Bestprofi Logo

Бұйрық № 224 от 2015-03-19г./Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 10.06.2024 г.

Документ на казахском языке

Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 сәуірде № 10783 тіркелді

Осы Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.05.2024 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 19 наурыз 2015 жыл

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 224 бұйрығымен бекітілген

Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидалары

1. Осы Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) белгіленген мөлшер бірлігі – Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін парниктiк газдар шығарындыларының көлемін айқындауға пайдаланылатын көміртегі бірлігі;

2) белгіленген мөлшер резерві – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қалыптастыратын, экологиялық (жасыл) инвестициялар схемасын іске асыру мақсаттары үшін қажетті белгіленген мөлшер бірлігінің көлемі;

3) көмiртегi бiрлiгi – көмiртегi қостотығының бiр тоннасына барабар есептiк бiрлiк;

4) экологиялық (жасыл) инвестициялар – бiрлiктердiң белгiленген мөлшерiн беруден, парниктiк газдар шығарындыларына квоталарды парниктiк газдар шығарындыларын азайтуға немесе сiңiрiлуiн арттыруға бағытталған жобаларға (бұдан әрі – жобалар), бағдарламаларға және iс-шараларға бөлудiң ұлттық жоспарындағы квоталар көлемiнiң резервiн басқарудан алынған қаражатты инвестициялау.

3. Белгіленген мөлшер резерві уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымының (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) басқаруына беріледі.

4. Ведомстволық бағынысты ұйым экологиялық (жасыл) инвестициялар шеңберінде көміртегі бірліктерімен жүргізілетін операцияларды уәкілетті органмен келіседі.

5. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуға жатады.

6. Экологиялық (жасыл) инвестициялар шеңберіндегі жобаларды инвестициялау бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемінде және резервтен белгіленген мөлшер бірліктерін қолданудан немесе іске асырудан алынған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.

2. Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібі

7. Экологиялық (жасыл) инвестициялар бойынша ұсыныстар уәкілетті орган белгілеген мөлшер резервінің көлемін алдын ала зерттеу мен анықтау негізінде қалыптастырылады.

8. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру үшін климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес оның белгіленген мөлшерінің белгілі бір бөлігіне (бөліктеріне) құқықты қайта табыстау мүмкіндігі туралы ұсыныстар береді.

9. Уәкілетті орган ұсынған ұсыныстар негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен парниктік газдар шығарындыларының саудасы бойынша халықаралық шарт жасалады.

10. Парниктік газдар шығарындыларымен сауда жасасу бойынша халықаралық шарттың қорытындыларын алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган және оның ведомстволық бағынысты ұйымы экологиялық (жасыл) инвестициялар шеңберінде іске асырылатын жобаларды іріктеу бойынша конкурс өткізетіні туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарда орналастырады.

12. Конкурсқа қатысу үшін ведомстволық бағынысты ұйымға парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша немесе олардың сіңірілуін арттыру бойынша қызметті қарастыратын жобалар ұсынылады.

13. Жобаға өтініш беруші еркін нысанда конкурсқа қатысуға өтінішті және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7730 тіркелген) Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидаларына сәйкес жобалық құжаттаманы ведомстволық бағынысты ұйымға береді.

14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттар конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылданады.

15. Ведомстволық бағынысты ұйым өтініш беруші ұсынған барлық жобаларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады және жобалық құжаттаманы қарайды.

16. Конкурс бойынша жобаларды іске асыру үшін мыналар басым салалар болып табылады:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;

2) энергияның жаңартылатын көздерін пайдалануды қолдау;

3) орманды қайта қалпына келтіру және орман өсіру;

4) парниктік газдар шығарындыларын азайтатын энергия көздеріне өту;

5) қалдықтардың түзілуін төмендету және кәдеге жарату арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайту.

17. Жобалар бойынша берілген өтініштер мен жобалық құжаттама негізінде ведомстволық бағынысты ұйым жобалар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) құрады және құжаттарды қабылдау аяқталған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қарауға жолдайды.

18. Уәкілетті орган тізбе түскен кезден бастап он жұмыс күн ішінде жобаны қарайды және жобаны инвестициялауды мақұлдау немесе бас тарту туралы шешім шығарады.

19. Жобаны мақұлдау туралы шешімді уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 841 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау негізінде қабылданады.

20. Өтініш беруші ұсынған осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жобалық құжаттама сәйкес келмеген немесе мәліметтердің дәйексіздігі жағдайында жобаны инвестициялаудан бас тартылады. Уәкілетті орган өтініш берушіге жобаны инвестициялаудан бас тарту туралы хабарламаны шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жолдайды.

21. Мақұлданған жобалар тізбесі уәкілетті органның және ведомстволық бағынысты ұйымының интернет-ресурстарында жоба туралы мынадай мәліметтерді енгізе отырып орналастырылады:

1) жобаның атауы және жалпы сипаттамасы;

2) жобаға өтініш беруші туралы мәліметтер;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі;

4) жоба бойынша парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе олардың сіңірілуін ұлғайтудың өтініш берілген көлемі.

22. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес республикалық бюджеттен қаражат бөлінгеннен кейін уәкілетті орган жиырма жұмыс күн ішінде бөлінген қаражат көлемін ескере отырып, тізбедегі жобалардың кезектілігіне сәйкес жобаларды инвестициялау туралы шартқа қол қояды.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание