• Мое избранное
Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11466 тіркелді

Редакция 27.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7–бабының 1-тармағының 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
А. Исекешев __________________ 
2015 жылғы 29 мамыр
КЕЛІСІЛДІ 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
Е. Досаев __________________ 
2015 жылғы 29 мамыр
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 22 мамырдағы
 № 379 бұйрығымен
 бекітілді
Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және
 (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек
 шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген
 тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы
 көрсетілімдер тізбесі
1. Нерв жүйесінің аурулары:
1) функцияларының жетіспеушілігі бар ағзалардың туа біткен аномалиясы;
2) сыртқы факторлардың әсерінен орталық және шеткі нерв жүйесінің, ішкі ағзалар мен тірек-қимыл аппаратының зақымдану салдары: радиация, кәсібі бойынша жұмысын орындауға кедергі келтіретін ағзалар мен жүйелер функцияларының бұзылуын тудыратын, қайтымсыз өзгерістердің дамуы бар термиялық, химиялық және басқа да әсерлер;
3) ми мен жұлын жарақаты, айқын неврологиялық бұзылулармен қатар жүретін цереброваскулярлық аурулар, сондай-ақ олардың салдары;
4) қозғалыс және сезімталдық бұзылуы бар нерв жүйесінің органикалық аурулары (сирингомиелия және сирингобульбия, миелопатия, балалардың церебралдық сал ауруы және оның салдары, экстрапирамидалық, құрылымның пирамидалық және мишық жүйелерінің зақымдануы, БАБ, дегенеративтік аурулар, факоматоздар, шашыраңқы беріш, жіті диссеминиралдық демиелинизациялардың салдары, диффузиялық беріш, бас пен жұлынның жіті қан тамырлары ауруларының салдары, ми қанайналымы функциясының созылмалы жетіспеушілігі – II және одан да жоғары сатыдағы дисциркуляторлық энцефалопатия);
5) орталық нерв жүйесінің созылмалы қабыну аурулары (энцефалит, менингоэнцефалит, менингит, миелит, энцефаломиелит және басқалар) және оның айқын неврологиялық бұзылуларымен салдары;
6) айқын және асқынған бастың сақина аурулары, ұстамалы өткінші транзиторлық церебралдық ишемиялың ұстамалар мен ұқсас синдромдар, нарколепсия, каталепсия, есінен танудың әртүрлі түрлері, көру, есту бұзылуларының пароксизмдері, синкопалдық жағдайлар мен басқалар;
7) кәсібі бойынша жұмысын орындауға кедергі келтіретін нерв жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары;
8) кәсібі бойынша жұмысын орындауға кедергі келтіретін функцияларынің тұрақты бұзылулары бар шеткі нерв жүйесінің, нервтік-бұлшықеттің созылмалы аурулары;
9) мидың қатерлі және қатерсіз аурулары, жұлынның және шеткі нерв жүйесінің қатерлі аурулары.
2. Психикалық бұзылулар мен мінез-құлық бұзылулары:
1) ауыр тұрақты немесе жиі асқынатын ауырусынушылық көріністерінен созылмалы психикалық және мінез-құлық ауытқулары, пароксизмалдық бұзылулары бар эпилепсия;
2) симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қоса алғандағы органикалық бұзылулар;
3) психобелсенді заттарды тұтынуға байланысты психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылулары (3 жылдан кем емес тұрақты оңалту сатысынан басқа);
4) шизофрения, шизофрениялық және сандырақ бұзылулар;
5) кемінде 3 жыл интермиссияға жақын тұрақты терең ремиссиядан басқа көңіл-күй (аффектілік бұзылулар) бұзылулары;
6) стреске байланысты невроздық және соматикалық түрдегі бұзылулар (дәрігерлік–консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) шешімі бойынша);
7) физиологиялық бұзылулар мен физикалық факторларға байланысты мінез-құлықтық синдромдар (ДКК шешімі бойынша);
8) жеке басының бұзылулары мен үлкен жастағы мінез-құлық;
9) ақыл-ой кемістігі;
10) әдетте бала және жасөспірім жаста басталатын эмоциялық бұзылулар мен мінездің бұзылулары;
11) барлық психикалық аурулар кезіндегі суицидтік әрекеттерден кейінгі жағдай;
12) алкоголизм, нашақорлық, уытқұмарлық.
3. Соматикалық аурулар:
1) 2-дәрежелі, 3-қауіпті артериялық гипертония; 2-дәрежелі, 4-қауіпті артериялық гипертония; 3-дәрежелі, 2-4-қауіпті артериялық гипертония; жұмысқа жіберу мәселесі криздік ағым болмаған және тиімді емдеу кезінде шешіледі;
2) жүректің тоқтау, жіті жүрек функциясының жетіспеушілігінің, талып қалу немесе басқа да пароксизмалдық жағдайлардың даму, белгіленген ырғақ жүргізушісінің, Гис шоғының толық блокадалану қаупін төндіретін жоғары градациядағы жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің (оның ішінде жыбырлақ аритмия, пароксизмалдық тахикардия, экстрасистолия, ІІ және ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, синустық түйін әлсіздігінің синдромы) бұзылуы;
3) миокардиттің, эндокард пен перикардтің (оның ішінде жүрек ақауы, миокардиттер, кардиомиопатиялар, эндокардиттер, күшейетін және адгезивтік - констриктивтік перикардиттер) созылмалы аурулары, II және III дәрежедегі, тромбоэмболиямен, Лаун бойынша жоғары градациялар ырғағының бұзылуымен және басқа да пароксизмалдық жағдайлардың даму қаупімен асқынған жүрек функциясының жеткіліксіздігі;
4) өкпе артериясының тромбоэмболиясынан кейінгі жағдай;
5) ІІ - IV функциялық класымен тұрақты стенокардия, бұрын бастан өткерген ірі ошақтық миокард инфаркті мен II және ІII дәрежедегі жүрек функциясының жетіспеушілігімен, тромбозбен, эмболиямен, ырғақтың айқын бұзылыстарымен, жүректің аневризмімен жүректің созылмалы ишемиялық ауруының басқа да нысандары;
6) жіті ревматикалық қызба: белсенді сатысы, жүрек пен басқа да ағзалар мен жүйелерді зақымдаумен, сондай-ақ зиянды жағдайда жұмысты орындауға кедергі келтіретін бастан өткерген жүректен тыс зақымдау салдарымен жиі қайталануы;
7) аорта аневризмдері, аортиттер, коронарлық артериялардың ангиопластиктері, аневризмэктомия мен аортопластиктер, жүрек қақпақшаларын протездеу және жүрек пен қан тамырларына басқа да күрделі операциялар. Митралдық комиссуротомиядан, артериялық ағындарды байлаудан және басқа да қарапайым кардиохирургиялық араласулардан, ірі коронарлық артериялардың бірінің окклюзиясынан немесе айқын стенозынан, аорто-коронарлық шунттаудан кейінгі жағдайдан кейін жұмысшы тиімді емдеуден кейін ғана жұмысқа жіберіледі;
8) ІІ және одан да жоғары дәрежедегі жүрек функциясының жетіспеушілігі, ырғағы мен өткізгіштігінің асқынған бұзылулары бар жүректің алкоголдік зақымданулары;
9) II, III және IV функциялық кластағы ауыртпалықтағы тұрақты стенокардиясымен жүректің ишемиялық ауруы, ІІ және ІІІ дәрежедегі жүрек функциясының жетіспеушілігімен күшейген стенокардия, инфарктен кейінгі ірі ошақтық кардиосклероз;
10) ырғақ пен өткізгіштігінің бұзылулары - ІІ және одан жоғары атриовентрикуляциялық блокада, синустық шоқтың әлсіздігі, пароксизмалдық тахиырғақтың жиі ұстамалары, тұрақты нысандағы жыбырлақ аритмия, Лаун бойынша жоғары градациялардың жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолиясы;
11) белгіленген ырғақ жүргізушісі;