«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 27 ақпандағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10678 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-116/2020 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 98 бұйрығымен бекітілген
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту ережесі
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-120 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.02.2020 жылғы № ҚР ДСМ-9/2020 Бұйрығына сәйкес (29.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарды алмастыратын және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін айқындайды.
2. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде туберкулезбен ауыратын және туберкулезді бастан өткерген науқастарға 10 қайта қарауға байланысты аурулар мен проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесінің кодтары бойынша;
2) туберкулезбен ауыратын және туберкулезді бастан өткерген адамдарды, науқастарды қоспағанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі-МӘМС) жүргізіледі
3. Осы қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) биоәлеуметтік функциялар - бұл тіршілік әрекеті мен денсаулық шектеулері қызметінің халықаралық жіктемесіне сәйкес өлшемшарттар бойынша айқындалатын, өзіне қызмет көрсетуге, кеңістікке бейімделуге және уақытқа, қозғалысқа, қабылдауға, сексуальдық функцияларға, экономикалық және әлеуметтік тәуелсіздікке, еңбек және шығармашылық қызметке қабілеттілігі (бұдан әрі - БӘФ);
2) 9-қайта қаралған аурулардың, жарақаттардың және өлім себептерінің халықаралық сыныптамасы - денсаулық сақтаудағы статистикалық және сыныптамалық негіз ретінде пайдаланылатын құжат (бұдан әрі - АХЖ - 9);
3) қалпына келтіру емі - негізгі ауруды ерте қалпына келтіру кезеңінде медициналық қызметтер көрсету кешені;
4) медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
5) мультидисциплинарлық топ - тыныс - тіршілігінің сипаты мен дәрежесіне, пациент ағзасының функциялары мен құрылымдарының бұзылуына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына қарай қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы (бұдан әрі-МДТ).
6) мобильдік бригада - оңалту әлеуеті бар, бірақ өз бетінше қозғала алмайтын, оның ішінде әлеуметтік көрсеткіштер бойынша және медициналық оңалту бойынша іс - шараларды жалғастыруға немесе ұзақ жүргізуге мұқтаж пациентті тұрғылықты жері бойынша көшпелі нысанда медициналық қызметтердің кешенін көрсету нысаны.
7) оңалту диагнозы - туындаған зақымданудың сипаттауды және осы бұзушылықтың салдарынан болған тұрмыстық және кәсіби дағдыны халықаралық компоненттерінің жіктемесі жұмыс істеуінің халықаралық сыныптамасының өлшемшарттары және балалар мен жасөспірімдердің жұмыс істеуінің халықаралық сыныптамасы ХКЖ-БЖ негізінде БӘФ қамтитын аурудың (жарақаттың) қызмет етуінің салдарын бағалау өлшемін көрсететін диагноз;
8) оңалту әлеуеті - белгілі бір уақыт аралығында пациенттің организмінің бұзылған және (немесе) жойылған функцияларын ішінара немесе толықтай қалпына келтірудің клиникалық тұрғыдан негізделген мүмкіндігі;
9) оңалту бағдарының шкаласы (бұдан әрі - ОБШ) - халықаралық компоненттерінің жіктемесінің жұмыс істеуінің халықаралық жіктемесінің немесе балалар мен жасөспірімдердің жұмыс істеуінің халықаралық жіктемесінің өлшемдері негізінде БӘФ - ны бағалаудың жиынтық көрсеткіші: қалыптасуы мынадай өлшемдер негізінде жүзеге асырылатын: b - функцияны бағалау, d - белсенділікті бағалау, s-организмнің құрылымы, Е-қоршаған ортаның факторлары.
10) пациентті/мүгедекті жеке оңалту бағдарламасының медициналық бөлімі ( бұдан әрі - ОЖБ) - медициналық оңалту жүргізудің нақты көлемін, түрін және мерзімін анықтайтын құжат;
11) өмір тіршілігі мен денсаулықтың жұмыс істеуі, шектеулерінің халықаралық жіктемесі - бұл өмір тіршілігі мен денсаулықтың жұмыс істеуі, шектелуі, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер үшін (бұдан әрі - ХКЖ БЖ) компоненттерінің жіктемесі (бұдан әрі- ХКЖ);
12) 10-шы қайта қаралған аурулар мен проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі - денсаулық сақтаудағы жетекші статистикалық және жіктемелік негіз ретінде пайдаланылатын құжат (бұдан әрі - АХЖ - 10);
2-тарау. Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту тәртібі
4. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді пайдалана отырып, медициналық көмектің мынадай нысандарында ұсынылады:
амбулаториялық-емханалық;
стационарды алмастыратын;
стационарлық.
5. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес қалпына келтіру емі және медициналық оңалту медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына және диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
6. "Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) сәйкес қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту үшін пациентті стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады.
7. Пациентті стационарға жатқызу кезінде "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) сәйкес электрондық форматта бекітілген медициналық карта ресімделеді.
8. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ересектер мен балаларға жіті аурулар мен жағдайлар, жарақаттар, хирургиялық араласулар кезінде, тіршілік әрекеті шектелген емделушілерге, оңалту әлеуетін ескере отырып, аурулар және (немесе) функциялары мен құрылымдарының бұзылулары бар жағдайлар кезінде, әлеуметтік мәні бар аурулар мен жекелеген нозологиялық нысандар кезінде жүзеге асырылады.
9. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды көрсету деңгейі нозологияға, пациент жағдайының ауырлық дәрежесіне және осы Қағидаларға 1-10-қосымшаларға сәйкес ОБШ бойынша МДТ мамандарының қатысуымен ХКЖ немесе ХКЖ-БЖ өлшемдері негізінде БӘФ бұзылыстарының қалыптастыру тәртібіне сәйкес айқындалады.
10. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту мынандай деңгейдегі медициналық ұйымдарда жүргізіледі:
бірінші деңгейдегі медициналық ұйымдар - медициналық оңалту бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдар мынадай жағдайларда: оңалту кабинеті, жай-күйі ОБШ бойынша 1-ден 2 балға дейін бағаланатын пациенттерге күндізгі стационар;
екінші деңгейдегі медициналық ұйымдар - өз құрылымында медициналық оңалту бойынша көмек көрсететін мамандандырылған бөлімшелері және (немесе) орталықтары бар мамандандырылған медициналық ұйымдар: оңалту кабинеті, жағдайы ОБШ бойынша 2-ден 4-ке дейін бағаланатын пациенттерге күндізгі стационар және стационарлық жағдайларда;
үшінші деңгейдегі медициналық ұйымдар - өз құрылымында бөлімшелері және (немесе) медициналық оңалту бойынша мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық көмек көрсететін орталықтары бар мамандандырылған медициналық ұйымдар: амбулаториялық-емханалық, жағдайы ОБШ бойынша 2-ден 4-ке дейін бағаланатын пациенттерге медициналық оңалтуды жүзеге асыратын күндізгі стационар және (немесе) стационарлық жағдайларда.
Телемедициналық және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сондай-ақ жылжымалы бригадалармен көшпелі түрде қалпына келтіру емі және медициналық оңалту оңалту әлеуеті бар, бірақ өз бетінше жүре алмайтын, оның ішінде әлеуметтік көрсетілімдер бойынша жүре алмайтын пациенттерге көрсетіледі және медициналық оңалту бойынша іс-шараларды жалғастыру немесе ұзақ жүргізуді қажет етеді.
11. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту үш кезеңді қамтиды:
1) бірінші кезең (ерте) - аурудың жіті және жітілеу кезеңдерінде, операциялық араласулар, жарақаттар кезіндегі қалпына келтіру емі. Бірінші кезең мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде (реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде немесе мамандандырылған бейінді бөлімшеде) асқынулардың профилактикасы және клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі ауруды емдеу шеңберінде функционалдық қалпына келтіруді жеделдету үшін реабилитолог дәрігердің кеңесінен кейін жүргізіледі.
Бірінші кезеңде пациентті ерте қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды өткізу өмірлік маңызды функциялар тұрақтанғаннан кейін өткізіледі.
Негізгі ауруды емдеу курсы және бірінші кезең аяқталған кезде бейінді маман реабилитолог дәрігермен бірлесіп пациенттің әлеуетін айқындайды және алғаш рет белгіленген оңалту диагнозын, ОБШ бойынша пациенттің бағытын қалыптастырады және шығару эпикризін рәсімдей отырып, пациентті оңалтудың келесі кезеңдеріне (екінші немесе үшінші) жіберуді қалыптастырады.
Оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңдеріне жолдама жаңа жағдайларды немесе ілеспелі аурулардың асқынуын қоспағанда, стационардан шыққан сәттен бастап бір ай ішінде жүргізіледі. ОБШ-ны және ХКЖ/ХКЖ-БЖ критерийлерін бағалаудың қолданылу мерзімі оңалту кезеңдері арасында күнтізбелік 30 күнді құрайды;
2) екінші кезең (жалғастырушы) - қалпына келтіру емі және медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе оңалту төсектерінде, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында, мамандандырылған оңалту орталықтарында, көп бейінді стационарларда жүргізіледі.
Екінші кезең МДТ мамандарының қатысуымен ХКЖ немесе ХКЖ-БЖ негізінде пациент жағдайының ауырлық дәрежесіне, БӘФ-ның бұзылуына байланысты емдеу ұзақтығымен ауырған аурудан (операциялық араласудан) кейін 6-9 айдың ішінде бір рет өткізіледі.
Бір емдеу курсының ұзақтығы және екінші кезеңнің еселігі реабилитолог дәрігердің немесе ОБШ бойынша МДТ қорытындысы, ХҚЖ немесе ХҚЖ-БЖ өлшемдері бойынша, пациент жағдайының ауырлық дәрежесі бойынша анықталады.
Екінші кезеңнің ішінде қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың бірнеше курстарын өткізген кезде әрбір курс жаңа жағдай деп есептеледі. Екінші кезеңнің курстары арасындағы интервалдың ұзақтығы 30 күннен аспайды.
Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың екінші кезеңін жүргізу үшін пациентті бір медициналық ұйым шегінде бейінді бөлімшеден оңалту бөлімшесіне ауыстыру кезінде оны оңалтудың жаңа жағдайы деп саналсын;
3) үшінші кезең (кеш немесе қолдаушы) жіті, жітілеу кезеңде емдеу аяқталғаннан кейін және ХКЖ немесе ХКЖ-БЖ өлшемшарттарын бағалағаннан кейін БӘФ сақталған кезде жүргізіледі. Қалпына келтіру емі мен екінші кезеңді медициналық оңалтуды жалғастыруды талап етпейтін жағдайда, пациент ОБШ-ға сәйкес, қалыптастыру тәртібіне сәйкес медициналық оңалтудың үшінші кезеңін, осы Қағидаларға 1-10-қосымшаларға ОБШ-ға сәйкес қалыптастыру тәртібін алады.
Үшінші кезеңді медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының оңалту төсектерінде (созылмалы аурулары бар және жекелеген нозологиялық нысандары бар балалар үшін), амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда жүргізіледі.
Үшінші кезеңді медициналық оңалту ересектер үшін жылына екі рет және балалар үшін жылына үш рет емдеу жиілігі бар оңалту диагнозы қойылған сәттен бастап 3 жылдың ішінде жүргізіледі.
12. Екінші және үшінші кезеңдерде реабилитолог дәрігер немесе МДТ оңалту іс-шараларының басында және аяқталғаннан кейін әрбір пациентке осы Қағидаларға 1-10-қосымшаларға сәйкес бағдарлау шкаласын және оңалту бағытын қалыптастыру тәртібіне сәйкес ХКЖ немесе ХКЖ-БЖ өлшемшарттарының қалыптастыру тәртібіне сәйкес негізінде ОБШ-ға анықтаумен медициналық карта мен ақпараттық жүйеге оңалту диагнозын енгізеді.
Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзіндінің көшірмесі пациенттің тұрғылықты (нақты болған) жері бойынша МСАК ұйымына жіберіледі.
МСАК дәрігері пациентті оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізуге, оның ішінде реабилитолог немесе МДТ дәрігерінің қорытындысы негізінде телемедициналық және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жібереді, онда келесі келу күні, ОБШ және өткізу орны көрсетілген.
Емдеу курсының қалпына келтіру емі және медициналық оңалтудың ұзақтығы, қызметтердің тізбесі мен көлемі пациентті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін ресімдей отырып, негізгі ауруды базалық емдеуді ескере отырып, реабилитолог дәрігердің немесе МДТ қорытындысы негізінде айқындалады.
Жүргізілген медициналық оңалтуға және негізгі аурудың күтпеген асқынуына байланысты емес пациенттің жай-күйі нашарлаған кезде пациент реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне немесе мамандандырылған бейінді бөлімшеге ауыстырылады. Оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңдерін жүргізу тоқтатылады және ақпараттық жүйеге ОБШ-ны бағалай отырып, аяқталған жағдай ретінде енгізіледі.
Жүргізілген оңалтудың сапасына байланысты емес пациенттің қалауы бойынша қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту тоқтатылған кезде осы кезең ОБШ-ны және ХКЖ немесе ХКЖ-БЖ өлшемшарттарын бағалай отырып, ақпараттық жүйеге енгізумен аяқталған және оңалтудың жеке жоспарының бөліктерін жағдай ретінде ресімделеді.
Қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды қажет ететін МСАК-қа пациент алғаш жүгінген кезде МСАК дәрігері оңалту кезеңдеріне (екінші немесе үшінші) жолдамамен және ОЖБ-ның медициналық бөлігін ресімдеумен ОБШ бойынша пациенттің бағытын белгілей отырып, ХКЖ/ХКЖ-БЖ өлшемшарттарының негізінде бастапқы оңалту диагнозын қалыптастыру үшін реабилитолог дәрігерге немесе МДТ-ға консультацияға жібереді.
13. МДТ отырысы стационарда және МСАК-да реабилитолог дәрігердің шешімі бойынша өткізіледі. МДТ отырысының қорытындысы бойынша пациенттің медициналық картасында жалпы қорытынды жасалады және деректер ақпараттық жүйеге енгізіледі.
Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың екінші және үшінші кезеңдерінде отырыс стационар мен БМСК-де өткізіледі. МДТ шешімінің қорытындысы бойынша пациенттің медициналық картасында жалпы қорытынды жасалады және деректер ақпараттық жүйеге енгізіледі.
МДТ қорытындысы бойынша функцияларды және (немесе) тіршілік әрекетін (ОБШ бойынша) қалпына келтіру келешегі жоқ пациентке оңалту іс-шаралары жүргізілмейді.
Бірінші кезеңде МДТ құрылмайды, ал пациентті келесі кезеңге ауыстыру реабилитолог дәрігердің және бейінді ауру жөніндегі маманның консультациясы негізінде жүргізіледі.
14. ОБШ бойынша пациенттің жай-күйі тәулік бойы/күндізгі стационарға түскен кезде немесе ХКЖ өлшемдері барынша айқын белгісі бойынша МСАК ұйымына жүгінген кезде бағаланады.
Функциялардың бұзылуын бағалау қағидаты анатомиялық-физиологиялық белгілерге негізделеді.
ХКЖ өлшемшарттарының әрқайсысы ОБШ-да балмен көрсетілетін бұзушылықтардың айқындылығын сипаттау үшін 0-ден 5-ке дейін өзінің мәні бар.
ХКЖ өлшемдері бойынша бұзылу дәрежесі бар пациенттер:
0 балл медициналық оңалтуға мұқтаждар тобынан шығарылады және медициналық көрсетілімдер болған жағдайда клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі ауру бойынша емдеу/динамикалық бақылау алады;
1 балл - қалпына келтіру емінің екінші кезеңін өткізбей, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың профилакторийі, санаторийі, бөлімшелері/оңалту кабинеті жағдайында, сондай-ақ оңалтушы дәрігердің/МДТ қорытындысына сәйкес МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша телемедициналық және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, амбулаториялық жағдайларда медициналық оңалтуды алады;
2-3-4 балл - көп бейінді стационар, мамандандырылған оңалту орталығы, күндізгі стационар (мамандандырылған оңалту орталығы, санаторий, мамандандырылған санаторий), профилакторий, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың оңалту бөлімшелері/кабинеттерінің жағдайларында, сондай-ақ көшпелі нысандарды пайдалана отырып амбулаториялық жағдайларда, реабилитолог дәрігердің/МДТ қорытындысына сәйкес МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша амбулаториялық жағдайларда алады;
5 балл (оңалту әлеуеті жоқ) - тәулік бойы стационар, мамандандырылған мекемелер, үйдегі стационар жағдайында ұялы бригаданың қатысуымен паллиативтік көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер үшін.
15. ОБШ медициналық оңалтудың барлық кезеңдерінде пациенттің оңалту мәртебесін сипаттау үшін қолданылады.
Оңалту іс - шараларының тиімділігін бағалауды оңалтудың үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін реабилитолог дәрігер немесе МДТ жүргізеді. Үшінші кезең аяқталғаннан кейін пациент қолдау көрсететін медициналық оңалтуға немесе одан әрі динамикалық бақылауға жіберіледі.
16. Өмірінің бірінші жылындағы балалар үшін қалпынна келтіру емі және медициналық оңалту МСАК деңгейінде/катамнез кабинеттерінде педиатрлардың/неонатологтар дәрігерлерімен әрбір үш ай сайын нерв-психикалық дамуын бағалай отырып, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Аурудың созылмалы ағымы бар және динамикалық бақылаудағы балалар мен жасөспірімдер асқынулардың алдын алу мақсатында үшінші кезеңде жылына 2-3 рет демеуші медициналық оңалтудан өтеді.
Оңалтудың барлық кезеңдерінен өткен және динамикалық бақылауға жататын ересектер оңалтуды үшінші кезеңдегі жылда реабилитолог дәрігердің/МДТ ұсыныстары негізінде МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша өтеді.
17. Неврология және нейрохирургия, кардиология және кардиохирургия, травматология және ортопедия бейіндері бойынша жүргізілген операциялық емдеуден (қалпына келтіру емінен) кейін Қазақстан азаматы басқа елден келген жағдайда МСАК дәрігері пациентті медициналық оңалтуға реабилитолог дәрігердің/МДТ ұсынысынан кейін ХКЖ немесе ХКЖ БЖ өлшемдері бойынша ОБШ бағасы негізінде жібереді.
18. Негізгі ауру бойынша медициналық оңалтуды жүргізу үшін:
1) әртүрлі текті жиі қайталанатын немесе мол қан кетулер;
2) шығу тегі белгісіз фебрильді қызба немесе субфебрильді қызба;
3) жіті инфекциялық аурулар;
4) жіті остеомиелит;
5) терең көктамырлардың жіті тромбозы;
6) жүрек ырғағының, жүрек жеткіліксіздігінің асқынған бұзылуы
7) туберкулездің барлық нысандарының белсенді сатысы;
8) қатерлі ісіктер (IV клиникалық топ);
9) тыныс алу функциясының ІІІ және одан жоғары жеткіліксіздігі;
10) елеулі улану кезінде әртүрлі іріңді (өкпе) аурулар;
11) декомпенсация сатысындағы аурулар, атап айтқанда, түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалар), бауырдың, ұйқы безінің ІІІ дәрежелі функциялық жеткіліксіздігі;
12) талма кезеңдегі эпилепсия;
13) эмоция мен мінез-құлықтың бұзылуымен, жеке басын десоциациялаумен психологиялық аурулар;
14) терінің іріңді аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, микоз аурулары және басқалар);
15) 2 -3 - дәрежелі анемия;
16) 3 - дәрежелі дистрофия;
19. Туберкулез ауруымен ауыратын және туберкулез ауруымен ауырған ересектер мен балаларды қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту АХЖ - 10 кодтары бойынша "Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №77 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13384 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
Туберкулезді бастан өткерген адамдар үшін диагнозды қалыптастыру кезінде АХЖ - 10 XXI класының коды бойынша негізгі диагноздың коды және АХЖ-10 кодтары бойынша диагнозды нақтылайтын кодты көрсете отырып, қос кодтау пайдаланылады.
20. Наркологиялық және психикалық аурулармен ауыратын ересектер мен балаларды қалпына келтіру емі және медициналық оңалту АХЖ-10 кодтары бойынша "Қазақстан Республикасында халыққа психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13404 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
21. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту барлық кезеңдерде АХЖ-10 кодтары бойынша диагноздар тізбесіне және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес АХЖ-10 XXI класының коды бойынша нақтылаушы диагнозды көрсете отырып, АХЖ-9 кодтары бойынша операциялар (манипуляциялар) тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |