• Мое избранное
Экономикалық қызметтің барлық салалары үшін ортақ қызметшілер лауазымдарының кәсіби стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Экономикалық қызметтің барлық салалары үшін ортақ қызметшілер лауазымдарының кәсіби стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 ақпанда № 9152 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Жұртшылықпен байланыс қызметі» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Құжаттамалық қамтамасыз ету және іс қағаздарын жүргізу» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) 3) «Басшылардың қызметін ұйымдық қамтамасыз ету» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Персоналды басқару («Менеджмент» бизнес бағыттары бойынша)» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Кадрларды іріктеу және кадрларды даярлау» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Адам ресурстарын дамыту саласындағы еңбек жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Аударма ісі» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Кадрларды әлеуметтік-психологиялық қолдау» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) «Ғимаратта рұқсаттамалық жүйені және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
11) «Заң қызметі» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
12) «Өндірісте зертханалық зерттеулер жүргізу саласындағы қызмет» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
13) «Экономикалық қызмет» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Оспанов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т. Дүйсенова