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалар бойынша өнімнің артықшылығы, нарықтағы бедел, контрагенттермен қарым-қатынас, еңбек ұжымы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге де ерекшеліктер).
4-тарау. Жобаның командасы
4.1. Қызметкерлер саны, олардың қызмет бағыты және түйіндеме мен біліктілікті растайтын құжаттарды (диплом, сертификаттар) қоса бере отырып олардың біліктілігі.
4.2. Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелері мен кәсіпорынның даму көрсеткіштері.
4.3. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Жаңа мамандар тарту схемасы.
5-тарау. Жобаны іске асыру
5.1. Тәуекелдердің ықтимал типі мен көздері, оларды азайту жөніндегі шаралар.
5.2. Кезеңдерін, нақты алынатын нәтижелерін, уақыт аралықтарын және қажетті қаражатты көрсете отырып, жобаны іске асыру жоспары (жобаны қаржыландыру кезеңінде де, аяқталғаннан кейін де осы кезеңде жоспар жасалады) (2-кесте).
2-кесте

Жобаны іске асыру кезеңдерінің атауы

Кезең мерзімі

Кезең құны

Сапалық және сандық нәтижелер


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

6-тарау. Қаржылық жоспар
6.1. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі, оның ішінде инвестициялардың немесе жеке қаражаттың көлемі, қаражат көздері мен оларды алу нысандары (3-кесте).
6.2. Жобаны іске асыру үшін бұрын тартылған қаржыландыру (осы көздерді көрсете отырып).
3-кесте

Жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар

Шығын сомасы (теңге)

Жұмыс-тар кезеңдері

Баға белгілеу бойынша түсіндірме

Қаржыландыру көздері

Есептерде қолданылатын дереккөздер

Шығындар – Барлығы:


 


 


 


 


 

оның ішінде баптар бойынша:


 


 


 


 


 

Басқа да қаржыландыру көздері есебінен шығындар - Барлығы:


 


 


 


 


 

Олардың ішінде:


 


 


 


 


 

Меншікті қаражат


 


 


 


 


 

Басқалар

(қандай екенін көрсету)


 


 


 


 


 

6.3. Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске жұмсалатын шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), Excel форматында көрсеткіштер есептеулері қоса беріледі.
6.4. Excel форматындағы кесте түрінде есептеулерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістер, шығыстар, ақша қозғалысы жоспарының болжамын есептеу. Қызмет түрлері бойынша таратып жаза отырып кірістер бойынша есептер, шығындар баптары бойынша таратып жаза отырып шығындар бойынша есептер.
6.5. NPV, IRR, DPP, PI инвестициялық көрсеткіштерін есептеу, инвестициялық көрсеткіштер есептеулерін Excel форматында қоса беру.
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
бизнес-инкубациялау аясында жаңа
бизнес-идеяларды және индустриялық-
инновациялық жобаларды іске асыру
үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
мемлекеттік гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
Мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысуға электрондық өтінім
 ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), (заңды тұлғаның ұйымдық- құқықтық нысаны, атауы; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), паспорт деректері) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; көрсетілетін қызметті алушының тұратын жері) ____________________________________________________________________ (банктік деректемелер)
1. Жоба туралы деректер

Жобаның атауы


 

Жобаның қысқаша сипаттамасы


 

Жобаны іске асыру орны


 

Қызметтің бейінді бағыттары

(*Жоба облыс орталықтарында, Нұр-Султан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады)


 

Өнімді/қызметті пайдаланушылардың нысаналы


 

Жобаның қайтарымдылық мерзімі


 

Қажетті ақша қаражаты, мың теңге

Меншік қаражаты


 

Грант қаражаты


 

Жобаны іске қосу күні


 

Жер учаскесінің және/немесе үй жайдың болуы (жалдамалы немесе меншік)


 

Қажетті жабдықтардың/қосалқы материалдардың болуы


 

Бизнес-идеялардың жаңашылдығын (ерекшелігі, қолданылуы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, аналогтарының болуы) сипаттаңыз


 

2. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы

Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау


 

Ұсынылатын өнім иелене алатын нарықтың әлеуетті үлесінің негіздемесі


 

Зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер


 

Өнімнің әлеуетті тұтынушыларымен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алу дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары)


 

Осы нарықта өнімді табысты түрде іске асыруға елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалар бойынша өнімнің артықшылығы, нарықтағы бедел, контрагенттермен қарым-қатынас, еңбек ұжымы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге де ерекшеліктер)


 

3. Жобаның командасы:

Жалдамалы қызметкерлер саны


 

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыруға жоспарланған саладағы жұмыс өтілі (тиісті құзыреттіліктің, іскерліктің, дағдылардың немесе білімнің болуы)


 

4. Жобаны іске асыру:

Шығыстардың түрлері

Шығыстар баптарының атауы

Шығыстар сомасы, мың теңге

Меншік қаражат


 


 

Грант қаражаты


 


 

5. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:

Жылдар

Факт

Болжам

ағымдағы жыл

1-жыл

2- жыл

3- жыл

Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам


 


 

-

-

Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге


 


 


 


 

Таза пайда, мың теңге


 


 


 


 

6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің орын алу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалту, оның бүліну және өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кірістерді толық алмау ықтималдығы)


 


 

Маркетингтік (тауардың сатылу көлемінің немесе бағасының төмендеуінен пайданы толық алмау ықтималдығы)


 


 

Салалық (борышкердің саланың экономикалық жағдайының өзгеруі нәтижесінде өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан залал ықтималдығы)


 


 

Бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.
Ұсынған мәліметтерімнің дұрыс екенін растаймын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің және Конкурстық комиссияның мәліметтерді тексеруіне қарсы емеспін.
Мен жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы таныстым.
Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін.
Нысаналы грант беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін.
  _________________ электрондық цифрлық қолтаңба
көрсетілетін қызметті алушы
«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
бизнес-инкубациялау аясында жаңа
бизнес-идеяларды және индустриялық-
инновациялық жобаларды іске асыру
үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша
Нысан
Мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға электрондық өтінім
 ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), паспорт деректері) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; көрсетілетін қызметті алушының тұратын жері, WEB сайт) ____________________________________________________________________ (банктік деректемелер) ____________________________________________________________________ (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)
1. Жоба туралы деректер

Жобаның атауы


 

Жобаның қысқаша сипаттамасы


 

Жобаның іске асырылатын жері, заңды мекенжайы


 

Жарғылық капиталды бөлу құрылтайшылар


 

Өнімдерді/қызметтерді пайдаланушылардың нысаналы аудиториясы


 

Қажетті ақша қаражаты, мың теңге

Меншік қаражат


 

Грант қаражаты


 

Жобаны іске қосу күні


 

Жобаны іске асыру үшін негізгі құралдардың және қажетті алаңдардың болуы


 

Шығаруға ұсынылатын өнім (тауар, қызмет) немесе бизнес-процесс


 

2. Жобаның технологиялық құрамдас бөлігі:

Жобаны іске асыру шеңберінде құрылатын өнімнің негізгі сипаттамалары (функционалдық мақсаты, негізгі тұтыну сапалары мен өнім параметрлері)


 

Шешімдер жобаларында ұсынылатын жаңалық


 

Патенттердің және жоба тақырыбы бойынша өзге де құқық қорғау құжаттарының болуы


 

Жобаның бизнес-процесін не өнім жасаудың сипаттамасы


 

Ресурстармен қамтамасыз ету


 

3. Коммерцияландыру перспективалары:

Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау


 

Жасалатын өнімнің бәсекелестік артықшылығы, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру

*Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы келтіріледі (өндіру үшін ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің аналогтармен салыстырылған техникалық деңгейі мен құны, дереккөздерге сілтемелер):


 

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

1 аналог

2 аналог


 


 


 


 


 


 


 


 

4. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы:

Өткізу нарықтарының (экспорттық және ішкі) сипаттамасы, оның ішінде нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімнің сипаттамасы


 


 

Нарықтың сандық сипаттамалары (заттай және ақшалай мәндегі жылдық көлем, сұраныстың өсу немесе төмендеу үрдісі)


 


 

Компанияның өнімдері иелене алатын нарықтың әлеуетті үлесінің негіздемесі


 


 

Зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер


 


 

Өнімнің әлеуетті тұтынушыларымен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алу дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары)


 


 

Осы нарықта өнімді табысты түрде өткізуге елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалар бойынша өнімнің артықшылығы, нарықтағы бедел, контрагенттермен қарым-қатынас, еңбек ұжымы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге де ерекшеліктер)


 


 

5. Жобаның командасы:

Қызметкерлер саны, олардың қызмет бағыты және түйіндеме мен біліктілікті растайтын құжаттарды (диплом, сертификаттар) қоса бере отырып олардың біліктілігі


 

Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелері мен кәсіпорынның даму көрсеткіштері


 

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Жаңа мамандар тарту схемасы


 

6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің орын алу ықтималдығы

Тәуекелді басқару тәсілдері

Мүліктік (кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалту, оның бүліну және өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кірістерді толық алмау ықтималдығы)


 


 

Маркетингтік (тауардың сатылу көлемінің немесе бағасының төмендеуінен пайданы толық алмау ықтималдығы)


 


 

Салалық (борышкердің саланың экономикалық жағдайының өзгеруі нәтижесінде өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан залал ықтималдығы)


 


 

7. Жобаны іске асыру:

Жобаны іске асыру кезеңдерінің атауы

Кезең мерзімі

Кезең құны

Сапалық және сандық нәтижелер


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

8. Қаржылық жоспары:
1. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі, оның ішінде инвестициялардың немесе жеке қаражаттың көлемі, қаражат көздері мен оларды алу нысандары

Жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар

Шығын сомасы (теңге)

Жұмыс-тар кезеңдері

Баға белгілеу бойынша түсіндірме

Қаржыландыру көздері

Есептерде қолданылатын дереккөздер

Шығындар – Барлығы:


 


 


 


 


 

оның ішінде баптар бойынша:


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Басқа да көздер есебінен шығындар - Барлығы:


 


 


 


 


 

Олардың ішінде:


 


 


 


 


 

Меншік қаражат


 


 


 


 


 

Басқалар

(қандай екенін көрсету)


 


 


 


 


 

2. Жобаны іске асыруға бұрын тартылған қаржыландыру (осы дереккөздерді көрсете отырып):

Көрсеткіштің атауы

Сома, теңге

Қалдық сомасы (өтінім берген кезде), теңге

Банктік кредит (қарыз)


 


 

Қарыз (үлестес компания қарызы) субординацияланған


 


 

Жобаны іске асыруға тартылған ақша қаражатының басқа түрлері


 


 

Мен бұрын бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.
Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің және Конкурстық комиссияның мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін.
Маған жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.
Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін.
Нысаналы грант беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін.
  _________________ электрондық цифрлық қолтаңба
көрсетілетін қызметті алушы