• Мое избранное
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 512 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 маусымда № 11419 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • 1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
  • 1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік 
даму министрі 
________________ Т. Дүйсенова 
2015 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
________________ Қ. Қасымов 
2015 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
________________ Е. Досаев 
2015 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 28 сәуірдегі
 № 512 бұйрығымен бекітілген
  • 2
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері өз қызметінде жоғарыда аталған Заңды, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және осы Қағиданы басшылыққа алады.
2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібі
3. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері:
пайдалы қазбаларды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау және байыту, пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану жөніндегі жер қойнауын пайдаланушыларға, химия саласы объектілеріне үздіксіз, тәулік бойы қызмет көрсетуді;
жер қойнауын пайдаланушылардың объектілерінің оларда авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға, ал авария туындаған жағдайда адамдарды құтқаруға және авариялардың өзін жоюға, сондай-ақ көрсетілген объектілерде тұрғындар мен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді орындауға әзірлігін;
көмір, химия, мұнай-химия, мұнай-газ өңдеу, мұнай-газ барлау, мұнай-газ өндіру, металлургия, тау-кен өндіру өнеркәсібі объектілерінде, құрлықта, теңіздер мен су қоймаларының қайраңында, қатты әсер ететін улы заттарды (бұдан әрі – ҚӘУЗ) тасымалдайтын көліктерде, жерасты құрылыстарын салу мен пайдалануда, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде авариялық жағдайда (радиоактивті сәуле шығару ошағынан басқа) атқыламаға қарсы, газдан құтқару және тау-кен құтқару жұмыстарын орындауды;
қызмет көрсетілетін пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес жер қойнауын пайдаланушылардың объектілеріндегі авариялар кезінде адамдарды құтқару мен көшіруді;
аварияларды және олардың салдарын оқшаулау мен жоюды;
өрт сөндіруді, газ жарылыстары мен шаңның, кенеттен болған көмір мен газ шығарындыларының, тау жыныстары соққысының, опырылудың, су-газ атқылама шығарындыларының, пайдаланымдағы және барлау ұңғымаларындағы өрттің, объектілерде газдану мен су басудың салдарын жоюды және басқа да қызмет көрсетілетін жер қойнауын пайдалнушылардың объектілеріндегі авариялық жағдайларда жүргізілетін арнайы жұмыстарды; 
зардап шеккендерге тікелей жұмыс орындарында және көшіру барысында алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
4. Жер қойнауын пайдаланушылардың объектілерінде аварияларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің әскерилендірілген жедел құрамы болады, олардың болуы:
кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жедел бөлімшелерінің аварияларды жоюға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дереу шығуға тәулік бойы ұдайы әзірлігін;
жеке құрамның авариялық-құтқару жұмыстарын төтенше жағдайларды жою басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, егер ол авариялар кезінде адамдарды құтқарумен байланысты болса, өмірі мен денсаулығына тәуекелмен ақталған мүлтіксіз орындауын;
авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанына дейін оларды жүргізу міндеттілігін;
бірыңғай басшылық қағидатын сақтауды, жоғары тәртіпті қолдауды және авариялық-құтқару қызметтерінің ықтимал авариялар мен олардың салдарын жоюға жедел-техникалық әзірлігін;
қызмет өткеру кезінде қызметтік өзара қарым-қатынас тәртібін сақтауды;
қызметтік міндеттерді орындау кезінде айырым белгілері бар арнайы киім-кешек киюді, сондай-ақ кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жедел құрамын демалыс және мереке күндері, еңбек демалысы уақытында кезекшілікке немесе авариялық-құтқару жұмыстарын атқаруға тартуды;
қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін іс-әрекеттерге кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің, еңбек дауларын шешу құралы ретінде ереуілдер мен жұмысты тоқтатуды қоса алғанда, қатыспауын көздейді. 
5. Егер жаңадан салынып жатқан жер қойнауын пайдаланушылардың объектілері кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жұмыс істеп тұрған бөлімшелерінің қызмет көрсету ауданына кірмесе, олардың жобаларында ұйымдастырылатын бөлімшелерге арналған қызметтік ғимараттар мен құрылыстар салу көзделеді.
6. Жаңадан салынып жатқан жер қойнауын пайдалану объектілерінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін орналастыруға арналған ғимараттар мен құрылыстарды салуды қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының есебінен жүзеге асырылады. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін орналастыруға арналған ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы күтіп-ұстау шығындары шартта көзделген шығындар сметасы бойынша жүргізіледі.
7. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері арнайы салынған қызметтік ғимараттарда немесе авариялық-құтқару қызметтерінің жедел бөлімшелерінің қажеттілігіне қайта құрылған ғимараттарда орналасады, кешеніне осы Қағидаларға 1-қосымша болып табылатын Кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне ең аз қажетті қызметтік үй-жайлардың тізбесінде көрсетілген қызметтік үй-жайлар кіреді.
8. Жедел автомобильдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес дыбыстық және жарықтық сигнал аспаптарымен жарақталады және түстiк-графикалық схемалармен боялады, авариялық-құтқару қызметінің танымдық белгілері болады, тұрақта таза және шығуға дайын тұрады.
9. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін қаржыландыру:
қауіпті өндірістік объектілері бар жер қойнауын пайдаланушылармен шарттарды іске асырудан түсетін қаржы қаражатынан;
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін көздер есебінен жүзеге асырылады.
10. Кәсіби авариялық-құтқару қызметінің бөлімшелерін орналастыруды авариялық-құтқару қызметінің басшысы айқындайды, ал кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жеке құрамының саны шартқа сәйкес айқындалады.
11. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құрылымына:
аумақтық филиалдар;
кәсіби авариялық-құтқару жасақтары (бұдан әрі – АҚЖ);
кәсіби авариялық-құтқару взводтары (бұдан әрі – АҚВ);
бөлімшелер;
авариялық-құтқару пункттері (бұдан әрі – АҚП);