• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 27.10.2020 г

Отправить по почте

Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 422 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11477 тіркелді

Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 27 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-120/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 03.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 169-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының, гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды;
5) осы бұйрықты облыстардың және Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына мәлімет үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 422 бұйрығымен бекітілген
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 169-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленді және тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру – ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-қимылды іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
3) әлеуетті реципиент – тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды қажет ететін пациент;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган
5) иммунологиялық типтеу жүргізу жүйесі (бұдан әрі – НLА-жүйесі) – адамның лейкоциттерінде орналасқан және тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау кезінде донор мен реципиенттің тіндік үйлесімділігін анықтайтын антигендер жүйесі;
6) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тәсілін айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды және жоғарғы толық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ТЖТМҚҮРО) – ағзалық донорлықтың ұлттық тиімді жүйесін құруды қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ұйымы;
8) мамандардың тәртіпаралық (мультитәртіптік) тобы (МТТ) – ағзалық жетіспеушілік жағдайында алмастыратын терапияны жүргізу қажеттілігі туралы шешімді комиссиялық қабылдау үшін транспланттау орталығының бейінді және аралас мамандардан тұратын дәрігерлер тобы;
9) мәйіттік донор (кадавер) – реципиентке транспланттау үшін тіні (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалары (ағзалардың бөлігі) алынатын адамның мәйіті;
10) өңірлік транспланттаушы үйлестіруші – ТЖТМҚҮРО штаттық қызметкері болып табылатын, облыс орталықтарындағы және республикалық маңызы бар қалалардағы тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау саласындағы медициналық ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер;
11) пайдаланушы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;
12) республикалық транспланттаушы үйлестіруші – ТЖТМҚҮРО штаттық қызметкері болып табылатын, өңірлік транспланттаушы үйлестірушілердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететін дәрігер;
13) реципиент – донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құйылатын, еркектің немесе әйелдің донорлық материалы (шәует, аналық жасушалар, эмбриондар) енгізілетін не донордан алынған тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаны (ағзаның бөлігін) транспланттау жүргізілетін пациент;
14) стационарлық транспланттаушы үйлестіруші – донорлық стационардың штаттық қызметкері болып табылатын және өңірдегі транспланттау қызметін үйлестіру мәселелері бойынша өңірлік транспланттаушы үйлестірушіге бағынатын дәрігер;
15) тінді (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігінің) транспланттауға күту парағы – HLA-жүйесі бойынша типтелген, тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) әлеуетті реципиенттерінің дерекқоры;
16) тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімі – HLA-жүйесі бойынша типтелген, тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің жасушаларының өтеусіз донорлығына келіскен адамдардың дерекқоры;
17) тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің тіркелімі - HLA-жүйесі бойынша типтелген, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға мұқтаж адамдардың дерекқоры;
18) тірі донор – реципиентке транспланттау үшін тіні (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалары (ағзалардың бөлігі) алынатын адам;
19) транспланттау орталығы – ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау бойынша қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымы.
3. Донорлар мен реципиенттер туралы мәліметтерді қалыптастыру осы қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі негізінде жүргізіледі.
4. Донорлар мен реципиенттерді есепке алудың медициналық ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ДРЕМАЖ) иесі уәкілетті орган болып табылады.
5. ДРЕМАЖ-дың пайдаланушылары:
1) уәкілетті орган;
2) ТЖТМҚҮРО;
3) транспланттау орталықтары;
4) Тіндік типтеу зертханалары болып табылады.
6. Дербес деректерді жинау, өңдеу және өзектендіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
7. Реципиенттердің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдаланумен, пациенттің ЖСН енгізу кезінде автоматты жүргізіледі.
Реципиенттер тіркелімі:
1) күту парағында тұрған әлеуетті реципиенттер;
2) күту парағына кірмеген әлеуетті реципиенттер;
3) реципиенттер туралы мәліметтерден тұрады.
Күту парағын қалыптастыруды және өзектендіруді ТЖТМҚҮРО жүзеге асырады.
8. Күту парағына енгізудің негізі:
1) МТТ қорытындысы (консилиум);
2) республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының жанында қызмет ететін нефрологиялық комисиияның қорытындысы болып табылады.
9. МТТ қорытындысын транспланттау орталықтары өңірлік транспланттаушы үйлестірушіге қолма-қол немесе электрондық түрде 5 жұмыс күнінің ішінде жібереді.
10. Нефрологиялық комиссияның қорытындысын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары өңірлік транспланттаушы үйлестірушіге қолма-қол немесе электрондық түрде 5 жұмыс күнінің ішінде жібереді.
11. Өңірлік транспланттаушы үйлестіруші қорытындыны алу күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде нефрологиялық комиссия немесе МТТ қорытындысының негізінде әлеуетті реципиент туралы мәліметтерді күту парағына енгізуге ДРЕМАЖ-да электрондық өтінімді қалыптастырады.
12. Республикалық транспланттаушы үйлестіруші әлеуетті реципиент туралы мәліметтерді реципиенттер тіркеліміне енгізуге өтінімді қарастырады және 1 жұмыс күнінің ішінде өтінімді қабылдайды немесе бас тартады.
13. Республикалық транспланттаушы үйлестіруші:
1) қорытындының болмауы немесе ұсынылған құжат сапасының төмен болуы (комиссия мүшелерінің барлық қолтаңбаларының болмауы, қаріптің анық емес, көмескі болуы);
2) қорытындының 3 айдан артық уақыт бұрын берілуі жағдайында өтінімді қабылдамайды.
14. ТЖТМҚҮРО 3 жұмыс күнінің ішінде әлеуетті реципиентті тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің тіркеліміне енгізу туралы хабарламаны қалыптастырады және пациенттің тұрғылықты мекенжайы бойынша жібереді, хабарламаның көшірмесі Денсаулық сақтау басқармасына жіберіледі.
15. Өтінімді қабылдамаған жағдайда өңірлік транспланттаушы үйлестіруші 5 жұмыс күнінің ішінде анықталған ескертулерді түзетуге және күту парағына енгізуге ДРЕМАЖ-да қайталама өтінім қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды.
16. Өтінімді қабылдаған жағдайда, тіндік типтеу зертханасының маманы әлеуетті реципиентті қан үлгісін алу кестесіне енгізеді және әлеуетті реципиенттің тұрғылықты мекенжайы бойынша облыстық қан орталығына жібереді. Облыстық қан орталықтары қан үлгілерін тіндік типтеу зертханаларына жеткізуді қамтамасыз етеді.
17. Тіндік типтеу зертханасының маманы әлеуетті реципиентке иммунологиялық типтеу жүргізеді, оның нәтижелерін 10 жұмыс күнінің ішінде ақпараттық жүйеге енгізеді.
18. Әлеуетті реципиент автоматты түрде күту парағына енгізіледі.
19. Күту парағындағы адамдар туралы мәліметттер мынадай жағдайларда:
1) әлеуетті реципиенттің қалауы бойынша;
2) әлеуетті реципиенттің қайтыс болуы жағдайында;
3) ағзаны транспланттаудан кейін;
4) пациенттің ТТЖ шығуы жағдайында.
5) Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан бас тартуының тіркелуі жағдайында өзекті емес болады.
20. Күту парағындағы әлеуетті реципиенттер туралы мәліметтер ақпараттық жүйемен ДРЕМАЖ-да автоматтандырылған режимде қалыптастырылады.
21. Тірі донордан ағзаны транспланттау жүргізілген реципиенттер туралы мәліметтерді транспланттаудан кейін 2 жұмыс күнінің ішінде транспланттау орталықтарының мамандары ДРЕМАЖ-ға енгізеді.
22. ДРЕМАЖ дерекқорындағы реципиент туралы мәліметтер мына жағдайларда:
1) әлеуетті реципиенттің жеке өтініші бойынша;
2) әлеуетті реципиенттің қайтыс болуы жағдайында;
3) әлеуетті реципиентте медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда өзекті емес болады.
3-тарау. Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
23. Донорлар тіркелімін қалыптастыру және жүргізу пациенттің ЖСН енгізу кезінде, уәкілетті органның ақпараттық жүйелердің деректерін пайдалануы арқылы автоматты жүргізіледі.
Донорлар тіркелімі:
1) тірі донорлар;
2) мәйіттік донорлар;
3) қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген немесе бас тартқан адамдар туралы мәліметтерді қамтиды.
24. Тірі донор туралы мәліметтерді донорлар тіркеліміне транспланттау орталықтарының мамандары операция жүргізуден кейін 2 жұмыс күнінің ішінде енгізеді. Сонымен бір уақытта донорлық ағзаны (ағзаның бөлігін), тінді (тіннің бөлігін) алған реципиент туралы ақпарат енгізіледі.
25. Мәйіттік донор туралы мәліметтерді донорлар тіркеліміне ТЖТМҚҮРО өңірлік транспланттаушы үйлестірушілері мәйіттік донорлық ағзаларды транспланттау үшін алу туралы шешім қабылдаудан кейін енгізеді. Техникалық мүмкіндік болған жағдайда өңірлік транспланттаушы үйлестіруші тірі кезінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан тіркелген бас тартуының немесе келісімінің болуын тексереді. Техникалық мүмкіндік болмаған немесе қайтыс болған адамның тірі кезінде ерік білдіруі болмаған жағдайда, өңірлік (стационарлық) транспланттаушы үйлестіруші ақпарат алу үшін марқұмның туыстарына жүгінеді.
26. Тіндік типтеу зертханасының маманы мәйіттік донордың қан және тін үлгілерін келіп түскен кезінен бастап иммунологиялық типтеуге зерттеу жүргізеді, оның нәтижелерін ДРЕМАЖ-ға енгізеді.
27. Әлеуетті реципиентті күту парағынан іріктеуді ақпараттық жүйе автоматты режимде, осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес іріктеу индикаторларының негізінде жүзеге асырады.
28. Іріктеу нәтижелерін мәйіттік донор анықталған өңірге жетекшілік ететін республикалық транспланттаушы үйлестіруші транспланттау орталықтарына жібереді.
29. Қазақстан азаматының қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін немесе бас тартуын тіркеудің болуы туралы мәліметтер ДРЕМАЖ-да уәкілетті органның басқа ақпараттық жүйелермен автоматты режимде өзара іс-қимылдың есебінен қалыптастырылады және қайтыс болуы тіркелгеннен кейін қолжетімді болады.
30. Тірі донор туралы мәліметтер донорлар тіркелімінде мынадай жағдайларда:
1) тірі донордың қалауы бойынша;
2) тірі қайтысдың қайтыс болуы жағдайында;
3) донорлыққа медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда өзекті емес болады.
31. Мәйіттік донор туралы мәліметтер донорлар тіркелімінде мынадай жағдайларда:
1) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тінді (тіннің бөлігін) алудан оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің бас тартуы;
2) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тінді (тіннің бөлігін) аяқталған алудың болуы туралы мәліметтің болуы жағдайында өзекті емес болады.
4-тарау. Гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімін жүргізу және қалыптастыру тәртібі
32. Гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімін жүргізу және қалыптастыруды (бұдан әрі – Тіркелім) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады.
33. Гемопоэздік дің жасушаларының (бұдан әрі – ГДЖ) әлеуетті донорларын жинау мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік емес және квазимемлекеттік сектордағы ұйымдардың ықпал етуімен, донорлық, қанды, оның компоненттерін және препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен іске асырылады.
34. Тіркелімге енгізуге азаматтың жеке басын куәландыратын куәлігі болса және қарсы көрсетілімдері болмаса, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтініш-ақпараттандырылған келісімінің негізінде 18 - 45 жастағы адамдарға жол беріледі.
35. Тіркелімге енгізу ақысыз негіздегі гемопоэздік дің жасушаларының донорлығы туралы ерікті, саналы шешімді көздейді.
36. Тіркелімнен ГДЖ-ның әлеуетті донорын алып тастау оның жазбаша өтінішінің негізінде кез келген сатыда жүзеге асырылады.
37. Тіркелімге ГДЖ доноры туралы мынадай қажетті мәлімет енгізіледі:
1) донордың сауалнамалық ақпараттары, оған тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұратын жері, жынысы және ұлты, ЖСН, оқу немесе лауазымын көрсету арқылы жұмыс орны кіреді;
2) өтініші берген күні;
3) донордың байланыс ақпараты, оған оның телефондары (мобильді, үй, жұмыс), электрондық поштаның мекенжайы, жақын туыстарының телефон нөмірлері;
4) 4-қосымшаның «Локустар бойынша типтеу нәтижелері» бағанын толтыру аллельдер деңгейлерінің 4 цифрына дейін 5 локустың (HLA-A, HLA-B, HLA-С, HLA-DRB1, HLA-DQB1) деректерін көрсетуді көздейді;
5) биометриялық көрсеткіштер. Донордың бойы, салмағы көрсетіледі;
6) Донордың коды. Кодты анықтағанда келесі кодтау жүйесі қабылданады
 
38. Тіркелімді жүргізу ГДЖ донорлар болуға ниет білдірген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді есепке алу және өзектендіру жолымен жүргізіледі.
39. Тіркелім үшін әлеуетті донорлардың HLA-фенотипін айқындауды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеуге жіберудің негізінде Орталықтың иммунологиялық типтеу зертханасы жүзеге асырады.
40. Әлеуетті донорды Нұр-Сұлтан қаласынан тысқары Тіркелімге енгізген жағдайда HLA-фенотипті анықтау үшін қан үлгісі осы қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ұсынылады, Тіркелімге енгізуге Өтініш-ақпараттандырылған келісім түпнұсқасының қағаз және сканерден өткізілген нұсқаларын донорлық, қанды, оның компоненттерін және препараттарын дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары Орталыққа ұсынады.
41. Тіркелімге енгізілетін адамның толтырылған Өтініш-ақпараттандырылған келісімінің сканерден өткізілген нұсқасы бар болса өтініш иесінің электрондық мекенжайына жіберіледі.
42. Тіркелімде тұрған мәлімет, оларды:
1) Тіркелімнің уақтылы жүргізілуін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға;
2) лицензияға сәйкес «трансплантология» мамандығы бойынша қызметті жүзеге асыратын, мемлекеттік қатысуы бар денсаулық сақтау ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де органдар мен ұйымдарға ұсынуды қоспағанда жариялауға жатпайды.
43. Қазақстан Республикасының гемопоэздік дің жасушаларының тіркеліміне енгізуге Өтініш-ақпараттандырылған келісімдер қағаз және электрондық тасымалдағыштарда сақталуы тиіс.
44. ГДЖ алмастыру саласында қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымдар Орталыққа ГДЖ донорларын іздеуге орындалған сұраулар және олардың қорытындылары туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тоқсанның соңғы айының 25-күнінен кешіктірмей ұсынады.
45. Орталық жыл сайын 20 желтоқсаннан кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ГДЖ донорлары туралы мәліметті ұсынады.
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, 
сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе)
 ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің 
жасушалардың донорларының тіркелімдерін 
қалыптастыру және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиентінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім
 Мен: реципиент, (заңды өкіл) (астын сызу): ______________________________________________________________________ реципиенттің (тегі, аты, әкесінің аты (болса), (заңды өкілі) ______________________________________________________________________ (медициналық ұйымның атауы) болып, транспланттау үшін қажетті менің дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға өзімнің келісімімді беремін.
 Өтініш иесінің қолы: ___________________________ (пациент немесе заңды өкілі) Толтырылған датасы: 20__ жылғы _____/______/
 Дәрігер: ____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болса)
 Қолы: __________________
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің,
 сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің 
жасушалардың донорларының тіркелімдерін 
қалыптастыру және жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донордың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім
 Мен: донор, (заңды өкілі) (астын сызу): ______________________________________________________________________ (донордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), (заңды өкілі) ______________________________________________________________________ (медициналық ұйымның атауы) болып, транспланттау үшін қажетті менің дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға өзімнің келісімімді беремін.
 Өтініш иесінің қолы: _____________________________ (пациент немесе заңды өкілі) Толтырылған датасы: 20__ жылғы______/______/
 Дәрігер: _____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болса) Қолы: ______________________
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, 
сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің 
жасушалардың донорларының тіркелімдерін
 қалыптастыру және жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
 Транспланттау үшін ДРЕМАЖ-да донор-реципиент жұбын іріктеу индикаторлары
 Салмақ коэффициенттері (балл)
  Бүйрек

Атауы

Басымдық

Шұғыл мәртебе (Ургентті)

1

Толық тіндік үйлесімділік

2

Бала

3

Ұзақ күту (> 3 жыл)

4

Антиденелер тобы

5

Қан топтарының үйлесімділігі

6

Тіндік үйлесімділік индексі

7

Сплиттегі тіндік үйлесімділік сәйкестіктерінің саны

8

Қан топтарының сәйкестігі

9

Антиденелер пайыздары

10

Жүрек, бауыр, өкпе

Атауы

Басымдық

Қан топтарының үйлесімділігі

1

Шұғыл мәртебе (Ургентті)

2

Қан топтарының үйлесімділігі

3

Қан топтарының үйлесімділігі

Донор

Реципиент

0

0

A

A

B

B

AB

AB

Қан топтарының үйлесімділігі

Донор

Реципиент

0

0, A, B, AB

A

A, AB

B

B, AB

AB

AB

Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, 
сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің 
жасушалардың донорларының тіркелімдерін
 қалыптастыру және жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Гемопоэздік дің жасушалардың донорларының тіркелімі

Коды

Төлқұжат мәліметі

Тұрғылықты жері

 

Донордың

ДНҚ

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Жынысы

Ұлты

Туған күні

ЖСН

Облыс

Қала

Мекенжайы


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

кестенің жалғасы

 

 

Донордың байланыс ақпараты

Ақпараттандырылған келісімді рәсімдеу күні

Бастапқы/қайталама келісімі

Мобильдік телефоны

Жұмыс/үй тел.

Оқу /жұмыс орны және лауазымы

Эл.пошта мекенжайы

Жақын туысының аты-жөні

Жақын туысының моб. телефоны


 


 


 


 


 


 


 


 

кестенің жалғасы

Зерттеудің мәліметі

Локус бойынша типтеу нәтижелері

Қан алу күні

ДНҚ концентрациясы

Әдісі

Типтеу күні

Типтеуді орындаған маманның коды

A

B

C

DR

DQ


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

кестенің жалғасы

Бас тартудың себебі

Ескертпе (Донордың қосымша құжаттамасы және реципиент туралы ақпарат)


 


 

Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың 
(ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ 
тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың 
(ағзалардың бөлігінің), гемопоздік дің жасушалардың 
донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және
 жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркеліміне кіруге арналған өтініш- ақпараттандырылған келісім
  Мен, төменде қол қойған ______________________________________________________ Қазақстан Республикасының гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркеліміне (бұдан әрі - Тіркелім) өз еркімен кіруге дайын екенімді және маған туыс емес пациенттердің қажеттіліктері үшін гемопоэздік дің жасушаларын (бұдан әрі - ГБЖ) ерікті және ақысыз түрде тапсыруға келісімімді білдіремін.
 (қолы)______________
Мен ГДЖ-ды ерікті түрде беруге қатысты қолда бар ақпаратпен танысып, менің қатысуымның сипаты мен мақсаттары бойынша Тіркелімге қосылу туралы мәселені талқылаған қызметкерден толық түсініктеме алдым. Барлық сұрақтарымды қоюға мүмкіндік алдым.
Бұдан басқа, ГДЖ алудың мақсаттары мен әдістері, бұл ретте туындаған қауіптер, сондай-ақ, ГДЖ-ның донациясынан бұрын қолданылатын препараттардың ықтимал жанама әсерлері туралы хабар алдым.
Мен ГДЖ донорлығына қатысты болашақта пайда болатын барлық сұрақтарыма толық жауап алатынымды білемін.
 (қолы)______________
Менің төменде келтірілген дербес деректерім, сондай-ақ донорлық тінді зерттеу нәтижелері олардың ақпараттық қорғалуы шартымен, электрондық дерекқорға енгізілетініне келісемін.
Маған және менің денсаулығыма қатысты барлық ақпарат құпия болып табылатындығын және мамандардың шектелген тобы жұмыс істейтін Тіркелімде белгісіз нысанда сақталатындығын білемін.
Мен дербес деректерімді (HLA-генотипі, туған күні, жынысы) Гемопоэздік дің жасушаларының донорларын іздеу орталықтарына беруге келісемін.
Менің тестілерімнің нәтижелері маған тек дәрігерімнен арнайы сұрау алғаннан кейін ғана маған жіберілетініне келісемін.
 (қолы)______________
Менің әлеуетті донор болу ниетім гемопоэздік дің жасушалары донорлығының бірінші кезеңі болатынын түсінемін.
HLA-фенотипін анықтау үшін қолдағы тамырдан пункция алу арқылы шамамен 5,0-6,0 мл қан алынатынына және сынаманың бір бөлшегі одан әрі тестілеу мақсатында қатырылатынына келісемін.
Егер менің HLA-генотипім гемопоездік дің жасушаларын трансплантатауға мұқтаж науқастың HLA-генотипіне сәйкес келсе, маған бұл туралы хабарланады және менің келісімімнен кейін донорлық тін ретіндегі гемопоэздік дің жасушаларын пайдалану мәселесі шешілуі мүмкін.
 (қолы)______________
Менің жеке ақпаратым (тұрақты жерім, байланыс телефондары, электрондық пошта) өзгерген жағдайда Тіркелім өкілдеріне хабарын айтуды өзімнің міндетіме аламын, сондай-ақ менің денсаулығым туралы қажетті ақпаратты хабарлауға келісемін.
 (қолы)______________
Мен жазбаша өтініштің негізінде кез-келген сәтте Қазақстан Республикасының Гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімінен бір жақты тәртіппен шығу ниетімді өзіме қалдырамын.
 (қолы)______________
Қазақстан Республикасының гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркеліміне кіруге арналған өтініш – ақпараттандырылған келісімнің сауалнамасы

Тегі


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Аты


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Әкесінің аты


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

ЖСН


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Донор коды


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

  Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі _______________

Туған күні


 


 


 


 


 


 


 


 

күні

айы

жылы

  Жынысы: М (ер □) / F (әйел □); Бойы _______ см, Салмағы _______ кг.

Ұлты


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Донордың байланыс ақпараты:

Моб. тел:

8


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Моб. тел

8


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Үй. тел:

8


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жұмыс. тел:

8


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Эл.пошта:


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

  Донордың тұрақты жері: ____________________________________________
 __________________________________________________________________ (елді мекен, көше, үй, пәтер нөмірі)

Ағымдағы жұмыс орны:


 

Лауазымы:


 

Жұмыс телефоны:

8


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жақын туысының байланыс ақпараты:

Моб. тел:

8


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Үй. тел:

8


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жұм. тел:

8


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Өтінішті беру күні


 


 


 


 


 


 


 


 

күні

айы

жылы

Жеке ақпаратым өзгерген жағдайда Регистр өкілдеріне келесі байланыстар арқылы хабарын айтуды өзімнің міндетіме аламын: nrdkmrk@gmail.com, ж.т. 8 (7172)57 04 25, моб.+ WhatsApp: 8 747 57 04 25
  Тіркелімнің аймақтық өкілінің байланыс деректері _____________________
  Донордың аты-жөні, қолы __________________________________________,
 Келісімді Тіркелім қызметкері қабылдады: ____________________________ (аты-жөні, қолы)
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, 
сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің 
жасушалардың донорларының тіркелімдерін қалыптастыру
 және жүргізу қағидаларына
6-қосымша
ГДЖ донорларын HLA-жүйесі бойынша типтеуге жолдама
 Направление на типирование по HLA-системе доноров ГСК

Донордың коды

(Код донора)

Туған күні

(Дата рождения)

Донордың толық Т.А.Ә.

(Ф.И.О. донора полностью)

ДНҚ коды

(ДНК код)

Донорды жіберген МҰ

(МО направляющий донора)

Ескертпе

(Примечание)

1

2

3

4


 

6

7

1


 


 


 


 


 


 

Қан алынған күн мен уақыты (Дата и время забора крови):
Жіберуші дәрігердің ТАӘ (ФИО направляющего врача):
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, 
сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің 
жасушалардың донорларының тіркелімдерін 
қалыптастыру және жүргізу қағидаларына
7-қосымша
Орталыққа қан үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларының әлеуетті доноры туралы ақпаратты беру алгоритмі
1. Орталыққа донор қанының үлгісін жинау және жеткізуді қан қызметі саласында жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
2. Қан үлгілері венадан 4-5 мл. мөлшерінде алынып, EDTA антикоагулянты (вакутейнер) бар вакуумдық түтікте жиналады. Тіндердің пайда болуына жол бермеу үшін антикоагулянтпен қан үлгісі 8-10 есе инверсиямен араласады,. Сынақ түтігінде донордың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, қан үлгісін жинау күні, уақыты көрсетіледі.
3. Қан үлгілерін жіберу үшін жылу оқшаулағыш қасиеттері және тығыздау қақпағы бар жарықтан қорғалған контейнерде (салқындатқыш қап) + 4- + 8 С температурасында жүзеге асырылады.
4. Орталықтың қашықтығына байланысты қан үлгісін тасымалдау автомобиль, теміржол және әуе көлігімен жүзеге асырылады.
5. Қан үлгісі алынғаннан кейін Тіркелімге арналған донор туралы ақпарат 48 сағаттың ішінде, аптаның жұмыс күндері Орталыққа жеткізіледі.
6. Қан үлгісін зерттеу гемолиз қызып кету, қату немесе көзге көрінетін қойырылудың болуы жағдайында, сондай-ақ қан үлгісін алған сәтінен бастап 48 сағат өткеннен кейін жүргізілмейді.
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) 
ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, 
сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе)
 ағзалардың (ағзалардың бөлігінің), гемопоэздік дің 
жасушалардың донорларының тіркелімдерін 
қалыптастыру және жүргізу қағидаларына
8-қосымша

Пациенттің ТАӘ

Пациенттің туған күні

Диагноз

Сұранысты орындаған орталықтың атауы

Сұраныс күні

1


 


 


 


 


 

кестенің жалғасы

Әлеуетті донорды тіндік типтеу нәтижесі

Әлеуетті донор табылған Тіркелімнің атауы

Әлеуетті донордың ID

A

B

C

DR

DQ


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

кестенің жалғасы

Әлеуетті донордың тіндік типтеу нәтижелері

Есеп беру кезеңіндегі сұраудың нәтижесі

A

B

C

DR

DQ