• Мое избранное
Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.04.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-2/60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11010 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 30 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.02.2018 жылғы № 80 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 7 сәуір

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 31 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 30 қаңтардағы
 № 4-2/60 бұйрығымен
 бекітілген
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) құрылымдық бөлімше - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың құрамына кіретін және тұқымдардың сорттық және егу сапасына зерттеулер жүргiзуге арналған аумақтық оқшауланған бөлiмше;
2) өтініш беруші – аттестаттаудан өту және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн алу үшін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) өтініш берген заңды тұлға;
3) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау – заңды тұлғаның тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
4) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлік – мемлекеттің тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың қызметін танығандығы туралы куәландыратын, өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы орган берген құжат.
3. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттауды жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлікті бере отырып, жүргізеді (бұдан әрі – аттестаттау туралы куәлік).
4. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттауды жүргізу үшін жергілікті атқарушы органының қаулысымен құрамында кемінде бес адам (комиссияның төрағасы және төрт мүшесі) бар тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
Комиссия жергілікті атқарушы органның өкілдерінен тұрады. 
Жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлімі комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс орган) болып табылады.
5. Заңды тұлғаға тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру өтініш берушінің осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – талаптар) сәйкес болған жағдайда жергілікті атқарушы органның қаулысымен жүзеге асырылады.
2. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттауды жүргізу тәртібі
Параграф 1. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды алғашқы аттестаттауды жүргізу
         6. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiн алу үшін өтініш беруші Жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды (қайта аттестаттауды) жүргізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысанын (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны).
Өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліміттерді Жұмыс органы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өтініш беруші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды нысанда құжаттарын тапсыра алады.
7. Комиссия өтініш берушінің осы Қағидалардың 6-тармағында көрcетiлген құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Жұмыс органы екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрcетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, комиссия сегіз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жергілікті жерге бара отырып, өтініш берушінің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелерінің (бар болса) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 жылғы № 233 Бұйрығына сәйкес (30.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Өтініш берушіні және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелерін (бар болса) тексеру нәтижелері бойынша комиссия бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) екі данада жасайды. Бір данасы комиссияда қалады, екіншісі өтініш берушіге беріледі.
10. Комиссия осы Қағидалардың 6-тармағында көрcетiлген құжаттарды, сондай-ақ тексеру актілерін қарау қорытындысы бойынша екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру не бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және оған комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қояды.
11. Комиссияның өтініш берушіге тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы шешімі негізінде Жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган қаулысының тиісті жобасын дайындайды, ол бекітілгеннен кейiн Жұмыс органы өтініш берушіге мерзімі үш жылға жарамды аттестаттау туралы куәлік береді.
Өтініш берушінің құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда, олар аттестаттау туралы куәлікке қосымшада көрсетіледі.
12. Өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі өтініш беруші осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап он алты жұмыс күнін құрайды.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 жылғы № 233 Бұйрығына сәйкес (30.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13. Талаптарға сәйкес келмеген өтініш берушіге Жұмыс органы осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзім ішінде бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
13-1. Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттаудан өткізуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
Осы Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 жылғы № 233 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) өтініш беруші аттестаттау жүргізу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) аттестаттау жүргізу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Параграф 2. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың атауы немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу
         14. Атауы немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлікті және (немесе) аттестаттау туралы куәлікке қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш (бұдан әрі – қайта ресімдеу туралы өтініш);
2) мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараттар бар құжаттарды қоспағанда, аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;