Toggle Dropdown
6
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10466 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 30.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 32) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Инвестициялар және даму министрі
Toggle Dropdown
______________Ә. Исекешев
Toggle Dropdown
13 ақпан 2015 жылы
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Ұлттық экономика министрі
Toggle Dropdown
__________________ Е. Досаев
Toggle Dropdown
30 қаңтар 2015 жылы
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 7-1/37 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 32) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалар жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі – өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру тәртібін және «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) орналасқан аумақтық бөлімшілер;
Toggle Dropdown
3) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
Toggle Dropdown
4) геоақпараттық сервис – пайдаланушының цифрлық картада өндіріс объектісінің координаттарын (ендік пен бойлық) қалыптастыру үшін бұрылыс нүктелерін таңдауына арналған ақпараттық жүйенің автоматтандырылған сервисі;
Toggle Dropdown
5) есепке алу нөмірі – қызмет түрінен және өндіріс объектісінің нөмірінен тұратын код;
Toggle Dropdown
6) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7) өндіріс объектілерінің есепке алу нөмірлерінің электрондық тізілімі – өтініштер, өндіріс объектілері туралы мәліметтердің, сондай-ақ берілген есепке алу нөмірлері туралы мәліметтердің жиынтығы;
Toggle Dropdown
8) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
8-1) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті – «электрондық үкімет» веб-порталының электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, өтініштерді қарайтын субъектілерге жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
Toggle Dropdown
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтінішті жолдайды.
Toggle Dropdown
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, өндіріс объектісіне бұрын берілген есепке алу нөмірі туралы, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының бар-жоғы туралы, меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға беру/өтеусіз пайдалану) өндірістік үй-жайлардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден не цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Toggle Dropdown
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы жеке кабинеттегі тиісті мәртебе порталда өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
5. «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
Toggle Dropdown
6. Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай берілген өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды болуы қажет.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызметті көрсету және нәтижесін беру мерзімі өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері өтінішті келіп түскен күні тіркейді және оны жауапты қызметкерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) өтініште қамтылған мәліметтерді толық ұсынбаған, қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін береді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растауды не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.