Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету қағидаларын мен көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 368 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 маусымда № 11409 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-121/2020 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер және тәртібін көрсету қағидаларын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер корсету көлемі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 368 бұйрығына 1-қосымша
Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 5-1-тармағына сәйкес босқындарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында баспана іздеп жүрген адамдарға профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
2. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
3. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек көкірек қуысын флюорографиялық зерттеп-қарауды, қанды зерттеуді (қан мен несептiң жалпы талдауы, АИТВ – инфекциясына несептiң жалпы талдауы) жүргізумен жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жүргізуді қамтиды.
4. Босқындарды, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға екпе «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 бекітілген қаулысымен профилактикалық екпеге сәйкес өткізіледі.
5. Босқындардан, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдардан «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 89) тармақшасына сәйкес бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесінде көзделген аурулардың белгілері анықталған жағдайда науқасты анықтаған денсаулық сақтау ұйымы тез арада мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметіне «Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улануларды тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 706 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5908 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы халқының арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулардың жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу ережесінің 2-тармағына сәйкес хабарлама жібереді.
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек көрсету үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын айқындайды және оларға босқындарды, сондай-ақ пана іздеген адамдарды бекітуді қамтамасыз етеді.
7. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін айқындалған денсаулық сақтау ұйымдарының координаттары ақпарат үшін босқындардың, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдардың шоғырлану орындарына жіберіледі.
8. Медициналық көмекті ұсыну қажет болған кезде босқын, сондай-ақ пана іздеп жүрген адам тұрғылықты (орналасқан) жеріндегі ұйымның медицина қызметкерін ескертеді. Медицина қызметкері шұғыл жағдайда жедел, кезек күттірмейтін көмек ұсыну үшін жедел медициналық жәрдем шақырады, одан басқа босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек ұсынуға жауапты жергілікті атқарушы органдар айқындаған денсаулық сақтау ұйымдарын хабардар етеді.
9. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек көрсету стандарттарына және диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес көрсетіледі.
10. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға жедел медициналық көмек шұғыл көрсетілімдер бойынша медициналық көмек көрсетуді, пациенттерді көрсетілімдері бойынша медициналық ұйымдарға жеткізуді қамтиды.
11. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек:
1) жедел медициналық жәрдемді;
2) мыналарды:
медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК);
медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмекті;
3) уәкілетті орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасымен, шұғыл көрсетілімдер бойынша - жолдаманың болу-болмауына қарамастан көрсетілетін стационарлық медициналық көмек;
4) МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмекті;
5) қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 «Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10576 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес халықтың санатына арналған паллиативтік көмек және мейіргер күтімін қамтиды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 368 бұйрығына 2-қосымша
Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету көлемі
Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға тегін негіздегі медициналық көмек «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне (бұдан әрі – ТМККК), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 77) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың ТМККК алуын қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.