«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11114 тіркелді
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минист ________________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 4 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ________________ Е. Ыдырысов 2015 жылғы 15 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 73 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-21) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі (бұдан әрі - кемелер) қызметті ұйымдастырудың негізгі ережелерін айқындайды.
2. Осы Жарғы типіне, мақсатына және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуді жүзеге асыратын барлық теңіз кемелеріне қолданылады. Осы Жарғы Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің және шекаралық қызметтің теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды.
3. Осы Жарғының талаптары кеме экипажы мүшелеріне олар кемеде болған кезде де, жағада қызметтік міндеттерді орындау кезінде де, сондай-ақ уақытша болған және кемеде қызметтік міндеттері мен жұмысын орындап жүрген тұлғаларға да міндетті болады.
4. Экипаж еңбегін кеме капитаны 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Заңға және осы Жарғыға сәйкес ұйымдастырады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 772 Бұйрығына сәйкес (30.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Осы Жарғыға кірмеген экипаж мүшелерінің лауазымдық міндеттері кеме капитанымен келісім бойынша кеме иесінің лауазымдық нұсқаулығында анықталады.
6. Кемелерде қызметтерді ұйымдастырудың негізі экипаждың барлық мүшелерінің, сондай-ақ жолаушы ретінде кемеде уақытша болатын тұлғалардың міндеттерін анықтайтын кеме кестесі болып табылады.
2. Мемлекеттік ту
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кемеде Заңның 4-бабы 3-тармағының 55-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқығы туралы куәлік алғаннан кейін көтеріледі. Туды алғашқы көтеру күні кеме мерекесі болып есептеледі.
8. Кемеде көтерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кеменің Қазақстан Республикасына тиесілі екенін көрсетеді.
9. Мемлекеттік ту кеме жүзген кезде гафельде немесе кеменің артқы жағындағы тутұғырда және кеме тұрақта тұрған кезде кеменің артқы жағындағы тутұғырда күн сайын таңғы сағат 8-ден бастап көтеріледі және күн батысымен түсіріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы таңғы сағат 8-ден ерте көтеріледі және күн батқаннан кейін, оның көріну жағдайында, мынадай жағдайларда түсірілмейді:
1) кеме портқа кірген кезде және ол порттан шыққан кезде;
2) теңізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзетін әскери кемелермен және сауда кемелерімен кездескен кезде, олардан қашықтағанға дейін.
10. Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін әскери кемемен немесе Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастағы мемлекеттің әскери кемесімен кездескен кезде кеме оған Мемлекеттік туды бір мәрте түсірумен жауап береді. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынаста емес әскери кемемен кездескен кезде жауап беру осы мемлекеттің аумақтық және ішкі суларында ғана жүргізіледі.
11. Шетелдік мемлекеттің аумақтық және ішкі суларында жүзу және тұраққа тұру кезінде фок-мачтада (сигналдық мачта) осы мемлекеттік туы көрсетілген сулардан шыққанға дейін тұрақты көтеріледі және алып жүріледі.
12. Фок-мачтада (сигналдық мачтада) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кемеде ресми тұлғалар ретінде:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламент Палаталардың өкілдері;
3) Қазақстан Республикасының Президентін немесе Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіретін басқа тұлғалар болған кезде көтеріледі.
Кеме бортында шетелдік мемлекеттің жоғарғы билік орнының ресми тұлғасы болған кезде Қазақстан Республикасы портында кеме тұраққа тұрған кезде фок-мачтада (сигналдық мачтада) осы мемлекеттің Мемлекеттік туы көтеріледі.
13. Кеменің тұрағы порты елінің ерекше салтанатты және мерекелік күндері немесе ұлттық мерекесі күндері (Қазақстан Республикасы консулының келісімі бойынша) кеме Халықаралық сигналдар жиынтығы туларымен түрлендіріледі.
14. Қаралы күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мачтаның жартысына дейін түсіріліп тұрады. Қазақстан Республикасының порттарында ту порт капитанының тапсырмасы бойынша, ал шетелдікте Қазақстан Республикасының консулдың және порт билік орындарымен келісім бойынша түсіріледі.
15. Кемеде осы Жарғының 12-тармағында көрсетілген тұлғалар болған кезде кеме капитаны жеке өзі оларды кеме трапында күтіп алады және рапорт береді. Рапортта кеменің атауы, рейс, кеме экипажы туралы қысқаша мәліметтер көрсетіледі және кеме капитанының тегі хабарланады.
Кемеде шетелдік мемлекеттің ресми тұлғалары болған кезде Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдығының келуімен капитан оларды қарсы алады және өзін таныстырады.
3. Кеме экипажы
16. Барлық техникалық құралдар, жабдықтау және жарақтау бұйымдары, сондай-ақ кеме үй-жайы, олардың сенімді жұмысын, техникалық қызмет көрсетуін, жұмыс істеуге дайындығын және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеме экипажының белгілі бір мүшелеріне бекітіледі.
Кеме экипажының мүшелерін және олардың қызметтерін бекіту осы Жарғыда, кеме кестесінде, лауазымдық нұсқаулықтарда анықталады және оны капитан бекітеді.
17. Экипаждың әрбір мүшесі:
1) мемлекеттің беделін, Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін теңізшінің ар-намысы мен абыройын қолдайды;
2) мемлекеттік құпияны сақтайды;
3) оған сеніп тапсырылған мүлікті сақтайды;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының, осы Жарғының талаптарын, кеме иесі мен кеме капитанының бұйрықтары мен өкімдерін, сондай-ақ теңіз флоты кемелеріндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды орындайды;
5) теңіздегі қеме қатынасына қатысты халықаралық нормативтік құжаттар талаптарын сақтайды;
6) қызметтік міндеттерді орындайды, тәртіпті болады, командирлер өкімдерін мүлтіксіз және тез орындайды;
7) теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өз мамандығын, кеме құрылысын және оны меңгерімін білу, үнемі өз білімін жетілдіреді;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |