• Мое избранное
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11528 тіркелді

Редакция 23.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 жылғы № 282 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары бекітілсін.
  • 1
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.Қасымбек 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 28 мамыр   
  • 1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 457 бұйрығымен
бекітілген
  • 3
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 жылғы № 878 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау және «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 жылғы № 282 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1232  Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) шағын көлемдi кеменiң кеме жүргiзушiсi - шағын көлемдi кеменiң меншiк иесi болып табылатынына немесе оны өзге заңды негiзде басқаруына қарамастан, шағын көлемдi кеменi басқаратын және тиісті куәлiгi бар адам. Кеме жүргiзушiге кеме жүргiзуге оқытатын адам теңестiрiледi.
3. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттауға он сегіз жасқа толған, шағын көлемді кемелерді басқаруға денсаулығының жай-күйі бойынша жарамды деп танылған, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгі бағдарламадан төмен емес шағын көлемді кемені басқару бойынша теориялық арнайы дайындығы бар адамдар жіберіледі.
4. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар).
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 жылғы № 878 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 825 Бұйрығына сәйкес (14.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 жылғы № 736 Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жатады.
5. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелерді басқару құқығын беретін құжаттар болып табылмайды және шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік алуға аттестаттаудан өту кезінде ұсынылады.
6. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау кезінде компьютерлік кешеннің тестілеу бағдарламасымен емтихан өткізу арқылы өтініш берушілердің теориялық білімін тексеру жүзеге асырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1232  Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 жылғы № 736 Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Емтихандар қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша өткізіледі.
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді ресімдеуді жергілікті атқарушы органдар емтиханың оң нәтижесі болған жағдайда жүзеге асырады.
2-тарау. Емтихандар тапсыруға жіберу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 жылғы № 878 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – 1-өтініш) жібереді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1232  Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 жылғы № 736 Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) жазылған.
7-1. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар төлнұсқасы ұсынылады. Құжаттардың төлнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады. Құжаттардың төлнұсқада ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1232  Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 жылғы № 736 Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынғаннан кейін өтініш берушіге «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Өтініш беруші «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушінің «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсыну мәніне тексергеннен кейін, оны өтініш беруші үшін жұмыс орынымен жабдықталған Мемлекеттік корпорацияның үй-жайына (емтихан класына) емтихан тапсыруға осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жібереді. Өтініш берушіні емтиханға жіберу мерзімі Мемлекеттік корпорацияда өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) сағатты құрайды.
Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде өтініш берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі, сондай-ақ емтихан өткізілетін орны мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы хабарлама жіберіледі.
Портал арқылы құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту береді.
Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды қағаз немесе құжат нысанында жіберіледі.
9. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін өтініш беруші мынадай талаптарды сақтауы тиіс:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1232  Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) теріс нәтижесі бар соңғы емтихан тапсыру күнінен бастап жеті жұмыс күнінен кем емес – емтиханды қайта тапсыру уақыт интервалын;
2) кеме жүргізуші курстарын қайталама және курстарды қайта аяқтау мерзімі он екі айдан аспау;
3) он екi ай iшiнде емтихандарды үш реттен артық теріс нәтижемен тапсыру;
4) жергілікті атқарушы органда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы)* ұсынуы.
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
5) құжаттарды тапсыру барысында он сегіз жасқа толуы.
9-1. Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту негіздері «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген.
Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 жылғы № 736 Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Емтихан тапсыруға жіберуден бас тартылған жағдайда онда бас тарту себептерін көрсете отырып, ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады. Ұсынылған құжаттарды қайтару мерзімі құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнін құрайды.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1232  Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 жылғы № 878 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)