• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 26.02.2021 г

Отправить по почте

Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 26 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 47 Қаулысына сәйкес
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 908 Қаулысына сәйкес (08.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 10.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 719 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (08.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 19.06.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 719 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (08.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
 № 515 қаулысымен
 бекітілген
Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 908 Қаулысына сәйкес (08.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 10.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 719 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін, сондай-ақ есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін таңдау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (08.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (08.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 77-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) дәрілік зат – затты не заттардың құрамасын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;
3) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын, аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және адам организмінің жай-күйін мониторингтеу, медициналық зерттеулер жүргізу, организмнің анатомиялық құрылымын немесе физиологиялық функцияларын қалпына келтіру, алмастыру, өзгерту, жүктілікті болғызбау немесе үзу үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған және функционалдық мақсаты адам организміне фармакологиялық, иммунологиялық, генетикалық немесе метаболизмдік әсер ету жолымен іске асырылмайтын және дәрілік заттарды қолдану арқылы сүйемелденуі мүмкін кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар және басқа да бұйымдар;
4) екі кезеңдік рәсім пайдаланылатын конкурс (бұдан әрі – конкурс) – әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ең төменгі бағасын айқындауға бағытталған, әлеуетті өнім берушіні осы Қағидаларға сәйкес аукционды қолдана отырып таңдау тәсілі;
5) конкурстық өтінім – техникалық ерекшелікке және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес жасалған әлеуетті өнім берушінің ұсынысы;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарт – бірыңғай дистрибьютор тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкес келетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен – Қазақстан Республикасының резидентімен жасасатын, қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;
7) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі – бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінде барлық мүдделі талаптармен электрондық құжаттар алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін, бірыңғай дистрибьютор айқындайтын ақпараттық жүйе;
8) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі – амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;
9) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;
10) аукцион – ең төмен бағаны айқындау мақсатында әлеуетті өнім берушілердің бағаларын салыстыру;
11) әлеуетті өнім берушілердің үлестес тұлғасы – осы әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
12) техникалық ерекшелік – сатып алынатын көрсетілетін қызметтер сәйкес келуге тиіс талаптардың сипаттамасы;
13) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет – операциялық қоймалардың және (немесе) бөлу орталықтарының арасында тауарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тапсырыс берушілерге қызмет көрсету туралы шарт шеңберінде тауарды қабылдаумен, сақтаумен, есепке алумен және тасымалдаумен байланысты дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің бірыңғай дистрибьюторға көрсетілетін қызметі;
14) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны – көрсетілетін қызметтің осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетілетін қызметті сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы бойынша тауар бағасынан он екі пайыздан аспайтын мөлшердегі құны;
15) өнім берушінің тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі шығынын өтеу – көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісінің тауарларды өткізу және есепке алу шығындарын қордың қаражаты есебінен өтеуі;
16) бірлесіп орындаушы – әлеуетті өнім беруші тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді көрсету шартын бірлесіп орындау үшін тартатын денсаулық сақтау субъектілері;
17) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу қызметін көрсету шарты – тиісті қаржы жылына арналған барлық қосымшаларына тараптардың қолдары қойылған, жазбаша нысанда тіркелген, осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бірыңғай дистрибьютормен және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу қызметтерін жеткізушінің арасында жасалған шарт;
18) бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – шешiмдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бірыңғай дистрибьютор қабылдайтын шешiмдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар адам (ұсынылған өкілеттіліктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзiне қатысты бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы болатын кез келген адам;
19) тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) – дәрілік заттарды өндірушіден бөлшек саудада өткізуді немесе медициналық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда халыққа босатуды жүзеге асыратын субъектілерге дейін сақтау мен тасымалдауды қоса алғанда, беру тізбегінің барлық кезеңдерінде дәрілік заттардың сапасына кепілдік беретін сапаны қамтамасыз ету жүйесінің бір бөлігі;
20) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызмет – дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамсыз етумен байланысты есепке алуды, сақтауды, халыққа өткізуді (рецептімен босату) қамтамасыз ететін қызметі;
21) сатып алу – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы;
22) әлеуетті өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес қызметтер көрсету шартын жасасуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
23) өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес қызметтер көрсету шартын жасасқан, кәсіпкерлік қызметтер жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
24) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
25) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
26) тауар – дәрілік заттар, медициналық бұйымдар;
27) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы – дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
28) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
29) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы – бірыңғай дистрибьютор сатып алған тауарлардың сипаттамалары, өлшем бірліктер, бөліп салынуы, өндірушінің атауы, өндірушінің елі, бір бірлік үшін бірыңғай дистрибъютордың үстеме бағасын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша шекті бағадан аспайтын бағасы көрсетілген тауарлар тізімінен, сондай-ақ дәрілік заттар үшін саудадағы және халықаралық патенттелмеген атауына немесе құрамына, медициналық бұйымдардың сауда атауынан немесе құрамынан медициналық бұйымдар үшін саудадағы атауынан немесе құрамынан тұратын, тапсырыс берушілер мен тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер үшін бірыңғай дистрибьютор бекітетін тауарларға баға ұсынысы;
30) медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
31) бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы – бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жеткізу шартында көрсетілген бағасына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үстеме баға;
32) тауарларды сақтау және тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтердің нақты бағасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет бағасы) – тауарды сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтер құнының мына формула бойынша есептелген ақшалай мәні:
сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтер бойынша (W) = Wj*(S1+S2), мұндағы Wj – өңірге қарай конкурс нәтижелері бойынша қалыптасқан 1 паллета орынның құны (j), S1 – арнайы температуралық режимі бар паллета орындардың саны; S2 – арнайы температуралық режимі жоқ паллета орындардың саны;
тасымалдаудың көрсетілетін қызметі бойынша (T) = Cij * K1 * K2, мұндағы Cij – автокөлік құралының жүк көтеру қабілетіне (i) және өңірге (j) қарай тасымалдаудың 1 км үшін конкурс нәтижелері бойынша қалыптасқан құны, К1 – тауарды тасымалдау үшін температура реттелетін жабдықты пайдалану қажет болғанда түзету коэффициенті (бағаның қымбаттауы); К2 – қысқы дизель отынын пайдаланылған кезде қысқы маусымдағы түзету коэффициенті (бағаның қымбаттауы);
тиеу-түсіру жұмыстары бойынша (L) = Lj * Lki, мұнда Lj – конкурс нәтижесі бойынша қалыптасқан өңірге (j) қарай тиеу және түсіру жұмыстарының 1 нормо сағаты үшін құны; Lki – тоннаға (i) байланысты автомобильді түсіру/тиеу үшін жұмсалатын нормо сағаттардың саны;
33) тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің құны – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасының есебінен көрсетілетін қызмет бағасын пайдалана отырып есептелген қызметтің құны;
34) тауарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің алдын ала құны – сақтау жөнінде көрсетілетін қызмет (теңге/паллета орын), тасымалдау (теңге/километр) және тиеу-түсіру жұмыстары (теңге/норма-сағат) көрсетілетін қызметтер бойынша кемінде үш прайс-парақты (баға немесе коммерциялық ұсыныстарды) ескере отырып, бірыңғай дистрибьютор қалыптастыратын тиісті қаржы жылына көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сома. Көрсетілетін қызметтердің нарықтық ұсыныстарын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тапсырыс берушілердің бастапқы өтінімдерін және тиісті қаржы жылына бірыңғай дистрибьюторға ұсынылған қажеттіліктің алдын ала жиынтық есептеулерін жинау кезінде алынған көлемдері қолданылады;
35) бөлу орталығы (фармацевтикалық хаб) – бірыңғай дистрибьютордың дәріханалық қоймасы (меншік құқығында немесе өзге заттай құқықта, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету шарты, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетудің ұзақ мерзімді шарты негізінде бірыңғай дистрибьюторға тиесілі қойма) немесе сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер шеңберінде тауар жеткізушілерден тауарды, оның ішінде төмендемейтін қорды және ауыспалы қалдықтарды қабылдауды, есепке алу мен сақтауды қызмет көрсету өңірінде орналасқан операциялық қоймаларға және (немесе) тапсырыс берушілерге және тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тауарларды босату мен тасымалдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің дәріханалық қоймасы;
36) қызмет көрсету өңірі – бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікті қамтитын (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана), олардың бірінде бірыңғай бөлу орталығы орналасқан Қазақстан Республикасы аумағының бөлігі;