• Мое избранное
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 7

Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11575 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 09.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына, 16-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2017 жылғы № 856 Бұйрығына  сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.05.2018 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (21.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру»;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-7 Бұйрығына сәйкес (29.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру»;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» бекітілсін.
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 144 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9357 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 маусымда жарияланды); 
2) «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 270 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9533 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 30 маусымда жарияланды) күші жойылды деп танылсын. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2017 жылғы 21 қарашадағы
№ 856 бұйрығына
8-қосымша
«Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР  Денсаулық сақтау министрінің 29.05.2018 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (21.11.2017 ж. редакциян қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолтаңбасымен қағаз түріндегі құжат нысанындағы маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) не сертификатты беруден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қосымшасымен бірге алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қарар жазады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді. Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді, орындалу мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына қол қоюға енгізеді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және кеңсеге береді. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы береді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР  Денсаулық сақтау министрінің 29.05.2018 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (21.11.2017 ж. редакциян қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі:
1) тіркелген өтініш;
2) жауапты орындаушыны белгілеу;
3) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін анықтау, сәйкес келмеген кезде өтінішті қараудан бас тарту туралы уәжді жауапты жіберу;
4) сертификатты не сертификатты беруден бас тарту туралы уәжді жауапты электрондық форматта ресімдеу;
5) бұйрыққа қол қою;
6) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға беру.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР  Денсаулық сақтау министрінің 29.05.2018 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (21.11.2017 ж. редакциян қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) құжаттарды тіркеу және орындаушыны белгілеу, орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексеру, сәйкес келмеген кезде өтінішті қараудан бас тарту туралы уәжді жауапты жіберу, орындалу мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні;
3) сертификатты не сертификатты беруден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдеу, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы беру, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР  Денсаулық сақтау министрінің 29.05.2018 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (21.11.2017 ж. редакциян қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Тармақ алынып тасталсын (ескертуді қараңыз)
9-тармақ алынып тасталсын ҚР  Денсаулық сақтау министрінің 29.05.2018 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (21.11.2017 ж. редакциян қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау:
Осы Регламент 4-тараумен толықтырылды ҚР  Денсаулық сақтау министрінің 29.05.2018 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
3) көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттікті растайтын құжат бойынша заңды тұлға, нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі.
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «брондауға» болады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация операторы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырады және түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.  
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация операторы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 8-қосымшасына сәйкес тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.»;
4) Мемлекеттік корпорация операторы қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жібереді – 3 сағат.
10. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
1) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртіптері осы регламенттің 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алады – 3 сағат;
3) Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 20 минут.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің рәсімдерін (іс-қимылдарын) толық сипаттау, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Денсаулық сақтау саласындағы
ұлттық холдингте және оның еншілес
ұйымдарында, сондай – ақ Назарбаев
Университетінде немесе оның
медициналық ұйымдарында, Қазақстан
Республикасының Президенті Іс
басқармасының медициналық
ұйымдарында кәсіптік медициналық
қызметті жүзеге асыруға шақырылған
тұлғаларды қоспағанда, шетелдік
мамандарды клиникалық
практикаға жіберу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР  Денсаулық сақтау министрінің 29.05.2018 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (21.11.2017 ж. редакциян қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
 
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы
28 мамырдағы № 401 бұйрығына
9-қосымша
Осы Бұйрық 9-қосымшамен толықтырылды ҚР  Денсаулық сақтау министрінің 29.05.2018 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген) «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не Стандарттың 10-тармағында көзделген куәлікті беруден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 - тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) іс-қимылдарының тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің алуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттардың тіркеуін жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарар жазады және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына береді. Көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындайды, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
2) құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап рәсімдейді. Құжаттар пакеті толық болған кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның (бұдан әрі – СБК) хатшысына береді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
3) СБК хатшысы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін қарау үшін құжаттарды СБК отырысына енгізеді. СБК отырысын өткізу қорытындылары бойынша хаттама жасайды, орындалу мерзімі – 8 (сегіз) жұмыс күні;
4) СБК хатшысы хаттаманың көшірмесін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
5) СБК ұсыныстары негізінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы аккредиттеу туралы куәлікті беру не бермеу туралы бұйрықтың жобасын рәсімдейді және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрыққа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына береді. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы аккредиттеу туралы куәлікті не аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту туралы уәжді жауапты рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.
  • 1
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) тіркелген өтініш және жауапты орындаушыны айқындау;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығын айқындау: құжаттар пакеті толық болмағанда – өтінішті қараудан бас тарту туралы уәжді жауап жіберу, құжаттар пакеті толық болғанда – СБК хатшысына беру;
3) құжаттарды аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін қарау және хаттама рәсімдеу;
4) көрсетілетін қызметті берушіге хаттаманы жіберу;
5) бұйрықтың жобасын рәсімдеу және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
6) бұйрыққа қол қою және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу.
3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
5) СБК хатшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу және орындаушыны айқындау, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығын айқындау, сәйкес келмеген кезде өтінішті қараудан бас тарту туралы уәжді жауап жіберу немесе құжаттар пакеті толық болған кезде СБК хатшысына беру, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
3) СБК отырысында құжаттарды аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін қарау және хаттама рәсімдеу, орындалу мерзімі – 8 (сегіз) жұмыс күні;
4) СБК хатшысының хаттаманың көшірмесін көрсетілетін қызметті берушіге жіберуі, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының бұйрық жобасын рәсімдеуі және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрыққа қол қоюы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне беру, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілік сипаттмасы осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.
«Денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың кәсіптік даярлығын
бағалауды және біліктілігінің
сәйкестігін растауды жүзеге
асыратын денсаулық сақтау
субъектісін аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы