Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11543 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 29.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (М.Н. Иғалиев) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 595 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10130 тіркелген) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістерін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалау мемлекеттік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
Toggle Dropdown
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
Toggle Dropdown
2) айналмалы бағалаудан (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауынан) тұрады.
Toggle Dropdown
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Toggle Dropdown
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттауды өткізу туралы шешімді қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
Toggle Dropdown
7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
Toggle Dropdown
8. Қызметшінің қорытынды бағасын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Жауапты хатшысы, ал Комитеттерде және олардың аумақтық бөлімшелерінде – тиісінше Комитеттің төрағасы және аумақтық бөлімшенің басшысы бекітетін тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді.
Toggle Dropdown
9. Комиссия кемінде үш мүшеден, оның ішінде төрағадан тұрады.
Toggle Dropdown
10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы:
Toggle Dropdown
орталық аппаратта - Министрліктің Жауапты хатшысы;
Toggle Dropdown
комитеттерде - төраға;
Toggle Dropdown
аумақтық бөлімшелерінде - басшы болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
Toggle Dropdown
2. Бағалау жүргізуге дайындық
Toggle Dropdown
11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды жүргізу кестесін әзірлейді.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
Toggle Dropdown
3. Тікелей басшының бағалауы
Toggle Dropdown
12. Тікелей басшы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей басшының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
Toggle Dropdown
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
Toggle Dropdown
4. Айналмалы бағалау
Toggle Dropdown
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы тұлғалар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын тұлғаның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
Toggle Dropdown
Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
Toggle Dropdown
14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
Toggle Dropdown
15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару қызметіне оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
Toggle Dropdown
17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
Toggle Dropdown
18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
Toggle Dropdown
a = b + c
Toggle Dropdown
a – қызметшінің қорытынды бағасы,
Toggle Dropdown
b – тікелей басшының бағасы,
Toggle Dropdown
c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
Toggle Dropdown
19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
Toggle Dropdown
21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,
Toggle Dropdown
33 балл және одан жоғары – «тиімді».
Toggle Dropdown
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
Toggle Dropdown
20. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
Toggle Dropdown
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
Toggle Dropdown
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
Toggle Dropdown
4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
Toggle Dropdown
21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
Toggle Dropdown
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
Toggle Dropdown
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен мынадай жағдайларда бағаны түзетеді:
Toggle Dropdown
1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау ұсынылады;
Toggle Dropdown
2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
Toggle Dropdown
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Toggle Dropdown
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда, персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
Toggle Dropdown
23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
Toggle Dropdown
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Toggle Dropdown
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды;
Toggle Dropdown
26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты персоналды басқару қызметі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау
әдістемесіне 1-қосымша
Toggle Dropdown
Тікелей басшының бағалау парағы
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
Toggle Dropdown
жағдайда):
Toggle Dropdown
______________________________________________________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________
Toggle Dropdown
р/с
№ |
Критерий |
Көрсеткіштің мәні (саны) |
Баға (балл) |
| 1. |
Бастамашылығы |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 2. |
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 8-ге дейін |
|
| 3. |
Әрекеттестікке икемділігі |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 4. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
| БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы): |
|
|
Toggle Dropdown
Таныстым:
Қызметші (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________
күні_________________________
қолы_________________________ |
Тікелей басшы (Тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
________________________________
күні ___________________________
қолы ___________________________ |
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау
әдістемесіне 2-қосымша
Toggle Dropdown
Айналмалы бағалау парағы
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
Toggle Dropdown
жағдайда):
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________
Toggle Dropdown
| р/с№ |
Критерий |
Көрсеткіштің мәні (саны) |
Баға (балл) |
| Бағынышты адам |
| 1. |
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 2. |
Жұмысқа ынталандыру қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 3. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
| |
Барлығы (барлық бағалардың бағасы): |
|
| Әріптесі |
| 1. |
Топта жұмыс істей алу қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 2. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 3. |
Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 5-ке дейін |
|
| |
Барлығы (барлық бағалардың бағасы): |
|
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың
әдістемесіне 3-қосымша
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Toggle Dropdown
| № |
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Тікелей басшының бағасы |
Айналмалы баға |
Қорытынды баға |
| 1 |
|
|
|
|
| … |
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Комиссия қорытындысы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: _____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: _____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)