• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2021 г

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына 1-қосымша

1
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.07.2016 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (19.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 949 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (19.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 949 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) – 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) – 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай беру туралы анықтама беру немесе жылжымайтын мүлік объектілерінің жою туралы анықтама беру – 6 (алты) жұмыс күні, немесе дәлелді бас тарту – 2 (екі) жұмыс күні.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (19.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау бойынша анықтама беру, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай беру туралы анықтама беру, жылжымайтын мүлік объектілерінің жою туралы анықтама беру болып табылады.
осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алуға өтініш білдірген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, басып шығарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде мәлеметтер болған жағдайда, қабылдау қөрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізіледі, ал жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша объекті болмаса, онда қабылдау жеделдетілмеген қызмет көрсетудің «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 949 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (тарихсыз/тарихымен) үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (тарихсыз/тарихымен), мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармағымен көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
Портал арқылы өтініш жасалған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің нәтижесін алудың күні мен мерзімі (егер қағаз түрінде беру қажет болған жағдайда алу орнын көрсету керек) көрсетілген хабарландыру жіберіледі.
Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін кызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12938 болып тіркелген) бірлескен бұйрығы бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларының 10-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болып табылады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (19.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажетілерін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. 
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
4-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Көрсетілетін қызмет алушының тыныс-тіршілігін әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (19.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызмет берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (19.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 жылғы № 453 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының
 аумағында жылжымайтын мүлік
 объектілерінің мекенжайын анықтау
 бойынша анықтама беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 1-қосымша
 _______________________________________________________________
 (Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
 Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)
 Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама
 Справка об уточнении адреса объекта недвижимости
 Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
 ___________________________________________________________ 
 (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)
Тұрақты тіркеу адресі:
Постоянный адрес регистрации:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Мекенжайдың тiркеу коды: Регистрационный код адреса:    
Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:
   
Объектінің санаты:
Категория объекта:
   
Кадастрлық нөмiр:
Кадастровый номер:
   
Тiркеу күнi:
Дата регистрации:
   
Негіздеме құжат:
Документ основание:
   
Берілген күні:
Дата выдачи:
   
 _______________________________________________________________
 (Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
 Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)
 Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы
 анықтама
 Справка об уточнении адреса объекта недвижимости
 Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
 ___________________________________________________________
 (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)
Мұрағаттық мекенжай:
Архивный адрес:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан, наименование города республиканского значения/области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Өзгертілді:
Изменен на:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан, наименование города республиканского значения/области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Мекенжайдың тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:
   
Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:
   
Объектінің санаты:
Категория объекта:
   
Кадастрлық нөмiр: Кадастровый номер:    
Өзгерістерді тiркеу күнi:
Дата регистрации изменения:
   
Негіздеме құжат:
Документ основание:
   
Берілген күні:
Дата выдачи:
   
 _______________________________________________________________
 (Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
 Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)
 Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы
 анықтама
 Справка о присвоении адреса объекту недвижимости
 Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
 ___________________________________________________________
 (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)
 
Тұрақты / алдын ала тiркеу жекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Мекенжайды тiркеу коды: Регистрационный код адреса:    
Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:
   
Объектінің санаты:
Категория объекта:
   
Кадастрлық нөмiр: Кадастровый номер:    
Тiркеу күнi:
Дата регистрации:
   
Негіздеме құжат:
Документ основание:
   
Берілген күні:
Дата выдачи:
   
 _______________________________________________________________
 (Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
 Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)
 Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы
 анықтама
 Справка об упразднеии адреса объекту недвижимости
 Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
 ___________________________________________________________
 (жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)
Тұрақты / алдын ала тiркеу мекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы, ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан, наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Мекенжайды тiркеу коды: Регистрационный код адреса:    
Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:
   
Объектінің санаты:
Категория объекта:
   
Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:
   
Жойылу күні:
Дата упразднения:
   
Негіздеме құжат:
Документ основание:
   
Берілген күні:
Дата выдачи:
   
«Қазақстан Республикасының
 аумағында жылжымайтын мүлік
 объектілерінің мекенжайын анықтау
 бойынша анықтама беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 2-қосымша
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
 облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың бас
 сәулетшісі ___________________________________
 _______________________________________________
 (Т.А.Ә. немесе заңды атауы және (немесе) сенімхат)
 ________________________________________________
 (Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес
 сәйкестендіру нөмірі (БСН) мекенжайы
 ________________________________________________
 (заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері)
 байланыстары____________________________________
 (электрондық мекенжайы, тел.)
         (облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)
мекенжай(ын) (тарихсыз/тарихымен) нақтылауды, (тұрақты/алдын ала) беруді, (тұрақты/алдын ала) жоюды сұраймын. (қажеттісінің астын сызыңыз)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
«Қазақстан Республикасының
 аумағында жылжымайтын мүлік
 объектілерінің мекенжайын анықтау
 бойынша анықтама беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 3-қосымша
______________________________________________
 (Тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты
 (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не көрсетілетін қызметті
 алушы ұйымының атауы)
 _______________________________________________
 (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: