• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысы

Редакция 31.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) және ұйымдар:
1) жоспарды уақтылы орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) есепті жартыжылдықтан кейінгі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.09.2016 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 наурыздан және 1 қыркүйектен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.09.2016 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 30 мамырдағы
 № 393 қаулысымен
 бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ МЕН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ПЕРСПЕКТИВАҒА АРНАЛҒАН БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
1 Негізгі тұжырымдар
Мықты қаржы орталығын құру Қазақстан Республикасы экономикасының одан әрі өсуін және Орталық Азия өңірінде және Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) шеңберінде экономикалық және саяси қатысуды өсіруді қамтамасыз етудің негізгі талаптарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының орта мерзімді перспективада «Астана» халықаралық қаржы орталығын – Astana International Financial Centre (бұдан әрі – Орталық немесе АХҚО) қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін қажетті ішкі және сыртқы бәсекелесе алатын артықшылықтары (географиялық орналасуы, экономикалық және саяси тұрақтылық, қолайлы салық ахуалы, сыртқы басқару үшін қолжетімді мемлекеттік қорлар көлемінің көптігі, ЕАЭО-ның Қазақстанда бірыңғай қаржы реттеушісін қалыптастыру туралы шешімі) бар.
Орталық Азия өңірі және ЕАЭО үшін Қазақстанда мұндай Орталықты негізгі қаржы орталығы ретінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының көлеміне сәйкес келетін ең алдымен күшті жергілікті қаржы секторын және капитал нарықтарын құруға бағытталған ағымдағы міндеттердің шешілуіне қарай қалыптастыруға болады.
Орталықты қалыптастырудың негізгі бағыты – жергіліктіден халықаралыққа: Нұр-Сұлтан жергілікті инвесторлар мен эмитенттердің мүдделерін біріктіретін және отандық банк секторын толықтыратын (балама болатын) толыққанды жергілікті қаржы орталығына (мысалдар – Ыстамбұл, Әбу-Даби, Сан-Паулу) айналуға тиіс. Осындай негіз құрылғаннан кейін жергілікті орталық одан да ауқымды өңірдің қажеттілігі мен мүддесіне бағдарланған халықаралық орталыққа (мысалдар – Дубай, Сингапур, Гонконг) айналуға тиіс. АХҚО-ның жұмыс істеп, дамуы үшін Орталық Азия, Күнгей Кавказ республикасы, ЕАЭО елдері, Таяу Шығыс және Еуропа елдері нысаналы аудитория болып табылады.
1-бөлімнің төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (25.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) іске асырудың тікелей әсері 2025 жылға дейін жыл сайын көмірсутегін есептемегендегі жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) 1 %-ға дейін өсімін (Дубай халықаралық қаржы орталығы (Dubai International Financial Centre, бұдан әрі – DIFС) құрылғаннан бері алғашқы 10 жылдағы Дубайдың нәтижесіне жақын нәтиже) немесе 2015 – 2025 жылдар кезеңінде шамамен 13,4 млрд. АҚШ доллары ЖІӨ-нің кумулятивтік абсолютті өсімін құрайды. АХҚО-дан болатын қосымша әсерге қазақстандық капитал нарығына шетелдік тікелей инвестициялардың әкелінуі, экономикалық тұрғыдан тиімді жаңа жобаларды іске асыру және еңбек өнімділігінің өсуі есебінен ЖІӨ-нің жыл сайын орташа алғанда 1 %-ға жылдам өсуі есебінен қол жеткізіледі. ЖІӨ-ге тікелей және тікелей емес әсер етуді, сондай-ақ Орталықтың өңірлік өктемдігін ескере отырып, Орталықты құрудан болатын қорытынды жиынтық әсер 2015 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрауы мүмкін. Бұдан басқа, Орталықтың тұжырымдамасын іске асыру Нұр-Сұлтанда халықаралық деңгейдегі 2 мыңнан аса жоғары білікті жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
1-бөлімнің бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.09.2016 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-бөлімнің бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (25.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
АХҚО-ны дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру мынадай екі стратегиялық бағытқа сүйенеді:
1. Капитал нарықтары. Өтімді қазақстандық капитал нарықтарын қалыптастыру қосымша шетелдік инвестицияларды тартып, ұлттық экономиканың өсуін жылдамдатады. Капитал нарығын дамыту банк жүйесіне маңызды балама болып, еліміз бен өңірдің бос ақша ресурстарын нарық ойыншылары мен ұлттық экономика қажеттілігінің мүддесі үшін жұмылдыруға мүмкіндік береді;
2. Активтерді басқару. Активтерді басқару саласындағы жергілікті нарықты және сараптаманы дамыту АXҚО аумағында жетекші халықаралық басқарушы компанияларды оқшауландыру үшін ұлттық қорлардың (ең алдымен Қазақстан Реcпубликасы Ұлттық қорының және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының) қаражатын ықтимал пайдалану  есебінен Қазақстанның капитал нарықтарын дамытудың іргесін қалай алады.
Нұр-Сұлтанды өңір үшін негізгі қаржы орталығы ретінде позициялауға мынадай екі қосымша стратегиялық бағытты іске асыру есебінен қол жеткізіледі:
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (25.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3. Ауқатты жеке адамдардың әл-ауқатын басқару (private banking) қамтамасыз етілген жеке тұлғаларға (affluent segment) қызмет көрсету бөлігінде де, репатриацияланған қаражатты және көршілес мемлекеттердің дәулетті азаматтарының тарапынан тартылған қаражатты басқару саласында да «активтерді басқару» стратегиялық бағытымен бірлесіп дамиды;
4. Исламдық қаржыландыру дербес негізде дәстүрлі бөлшек банк қызметтеріне балама ретінде, сондай-ақ капиталдар нарығын дамытудың дербес бағыты ретінде дамуға тиіс. Бұл бағыттың дамуы арнайы нормативтік құқықтық реттеуді және исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес басқаруды талап етеді.
Қолайлы іскерлік ортаны құру жоғарыда көрсетілген барлық бағыттарды табысты іске асыруды қамтамасыз ететін АХҚО-ны дамытудың негізгі бағыты болып табылады және мынадай салалардан тұрады:
1) құқықтық реттеу: АХҚО құруға және жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының стандарттарына және ағылшын заңының қағидаттарына негізделген, АХҚО іс жүргізгенде және сот ісін жүргізуде ағылшын тілін қолданып, АХҚО резиденттерінің заңды мүдделерін қорғау;
2) нарықтық және ақпараттық-телекоммуникациялық (бұдан әрі – IT) инфрақұрылым: нарыққа қатысушыларды тұрақты байланыс арналарымен, технологиялық тұрғыдан дамыған қаржы инфрақұрылымымен және жеке тұлғалар үшін сауда жүйелеріне онлайн-қолжетімділікпен қамтамасыз ету;
3) адами капитал: қаржы саласындағы ең үздік халықаралық мамандарды тарту мақсатында жоғары білікті кадрлардың еркін орын ауыстыруы үшін ұйымдастырушылық-құқықтық негіздер құру, сондай-ақ қаржы саласындағы жергілікті сараптаманы қалыптастыру үшін мамандандырылған білім беру бағдарламалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу;
4) ішкі және сыртқы логистика: АХҚО басқа қаржы орталықтарына және өңірлерге көлік қатынасын жоғарылату;
5) қалалық және әлеуметтік инфрақұрылым: халықаралық стандарттарға және жоғары білікті (оның ішінде шетелдік) мамандар мен олардың отбасылары өмірінің заманауи талаптарына сәйкес келетін әлеуметтік инфрақұрылымды (балабақшалар, мектептер, ауруханалар және тағы басқа) салу, сондай-ақ қалалық демалыс аймағын және туристік инфрақұрылымды (демалыс базалары, спорттық-ойын-сауық инфрақұрылымы объектілері, сауда орталықтары және тағы басқа) жаңғырту.
Мемлекеттік маңызы бар басым жоба ретінде АХҚО-ны дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асырудың табыстылығы негізгі мүдделі тараптар – Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҰБ) іс-қимылдарының үйлестірілуіне тікелей байланысты. Мемлекеттік биліктің көрсетілген органдары Іс-қимыл жоспарын іске асыру процесіне толық жұмылуға және оның дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс.
1-бөлімнің сегізінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (25.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Жазылғандардың негізінде АХҚО-ны құру және дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру институттар мен процестердің кең аясының трансформациялану процесін көздейді. Мұндай трансформацияның (эволюциялық процеспен салыстырғанда) іс-қимыл жоспарында берілген бастамаларға жан-жақты мемлекеттік қолдау болған жағдайда, сондай-ақ олардың іске асырылуын бақылаудың нақты тетігі болған жағдайда ғана болуы мүмкін. АХҚО-ны құру мен дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын табысты іске асырудың маңызды факторы төменде көрсетілген іс-қимылды кешенді түрде, іріктемей, жеке-жеке алмай, іс-шаралар жоспарының бүкіл аясы бойынша енгізу болып табылады.
2. Негізгі баяндама
2.1 «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытудың пайымы (миссиясы) және бағыттары
Ағымдағы және ішкі экономикалық ахуалды негізге ала отырып, үш негізгі элементтен тұратын АХҚО пайымы (миссиясы) әзірленді:
1) Орталық Азия, Күнгей Кавказ және ЕАЭО республикалары, Таяу Шығыс және Еуропа елдері үшін негізгі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы: ұлттық экономикаға, сондай-ақ көршілес мемлекеттердің экономикасына АХҚО-ның аумағында орналасқан өтімді капитал нарықтарын пайдалана отырып, отандық, өңірлік және халықаралық инвестициялар тарту үшін қолайлы ішкі және сыртқы жағдайларды пайдалану қажет;
2) активтерді басқару (оның ішінде ауқатты адамдардың әл-ауқатын басқару – private banking) және исламдық қаржыландыру саласында қаржылық мамандануды және терең өңірлік сараптаманы қалыптастыру;
3) Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты жұмыс істеп, тұруы үшін қаржы саласындағы біліктілігі жоғары мамандарды, сондай-ақ қосалқы қызметтер үшін қызметкерлерді тарту.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.08.2019 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (25.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
АХҚО – АХҚО-ның қатысушылары мен мүдделі тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамытуға бағытталған ерекше құқықтық режим.
Дамудың бастапқы кезеңінде АХҚО мынадай негізгі екі стратегиялық бағыт – капитал нарығы және активтерді басқару шеңберінде дамиды:
1) қазақстандық капитал нарықтарын дамыту стратегиялық бағыт болып табылады, оны табысты іске асыру АХҚО үшін маңызды болып табылады. Қолдау Қазақстанның капитал нарықтарында өтімділікті ұлғайту арқылы, сондай-ақ Қазақстанның капитал нарықтарында ұсынысты (мемлекеттік бағалы қағаздар шығару) және сұранысты (жергілікті, оқшауландырылған және халықаралық басқарушы компаниялар, активтерді басқарудың бөлшек сегментін Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі жүйелік шаралар өткізу арқылы дамыту) ынталандыру жөніндегі жүйелік шаралар есебінен жүзеге асырылады;
2) нарықты және активтерді басқару саласындағы жергілікті сараптаманы дамыту да Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорларында шоғырландырылған қомақты активтер базасының болуына байланысты АХҚО үшін маңызды стратегиялық бағыт болып табылады. Көрсетілген активтер орта мерзімді перспективада активтерді басқару саласындағы жергілікті ойыншыларды ішкі сараптаудың өсу катализаторлары ретінде болатын жетекші халықаралық басқарушы компаниялардың ағынын және оқшауландыруды ынталандыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Осы стратегиялық бағытты дамытудың Қазақстан Республикасының жергілікті капитал нарықтарын дамытуға тікелей байланысты екенін атап өткен жөн. Бірінші кезекте, Қазақстан нарықтарындағы инвестициялық тұрғыдан тартымды активтер санының ұлғаюынан, сондай-ақ Қазақстан нарықтарындағы айналымның және өтімділіктің еселеніп өсуі есебінен.
Екі қосымша стратегиялық бағыттың АХҚО-ны дамытуды қолдау үшін жоғары әлеуеті бар (жоғарыда көрсетілген негізгі стратегиялық бағыттармен салыстырғанда экономикалық тиімділігінің аз болуына қарамастан):
1) ауқатты жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару (бұдан әрі – private banking) активтерді басқару бойынша отандық және халықаралық нарықтардың негізгі бағыттарының бірі ретінде дамиды. Осы бағыттың өсуіне private banking-ті оқшауландыру сыртқы басқарушы компаниялар тарапынан қосымша бизнес-тауаша ретінде пайдалану есебінен қол жеткізіледі;
2) Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыру нарығын құру сұранысты ынталандыру есебінен (мемлекеттің және/немесе ұлттық компаниялардың және/немесе жеке компаниялардың маркетингтік талдауды ұсынуға және исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін банк өнімдерінің танымалдылығын арттыруға бағытталған халықаралық маркетингтік агенттікті жалдау мүмкіндігін қарау), сондай-ақ тиісті ұсынысты қалыптастыру есебінен (мемлекеттік сукуктарды шығару, исламдық қаржыландыруға мамандандырылған халықаралық банктерді тарту және оқшауландыру, отандық банктерді исламдық қаржыландыру саласындағы өнімдерді шығаруға ынталандыру) іске асырылатын болады.
Іс-қимыл жоспарын және АХҚО-ның пайымын іске асыру төрт кезеңде іске асырылады.
1-ші кезең – жергілікті сараптау орталығы: қаржы орталығының жұмыс істеуінің халықаралық түрде танылған стандарттарын қалыптастыру және отандық ойыншылардың жергілікті капитал нарықтарына сенімін қалпына келтіру;
2-ші кезең – жергілікті қаржылық делдалдық нарығы: инвестициялық тұрғыдан тартымды ішкі активтерді жергілікті орналастыруды ынталандыру, капиталды қазақстандық нарық арқылы тартуды ынталандыру, сондай-ақ қазақстандық капитал нарықтарындағы өтімділікті тарту және қолдау есебінен өңірлік және халықаралық қаржы құрылымдары тарапынан АХҚО-ға қызығушылық тудыру;
3-ші кезең – жергілікті қаржы орталығы: қаржы секторының отандық қатысушылары тарапынан капиталға сұранысты қанағаттандыру үшін капитал нарықтарын толыққанды пайдалану;