Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11223 тіркелді
Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қағидалардың 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін 7-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енеді және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 28 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 21 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 17 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 сәуірдегі
№ 4-4/305 бұйрығымен
бекітілген
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары
1. Осы Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;
2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – облыс басқармасы) немесе астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі – қала басқармасы) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
3) отандық тыңайтқыштарды өндiрушi (бұдан әрi – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
4) өтінім – толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) субсидиялар алуына арналған электрондық өтiнiм;
5) өтпелі өтінім – ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құны бойынша сатып алатын тыңайтқыштар үшін тыңайтқыштарды өндірушінің субсидиялар алуына арналған электрондық өтiнiм;
6) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
8) танаптың электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егіс туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған деректерді қамтитын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан танап туралы ақпарат;
9) тыңайтқыштарды жеткізуші – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын, оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
10) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші;
11) тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны – тыңайтқыштарға субсидия нормаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, тиісті жылға арналған тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың (құн салығын есепке алмай) ең төмен нарықтық құны;
12) шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушi – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті;
13) электрондық агрохимиялық картограмма – танап топырағының өсімдіктер үшін сіңімді қоректік элементтермен – қарашірікпен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз етілуі дәрежесін түсті бейнеде көрсететін, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агрохимиялық қызметтiң республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi немесе топырақты агрохимиялық талдау жөніндегі мамандандырылған (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген) зертхана берген картографиялық ақпарат;
14) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Тыңайтқыштарды өндірушілер, жеткізушілер және шетелдік өндірушілер және олар өндіретін (өткізетін) өнімдер тізбесін (бұдан әрі – жеткізушілер тізбесі) инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына кейінгі жылға өткен жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi. Бұл ретте жеткізушілер тізбесі алынғаннан кейін оны Министрлік үш жұмыс күні ішінде Министрліктің ресми интернет-ресурсында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті ресми интернет-ресурсында және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.
4. Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары), сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдері (бұдан әрі – субсидиялар көлемдері) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Министрлікке мақұлдауға тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмей беріледі.
Бұл ретте, тиісті тыңайтқыш түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды, сондай-ақ субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептемелерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кейінгі жылға өткен жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Министрлікке береді.
Оң шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларды, сондай-ақ субсидиялар көлемдерді тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады. Теріс шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін мақұлдаудан уәжді бас тартуы бар хатпен кері қайтарады. Бұл ретте пысықталған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері қайта қарау үшін бес жұмыс күні ішінде Министрлікке жолданады.
Министрлік мақұлдағаннан кейін, тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен жыл сайын бекітіледі. Бұл ретте субсидиялар нормалары құн салығын есепке алмай белгіленеді.
Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына, сондай-ақ субсидиялар көлемдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші – төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Субсидиялар көлемдері өзгерген жағдайда, облыстық басқарма (қалалық басқарма) субсидиялар көлемдерін ауыл шаруашылығына көзделген бюджеттік қаражат шегінде қайта бөледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.
5. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) тыңайтқыштар құнын субсидиялау жөніндегі айларға бөлінген жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны тиісті интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.
2-тарау. Субсидиялар алушылар
6. Субсидиялар ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші) тоқсанда тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.
3-тарау. Субсидиялар алу шарттары
7. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған жағдайда төленеді:
1) ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiм беруі.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiм береді.
Мұндай жағдайда, субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге тыңайтқыштарды өндіруші күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей нақты сатылған тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес төленеді.
Тыңайтқыштарды өндірушілер өтпелі өтінімге нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта береді.
Бұл ретте, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 7-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерде тыңайтқыштар өткізілмеген ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) тізімі қалыптастырылады.
«Электрондық үкімет» веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген өтiнiмді (өтпелі өтінімді) тіркеу;
3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тыңайтқыштарды өндірушінің жеке шоты болуы қажет.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өзі жүзеге асыруына мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәтінен бастап берілді деп саналады;
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жүйесінің (бұдан әрі – ЭШҚӨЖ) өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) сатып алған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды растау.
Бұл ретте электрондық шот-фактура өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу кезінде (сұратылған электрондық шот-фактура тыңайтқыштарды сатушыға және ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) мемлекеттік қолдау шарасын алу үшін электрондық шот-фактураны бұғаттау және пайдалану туралы хабарлама жолдай отырып, ЭШҚӨЖ-де автоматты түрде бұғатталады) ЭШҚӨЖ-ден «сұраным-жауап» режимінде сұратылады.
Субсидия алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) ЭШҚӨЖ-ні пайдаланбайтын шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден тыңайтқыштарды тікелей сатып алған кезде, тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтермен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе мемлекеттік кірістер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын құжаттың мәліметтерімен расталады;
5) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
Шаруа немесе фермерлік қожалық түрінде құрылған ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өздерінің мүшелері сатып алған тыңайтқыштар үшін өтiнiм (өтпелі өтінім) берген жағдайда, олар туралы мәліметтер субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесiмен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталады. Бұл ретте шаруа немесе фермерлік қожалықтардың мүшелері субсидия алушылар болып табылады.
Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидия алуына өтінім (өтпелі өтінім) береді. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушілер субсидия алушылар болып табылады;
6) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жер учаскелерінің бүкіл егістік алаңына арналған танаптардың электрондық карталарының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі;
7) ауылшартауарынөндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тыңайтылатын алқабына арналған алтыдан кем емес агрохимиялық көрсеткіш (қарашірік, су немесе тұз сүзіндісінің сутегі көрсеткіші (РН), нитраттық, жеңілгидролиздендіргіш немесе сілтілігидролиздендіргіш азот, фосфордың, калий мен күкірттің жылжымалы нысандары) бойынша электрондық агрохимиялық картограмманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу.
Бұл ретте, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру кезінде электрондық агрохимиялық картограмманы тіркеу талап етілмейді.».
4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
8. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінім берген тыңайтқыштардың түрлері мен көлеміне (өтінімдерде көрсетілген егіс алаңына арналған тыңайтқыштар енгізу нормаларын ескере отырып), тыңайтқыштар тізбесі мен бекітілген субсидиялар нормаларына сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
Nв – субсидияларды есептеу үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырылған топырақтың агрохимиялық жай-күйін ескере отырып, 1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормасы (нақты салмақпен тонна/гектар, килограмм/гектар, литр/гектар);
S – тыңайтқышты қолдану алаңы, гектар (аталған алаң осы ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды);
Nс – тыңайтқышқа арналған субсидиялар нормасы, теңге (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес айқындалады).
Бұл ретте, тыңайтқыштар енгізудің нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар нақты сатып алынған тыңайтқыштар бойынша есептеледі, тыңайтқыштар енгізу нормаларынан асқан жағдайда, белгіленген тыңайтқыштар енгізу нормалары бойынша есептеледі.
9. Тыңайтқыштарға арналған субсидиялар нормалары тыңайтқыштың ең төменгі нарықтық құнының жартысына сәйкес мөлшерде абсолюттік мәнде (теңге) белгіленеді.
10. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан төмен болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған тыңайтқыш құнынан жүргізіледі.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан жоғары болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидиялар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыш құны бойынша төленеді.
11. Сатушы өткізетін тыңайтқыштар құнында қосылған құн салығы, буып-түю, таңбалау бойынша шығыстар, республиканың тиiстi өңiрiндегi межелі (босату) пунктке дейiнгi көлiк шығыстары ескеріледі.
5-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі
12. Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті жылғы 1 ақпаннан бастап 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.
13. Тізілімнің (бұдан әрі – Жеке кабинет) деректеріне қол жеткізуді ұсыну үшін:
1) ауылшартауарынөндірушілерде (ауылшаркооперативтерінде) немесе тыңайтқыштарды өндiрушiлерде ЭЦҚ болуы тиіс;
2) қалалық басқарма, облыстық басқарма, Министрлік жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмысшылырының өзекті етілген тізімін жібереді.
Министрлікке субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік онлайн-тәртіпте өтеусіз негізінде беріледі.
14. Жеке кабинетте тіркелу үшін ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндiрушi мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) заңды тұлғалар және бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндіруші бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
15. Өтінімді (өтпелі өтінімді) қалыптастыру мен тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) осы Қағидалардың 7-тармағы 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтінімге осы Қағидалардың 7-тармағы 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтпелі өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім (өтпелі өтінім) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) ЭЦҚ-сын қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) электрондық мекенжайына қарауға өтінім (өтпелі өтінім) келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
16. Облыс басқармасы (қала басқармасы) өтінім (өтпелі өтінім) тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Осы хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Бұл ретте, өтпелі өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама тыңайтқыштарды өндірушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 7-тармағы 4) тармақшасының талаптарын орындау үшін нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді тізілімге енгізеді.
Тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде уақтылы енгізбеген жағдайда, өтпелі өтінім жойылады. Бұл ретте, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде өтпелі өтінімнің жойылғаны туралы ескертпе қолжетімді болады.
16-1. Субсидиялар беруде теріс шешім мынадай негіздер бойынша қабылданады:
1) субсидиялар алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) және (немесе) субсидиялар алу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.
17. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын:
осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес облыстық басқарма (қалалық басқарма) өтінімді қабылданғанын растағаннан кейін;
осы Қағидалардың 7-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес тыңайтқыштарды өндіруші нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді тізілімге енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жіберіледі.
Субсидиялар көлемі Қаржыландыру жоспарында көзделген тиісті айға арналған бюджет қаражаты көлемінен асатын өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидиялар төлеу келесі айда жүзеге асырылады.
18. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Тыңайтқыштардың құнын
(органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
Толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiм
(кімге) ______________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) _______________________________________________________________ (облыстың жергілікті атқарушы органының толық атауы) (кімнен)______________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Тыңайтқыштарды сатушыдан __________ тонна (килограмм, литр) көлемiнде сатып алынған_________________________________________________ тыңайтқышы (тыңайтқыш түрi) үшiн маған _________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді (сома санмен және жазбаша) сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер. Заңды тұлға үшін: атауы________________________________________________________________ БСН_________________________________________________________________ басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі_______________________________ мекенжайы:___________________________________________________________ телефон (факс) нөмірі:__________________________________________________ Жеке тұлға үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________________ ЖСН ________________________________________________________________ жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі________________________________________________________________ кім берді _____________________________________________________________ берілген күні__________________________________________________________ мекенжайы:___________________________________________________________ телефон (факс) нөмірі:__________________________________________________ Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін: орналасқан жері_______________________________________________________ хабардар етілген күні___________________________________________________ 2. Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелері туралы мәліметтер*:
Р/с №
|
Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы
|
Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы
|
1
|
2
|
3
|
|
|
|
3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:
Р/с №
|
Кадастрлық нөмірі
|
Барлық алаңы, гектар
|
оның ішінде егістік
|
Нысаналы мақсаты
|
Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы
|
Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорттың нөмірі (қорғалған топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп өсіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшін)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативінің) ағымдағы шотының мәліметтері*: ЖСН/БСН ___________________________________________________________ Кбе _________________________________________________________________ Банктің немесе почта операторының деректемелері_________________________ Банктің немесе почта операторының атауы________________________________ БСК _________________________________________________________________ ЖСК_________________________________________________________________ БСН_________________________________________________________________ Кбе _________________________________________________________________ 5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен тыңайтқыштарды сатушының арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері*: тыңайтқыштарды сатушы (отандық өндіруші немесе жеткізуші не шетелдік өндіруші) ____________________________________________________________ шарттың нөмірі _______________________________________________________ шарттың жасалған күні _________________________________________________ ҚҚС-сыз бағасы (теңге)_________________________________________________ тыңайтқыштарды сатушының атауы мен БСН-сы ___________________________ тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы ________________ тыңайтқыштың атауы __________________________________________________ тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) ___________________________ төлеу мерзімі _________________________________________________________ межелі (босату) пункті__________________________________________________ 6. Тыңайтқыштарды сатып алу үшін шеккен шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) төлем құжаттары, шот-фактуралар, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) мәліметтері*: төлем құжатының нөмірі _______________________________________________ төлем құжатының берілген күні _________________________________________ шот-фактура нөмірі ____________________________________________________ берілген күні _________________________________________________________ тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі (шетелдік өндіріс тыңайтқыштары үшін) _________________________________________________________________________ тауарды қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндіріс тыңайтқыштары үшін) ____________________________________________________________________ 7. Тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтер (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін): тауарларға арналған кедендік декларацияның нөмірі_____________________________ берілген күні __________________________________________________________ тыңайтқыштың атауы ___________________________________________________ өлшем бірлігі __________________________________________________________ мөлшері (көлемі)**_____________________________________________________ ҚҚС-сыз бағасы (теңге)**________________________________________________ өткізу құны, барлығы**__________________________________________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы ______________________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________________________________________________ 8. Мемлекеттік кірістер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінгенін растайтын құжаттың мәліметтері: құжаттың нөмірі _______________________________________________________ берілген күні __________________________________________________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы ______________________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________________________________________ мөлшері (көлемі)** ____________________________________________________ ҚҚС-сыз бағасы (теңге)** _______________________________________________ өткізу құны, барлығы**_________________________________________________ 9. Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификатының мәліметтері: сертификаттың нөмірі__________________________________________________ сертификаттың қолданылу мерзімі _______________________________________ сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)______________________________ өтінім беруші (атауы, мекенжайы)________________________________________ кім берді _____________________________________________________________ 10. Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың немесе тауардың шығарылуы туралы декларацияның мәліметтері (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін): нөмірі мен берілген күні________________________________________________ тауардың атауы _______________________________________________________ экспорттаушы/жүк жөнелтуші ___________________________________________ импорттаушы/жүк алушы _______________________________________________ 11. Химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің мәліметтері: куәлік нөмірі __________________________________________________________ химиялық өнімнің толық атауы___________________________________________ өндіруші фирма________________________________________________________ куәліктің қолданылу мерзімі_____________________________________________ тіркелген күні__________________________________________________________ кім берді______________________________________________________________ 12. Тиесілі субсидиялар есептемесі:
№
|
Ауыл шаруашылығы дақылының, сүрі жердің атауы
|
Тыңайтқыштың атауы
|
Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар
|
1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормалары (тәлімі жерде немесе суармалы жерде) (килограмм, литр)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
Тыңайтылатын алаң, гектар
|
Енгізуге арналған тыңайтқыштың нақты көлемі (килограмм, литр)
|
1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр)
|
1 тоннаның (килограмм, литр) бағасы, теңге
|
1 тоннаға (килограмға, литрге) арналған субсидиялар нормасы, теңге
|
Тиесілі субсидия сомасы, теңге
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: тыңайтқыштарды енгізу нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар сомасы 6-баған х 8-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі, енгізу нормаларынан асқан жағдайда, субсидиялар сомасы 5-баған х 6-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Өтінім беруші 20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Облыс басқармасы (қала басқармасы) 20__ жылғы «__» _____сағат 00:00-де қабылдады:
*Ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидиялар алуына арналған осы өтінімді берген жағдайда, өтінімнің 2, 3, 4, 5 және 6-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.
** 7 және 8-жолдарда көрсетілген мәліметтерді ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) тыңайтқыштарды тікелей шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алған кезде толтырады.
Толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған осы өтінім тыңайтқыштың әр түріне толтырады.
Тыңайтқыштардың құнын
(органикалық тыңайтқыштарды
қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім
(кімге) ______________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ______________________________________________________________ (облыстың жергілікті атқарушы органының толық атауы) (кімнен)______________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің (бар болса), тегі Осымен ____________________________________ арзандатылған құны бойынша (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы) _____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде ________________________ тыңайтқышын (тыңайтқыш түрi) сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және отандық тыңайтқыштарды өндіруші __________________________________________ (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы) нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізіліміне енгізгеннен кейін маған тиесілі __________________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны (сома санмен және жазбаша) отандық тыңайтқыштарды өндіруші _________________________________________ (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы) аударуды сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер. Заңды тұлға үшін: атауы________________________________________________________________ БСН _________________________________________________________________ басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі_______________________________ мекенжайы: __________________________________________________________ телефон (факс) нөмірі:__________________________________________________ Жеке тұлға үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________________ ЖСН _________________________________________________________________ жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі________________________________________________________________ кім берді _____________________________________________________________ берілген күні__________________________________________________________ мекенжайы: __________________________________________________________ телефон (факс) нөмірі:__________________________________________________ Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін: орналасқан жері_______________________________________________________ хабардар етілген күні___________________________________________________ 2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер*:
Р/с №
|
Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы
|
Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы
|
1
|
2
|
3
|
|
|
|
3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:
Р/с №
|
Кадастрлық нөмірі
|
Барлық алаңы, гектар
|
оның ішінде егістік
|
Нысаналы мақсаты
|
Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы
|
Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорттың нөмірі (қорғалған топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп өсіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшін)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен тыңайтқыштарды өндірушінің арасындағы сатып алу-сату шарты*:
шарттың нөмірі _________________________________________________
шарттың жасалған күні __________________________________________
ҚҚС-сыз бағасы (теңге)___________________________________________
тыңайтқыштарды өндірушінің атауы мен БСН-сы ____________________
тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _________
тыңайтқыштың атауы ____________________________________________
тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) _____________________
төлеу мерзімі ___________________________________________________
межелі (босату) пункті ___________________________________________
5. Екінші деңгейдегі банктегі тыңайтқыштарды өндірушінің ағымдағы шоты туралы мәліметтер:
Банктің атауы ___________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
ЖСК __________________________________________________________
БСН __________________________________________________________
Кбе ___________________________________________________________
6.Тиесілі субсидиялар есептемесі:
Р/с №
|
Ауыл шаруашылығы дақылының, сүрі жердің атауы
|
Тыңайтқыштың атауы
|
Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар
|
1 гектарға (тәлімі жерде немесе суармалы жерде) тыңайтқыш енгізу нормалары (килограмм, литр)
|
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
Тыңайтылатын алаң, гектар
|
Енгізуге арналған тыңайтқыштың нақты көлемі (килограмм, литр)
|
1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр)
|
1 тоннаның (килограмм, литр) бағасы, теңге
|
1 тоннаға (килограмға, литрге) арналған субсидиялар нормасы, теңге
|
Тиесілі субсидия сомасы, теңге
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: тыңайтқыштарды енгізу нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар сомасы 6-баған х 8-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі, енгізу нормаларынан асқан жағдайда, субсидиялар сомасы 5-баған х 6-баған х 10-баған формуласы бойынша есептеледі.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Өтінім беруші 20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Облыс басқармасы (қала басқармасы) 20__ жылғы «__» _____сағат 00:00-де қабылдады
* Ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия алуына арналған осы өтінімді берген жағдайда, өтпелі өтінімнің 2, 3 және 4-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.
Отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған осы өтпелі өтінім әрбір тыңайтқыш түріне толтырылады.