• Мое избранное
Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.04.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 мамырда № 11076 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 22 сәуірден бастап  ҚР Қаржы министрінің 19.03.2018 жылғы № 388 Бұйрығына сәйкес
Редакция 19.10.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 4-2 тармағына және 624-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе сөзбасы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 26.12.2015 жылғы № 690 Бұйрығына сәйкес (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.11.2015 жылғы № 561 Бұйрығына сәйкес (15.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 26.12.2015 жылғы № 690 Бұйрығына сәйкес (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016 жылғы № 555 Бұйрығына сәйкес (26.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімінің нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес туынды қаржы құралдары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік есепте төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйлықақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тіркелімі нысаны;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес кредит (қарыз) бойынша және оған сыйлықақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тізілімі нысаны;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес туроператордың қызметі бойынша салық тіркелімінің нысаны;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес табыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөніндегі салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мен жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық міндеттемелерін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес салық тіркелімдері нысандарын жасау қағидасы;
13) осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес 1.1 «Бухгалтерлік баланс» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
14) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес 1.2 «Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп» (үстеме пайда салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
15) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес 1.3 «Өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп» (қосылған құн салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
16) осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес 1.4 «Өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» (пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
17) осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес 1.5 «Дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
18) осы бұйрықтың 18-қосымшасына сәйкес 2.1 «Бухгалтерлік баланс» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
19) осы бұйрықтың 19-қосымшасына сәйкес 2.2 «Кірістер мен шығыстар туралы есеп» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
20) осы бұйрықтың 20-қосымшасына сәйкес 2.3 «Дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
21) осы бұйрықтың 21-қосымшасына сәйкес 3.1 «Зейнетақы активтері бойынша есеп» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
22) осы бұйрықтың 22-қосымшасына сәйкес 3.2 «Зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
23) осы бұйрықтың 23-қосымшасына сәйкес 3.3 «Бухгалтерлік баланс» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
24) осы бұйрықтың 24-қосымшасына сәйкес 3.4 «Кірістер және шығыстар туралы есеп» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
25) осы бұйрықтың 25-қосымшасына сәйкес 4.1 «Сақтандыру қызметі туралы есеп» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
26) осы бұйрықтың 26-қосымшасына сәйкес 4.2 «Бухгалтерлік баланс» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
27) осы бұйрықтың 27-қосымшасына сәйкес 4.3 «Кірістер және шығыстар туралы есеп» (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
28) осы бұйрықтың 28-қосымшасына сәйкес 5 «Алдағы (ағымдағы) күнтізбелік жылға қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарланатын көрсеткіштері туралы» салық тіркелімінің нысаны;
29) осы бұйрықтың 29-қосымшасына сәйкес салық тіркелімдері (1.1-1.5, 2.1-2.3, 3.1-3.4, 4.1-4.3, 5 нысандары) түріндегі, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерімен табыс етілетін, мониторинг бойынша есептілікті жасау қағидасы;
30) осы бұйрықтың 30-қосымшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) өзге мүлік алғаны туралы салық тіркелімінің нысаны;
31) осы бұйрықтың 31-қосымшасына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелері шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақша және (немесе) өзге мүлік туралы салық тіркелімінің нысаны;
32) осы бұйрықтың 32-қосымшасына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті жаратуы туралы салық тіркелімінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы Р.Бекетаев
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 міндетін атқарушының
2015 жылғы 15 сәуірдегі
 № 271 бұйрығына
 1-қосымша
Нысан
Инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімі
 1. ЖСН/БСН _________________________________________________
2. Т.А.Ә. немесе салық төлеушінің атауы ____________________________
3. Салық кезеңі: ______________________________________________
Инвестициялық преференциялар бойынша шегерімдер
(теңге)