• Менің таңдаулыларым
Байланыс қызметтерін көрсету қағидалары

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген

1-қосымша өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 жылғы № 1162 Бұйрығымен (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-қосымша өзгертілді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 21.11.2017 жылғы № 403 Бұйрығымен (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша өзгертілді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.05.2018 жылғы № 234 Бұйрығымен (21.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша өзгертілді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 31.10.2018 жылғы № 459 Бұйрығымен (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.12.2021 жылғы № 441/НҚ Бұйрығымен (31.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.01.2023 жылғы № 35/НҚ Бұйрығымен (24.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.03.2023 жылғы № 123/НҚ Бұйрығына сәйкес (31.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жоғары оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 03.11.2025 жылғы № 554/НҚ Бұйрығына сәйкес (17.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 2
Байланыс қызметтерін көрсету қағидалары
Редакция 18.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Байланыс қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1-тармағының 19-14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 133) тармақшасына сәйкес әзірленді және байланыс қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.09.2025 жылғы № 477/НҚ Бұйрығына сәйкес (29.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 03.11.2025 жылғы № 554/НҚ Бұйрығына сәйкес (17.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың күші қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген телефон, ұялы байланыс, тіркелген немесе жылжымалы байланыс және технологиялық байланысты қызметтер арқылы Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсететін барлық байланыс операторларына, сондай-ақ осы қызметтердің абоненттеріне және (немесе) пайдаланушыларына қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.02.2024 жылғы № 107/НҚ Бұйрығына сәйкес (31.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.09.2025 жылғы № 477/НҚ Бұйрығына сәйкес (29.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2) абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:
абоненттік нөмірлер және (немесе) пайдаланушылар нөмірлері иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;
биллингтік мәліметтерді (абонент және (немесе) пайдаланушы алған қызметтер туралы мәліметтерді);
техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жерін;
деректер беру желісіндегі мекенжайды;
деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын;
интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін;
деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы мәліметтер;
3) абонентті сәйкестендіру картасы – абонентті сәйкестендіретін және абоненттің ұялы байланыс операторының қызметтеріне (SIM/R-UIM-, USIM-, eSim- карталар және басқалар) қол жеткізуін қамтамасыз ететін, абоненттік құрылғының бір бөлігі болып табылатын жеке қол жеткізудің сәйкестендіру микропроцессорлық модулі (алмалы-салмалы немесе кіріктірілген);
4) абоненттік жол – жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;
5) абоненттік құрылғы – абоненттің көздеген ақпаратын беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
6) абоненттік нөмір – байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу кезінде абонентке пайдалануға бөлінетін нөмір, ол бойынша абоненттік құрылғы сәйкестендіріледі, оның көмегімен басқа абоненттік жабдықпен байланыс орнатылады және абонентті желіде сәйкестендіруге мүмкіндік береді;
7) абоненттік нөмірді көшіру – абоненттің басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде оған ұсынылатын, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді сақтап қалу және пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет;
8) абоненттің жеке шоты (бұдан әрі – жеке шот) – көрсетілетін қызметтердің көлемін, абонентпен жасалған шартқа сәйкес көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу шотына енгізілген ақшаның түсуі мен жұмсалуын есепке алуға арналған байланыс операторының биллинг жүйесіндегі талдамалық есепке алу тіркелімі;
9) абоненттің өтініші – абоненттің операторға жазбаша нысанда, сондай-ақ автоматты қызмет көрсету жүйесі арқылы немесе оператордың анықтамалық-ақпараттық қызметіне, оның ішінде көпфакторлы аутентификацияны пайдалана отырып жүгінуі;
10) автоматты қызмет көрсету жүйесі – абонентке байланыс қызметтерін және олармен технологиялық байланысты қызметтерді, тарифтік жоспарды жеке кабинет арқылы (SMS -, MMS-немесе USSD-сұрау жіберу арқылы) немесе оператор ұсынатын техникалық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы қосу немесе ажырату мүмкіндігін беретін кешенді қызмет көрсету жүйесі;
11) авторизация – нәтижесінде абонентте және (немесе) пайдаланушыда Интернетке қолжетімділік қызметтерін алуға құқықтың болуы белгіленетін, абонент және (немесе) пайдаланушы енгізген аутентификациялық деректерді байланыс операторының серверінде талдау процесі;
12) аймақтық телефон байланысы – жергілікті телекоммуникация желісіне қосылған және бір нөмірлеу аймағы шегінде орналасқан пайдаланушы (түпкілікті) жабдығы арасындағы телефон қосылысы;
13) алдын ала төленген топтама – белгілі бір тарифтік жоспарға бағдарланған бастапқы теңгерімімен абоненттік нөмір;
14) аутентификациялық деректер – Интернетке қол жеткізу қызметтерін және/немесе олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтерді алу құқықтарын растау үшін пайдаланатын абоненттің бірегей логині (login) және паролі (password), аутентификациялық деректер ретінде абоненттік нөмір де пайдаланылуы мүмкін;
15) базалық тарифтік жоспар – абоненттік төлемсіз аванстық есеп айырысу тәртібі бар және ұялы байланыстың негізгі қызметтерін қамтитын тарифтік жоспар;
16) байланыс арнасы – жиіліктер белдеуінде немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен телекоммуникация құралдары арасында сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар - телефон, телеграф, деректер беру арналары, ал аумақтық белгілері бойынша — халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;
17) байланыс жолдары – тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, спутниктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) құрылғылары;
18) байланыс қызметтері – пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;
19) байланыс қызметтерін көрсету – байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі;
20) байланыс қызметтерін пайдаланушы – байланыс қызметтері көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
21) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
22) байланыс операторының әрекет ету аймағы – байланыс операторы өзінің телекоммуникация желісінің мүмкіндіктеріне сәйкес телефон байланысы қызметтерін көрсетуге кепілдік беретін аумақ;
23) биллинг – абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
23-1) биометриялық деректер – дербес деректер субъектісінің физиологиялық және биологиялық ерекшелiктерiн сипаттайтын дербес деректер, олардың негізінде осы субъектінің жеке басын анықтауға болады.
3-тармақ 23-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 03.11.2025 жылғы № 554/НҚ Бұйрығына сәйкес (өзгерту 18.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24) донор-оператор (бұдан әрі – донор) – байланыс желісінен абоненттік нөмірді көшіруді жүзеге асыратын ұялы байланыс операторы;
25) есепке алу кезеңі – күнтізбелік ай, осы кезең ішінде тарифтік жоспарға сәйкес көрсетілген және есептелген байланыс қызметтері және өзге қызметтер;
26) жалғау жолы – телекоммуникациялардың жалғайтын және жалғанатын желілері арасындағы әрекеттестікті қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтың бөліктерін қамтитын техникалық құралдар кешені;
27) жария шартқа қосылу – байланыс операторы мен абонент арасында шарт жасасу тәсілі, бұл ретте қосылатын абонент ұсынылған жария шарттың талаптарын формулярға қол қою арқылы немесе оператор белгілеген нысан бойынша осы қосылу туралы айтылған автоматты қызмет көрсету жүйесін пайдалану арқылы растаудың өзге тәсілімен қабылдайды;
28) жеке кабинет – абоненттің оператордың интернет-ресурсындағы немесе абоненттік құрылғыдағы мобильді қосымшадағы өзіне-өзі қызмет көрсетудің, қызметтерді бақылау мен басқарудың, сондай-ақ абонент және (немесе) пайдаланушы деректерді енгізу арқылы (абоненттік нөмір, пароль, код сөзі және (немесе) кіруі жүзеге асырылатын заңды маңызы бар әрекеттерді жасаудың Автоматты интерфейсі бар дербес бөлімі) көп факторлы аутентификацияны қоса алғанда, өзге де деректер);
29) жергілікті телекоммуникация желісі – елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралдары. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық болып бөлінеді;
30) жергілікті телефон байланысы – телекоммуникацияның бір жергілікті желісі шеңберіндегі абоненттер, пайдаланушылар арасындағы телефон қосылуы;
31) Интернетке жылжымалы байланыс желілері қол жеткізу қызметтері – сағатына 150 км дейінгі ауысу жылдамдығымен байланысты үзусіз бір базалық станцияның бір қолданыс аймағынан басқа аймаққа ауыса отырып, абоненттік құрылғының Интернет желісінде жұмыс істеу мүмкіндігі;
32) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункті – пайдаланушыларға ақылы немесе ақысыз Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету орны;
33) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пунктінің иесі (бұдан әрі – иесі) – Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункті меншікті құқықтарда немесе өзге заңды негіздерде тиесілі жеке немесе заңды тұлға;
34) Интернетке қол жеткізу қызметі – интернет желісін пайдалана отырып, деректерді қабылдау және беру бойынша қызмет;