2015 жылғы 22 маусымдағы № 41-01-46/1172-и хатқа
-
Продукты:
Консультации










Отправить по почте
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2015 жылғы 10 шілдедегі № 8366 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
2015 жылғы 22 маусымдағы № 41-01-46/1172-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасы бұйрығының жобасын қарап, келесі ұсыныстарды жолдаймыз.
Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есепте (3-ақпарат):
1.4.5-тармақ алынып тасталсын, себебі оның көрсетілуі серверлік жабдықтың бірлік санына байланысты емес;
Терминді нақтылау үшін 1.4.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Серверлік шкаф және тіреу»;
3.1.10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Өнімдерді жеткізу бойынша онлайн қызметтер», себебі аталған ұғым өнімді интернет желісі арқылы жеткізуді емес, өнімді жеткізу қызметі не онлайн тапсырыс беруді білдіреді;
Кәсіпорындардың жұмысына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу тиімділігін анықтау мақсатында, мынадай мазмұндағы 3.5.-тармақ қосылсын: «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланудың қағаздағы ақпарат тасымалдағыштарына жұмсалатын шығындарға әсері».
Комитет хатшысы Н. Бөкейханов

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |