Toggle Dropdown
2
Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 наурызда № 10576 тіркелді
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Т. Дүйсенова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 96 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесі
Toggle Dropdown
1. Паллиативтік көмек:
Toggle Dropdown
1) мыналармен:
Toggle Dropdown
диспансерлік бақылаудағы қатерлі ісіктің ауруының IV клиникалық сатысынан;
Toggle Dropdown
жүргізілген мамандандырылған емнен кейін жағдайын дәрілік түзетуді қажет ететін, қатерлі ісік ауруынан;
Toggle Dropdown
соңғы сатыдағы күшейген созылмалы аурулардан (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек функцияларының жетіспеушілігінің декомпенсация сатысы);
Toggle Dropdown
диспансерлік есептың 1Г тобы бойынша диспансерлік бақылауда тұрған туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдарға;
Toggle Dropdown
жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының 3-4 сатысынан;
Toggle Dropdown
2) балаларға, жүргізілген айрықша терапия (химиотерапия, сәулелік терапия және хирургиялық ем) аясында, қатерлі ісіктердің күшеюі кезенде;
Toggle Dropdown
3) Лейкоздан зардап шегетін балаларға жүргізілген химиотерапияның (химиорезистенттік) аясында ауру күшейген кезде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2. Мейірбике күтімі:
Toggle Dropdown
1) осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген адамдарға;
Toggle Dropdown
2) бастап өткерген аурудың салдарынан өмірлік маңызды әлеуметтік-тұрмыстық функцияларды қамтамасыз етуде өзіне өзі толық немесе ішінара қызмет көрсетуге қабілетсіз, тұрақты басқа адамның күтімін, көмегін немесе қарауын қажет ететін, басқа адамға үнемі тәуелді адамдарға көрсетіледі.