Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11361 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 77) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуы қағидалары бекітілсін
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Т. Дүйсенова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 13 мамырдағы
№ 344 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуы қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрі – халық) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 1-бабы 99-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – Кодекс) бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмек көлемі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу тәртібі
Toggle Dropdown
3. Кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:
Toggle Dropdown
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
Toggle Dropdown
2) мыналарды:
Toggle Dropdown
медициналық-санитариялық алғашқы көмекті;
Toggle Dropdown
медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын әлеуметтік мәні бар аурулар, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі амбулаториялық-емханалық көмек;
Toggle Dropdown
3) әлеуметтік мәні бар аурулар, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі уәкілетті орган айқындаған емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
Toggle Dropdown
медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының немесе медициналық ұйым жолдамасының болғанына қарамастан шұғыл көрсетілімдері бойынша стационарлық көмек;
Toggle Dropdown
4) әлеуметтік мәні бар аурулар, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде, медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
Toggle Dropdown
5) профилактикалық екпелер кіреді.
Toggle Dropdown
1-параграф. Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация түріндегі медициналық көмек алу тәртібі
Toggle Dropdown
4. Жедел медициналық көмек Кодекстің 10-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары халықтың санын, тығыздығын және жас ерекшелік құрамын, құрылыс ерекшелігін, аудандардың өндірістік кәсіпорынмен қамтылуын, ірі ауыл шаруашылығы кешенін, жол магистралдарының жағдайы мен болуын, қарқынды қозғалысты және аудандардың басқа да ерекшеліктерін есепке ала отырып халыққа жедел медициналық көмекті ұсынады.
Toggle Dropdown
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел медициналық көмек:
Toggle Dropdown
1) шұғыл көрсетілімдер бойынша медициналық көмек көрсетуді;
Toggle Dropdown
2) шұғыл көрсетілімдер бойынша пациенттерді, медициналық ұйымдарға жеткізуді, сондай-ақ ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді кейіннен транспланттау үшін тиісті медициналық ұйымдарға жеткізуді;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар көпшілік іс-шараларды (қоғамдық, мәдени-көпшілік, спорт және басқа) медициналық қамтамасыз етуді қамтиды.
Toggle Dropdown
5. Санитариялық авиация пациенттің орналасқан жері бойынша медициналық ұйымда тиісті біліктілігі бар мамандардың және (немесе) медициналық жабдықтардың болмауына не науқастың тасымалданбауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде, халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін, сондай-ақ ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді кейіннен тиісті медициналық ұйымға транспланттау үшін әуе және жер үсті көліктерімен ұсынылады.
Toggle Dropdown
Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация түріндегі медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдегі № 450 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2-параграф. Әлеуметтік мәні бар аурулар, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі амбулаториялық-емханалық көмек алу тәртібі
Toggle Dropdown
6. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін:
Toggle Dropdown
1) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да кезек күттірмейтін жағдайларды диагностикалау мен емдеуді;
Toggle Dropdown
2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға (профилактикалық) қарсы iс-шараларды;
Toggle Dropdown
3) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды;
Toggle Dropdown
4) халықты қауіпсіз сумен жабдықтау және оңтайлы тамақтану бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылаусыз, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек түрінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың қызметі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.
Toggle Dropdown
МСАК көрсету және МСАК ұйымдарына тіркеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
7. Консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) тәулік бойы медициналық бақылаусыз, мамандандырылған медициналық көмек нысанында керсетіледі. Бейінді маманның консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуі МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша жүзеге асырылады және консультациялық-диагностикалық көмекті:
Toggle Dropdown
1) консультациялық-диагностикалық орталықтар;
Toggle Dropdown
2) консультациялық-диагностикалық емханалар;
Toggle Dropdown
3) консультациялық-диагностикалық бөлімшелер көрсетеді.
Toggle Dropdown
КДК халыққа ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3-параграф. Стационарлық медициналық көмек алу тәртібі
Toggle Dropdown
8. Стационарлық медициналық көмек дәрігерге дейінгі, білікті, мамандырылған медициналық көмек нысанында, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық кызметтерді қолдана отырып медициналық бақылаумен ұсынылады.
Toggle Dropdown
Пациентті ТМККК шеңберінде стационарға емдеуге жатқызу:
Toggle Dropdown
1) жоспарлы тәртіппен – МСАК немесе медициналық ұйымдар мамандарының жолдамасы бойынша;
Toggle Dropdown
2) шұғыл көрсетілімдері бойынша – жолдаманың болу-болмауына қарамастан өз бетінше жүгінген кезінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Пациент стационарға емдеуге жатқызылған жағдайда «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген 003/е нысан бойынша тағайындау парағы бар медициналық картасы (бұдан әрі – медициналық карта) рәсімделеді.
Toggle Dropdown
Халыққа стационарлық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4-параграф. Стационарды алмастыратын медициналық көмек алу тәртібі
Toggle Dropdown
9. Стационарды алмастыратын көмек дәрігерге дейінгі, білікті, мамандырылған медициналық көмек нысанында, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық кызметтерді қолдана отырып, медициналық бақылаумен ұсынылады.
Toggle Dropdown
Стационарды алмастыратын көмек әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) Аурулардың тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Күндізгі стационарлардағы стационарды алмастыратын көмекті амбулаториялық-емханалық, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері, үйдегі стационарларда – амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері ұсынады.
Toggle Dropdown
ТМККК шеңберінде күндізгі стационар және үйдегі стационар жағдайында ұсынылатын стационарды алмастыратын көмек осы пациентті емдеу үшін зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелері және қажетті бейінді мамандардың консультацияларымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ұсынылады. Шұғыл көрсетілімдер бойынша стационарды алмастыратын көмек – жолдаманың болу-болмауына қарамастан көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Стационарды алмастыратын көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5-параграф. Профилактикалық екпе алу тәртібі
Toggle Dropdown
10. Халық инфекциялық және паразитарлық ауруларға қарсы профилактикалық екпені тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тұрғылықты жері бойынша МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу орыны бойынша алады.
Toggle Dropdown
Профилактикалық екпелерді ересектерге және (немесе) балаларға медициналық-санитариялық алғашқы көмек, консультациялық-диагностикалық көмек және (немесе) стационарлық медициналық көмек көрсетуге лицензиясы бар заңды тұлғалар жүргізеді.
Toggle Dropdown
Профилактикалық екпелер жасаудың ұйымдастырылуын медициналық ұйымдардың басшылары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Профилактикалық екпелер медициналық ұйымдарың және (немесе) білім беру ұйымдарының арнайы жабдықталған екпе кабинеттерінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Профилактикалық екпелер жүргізілетін кабинет жедел және шокқа қарсы терапия үшін қолдану нұсқаулықтары бар жиынтықпен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
Профилактикалық екпелер алу тәртібі «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.