Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 316 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11355 тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидасының 27-тармақшасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10130 болып тіркелген) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінде мемлекеттік тіркеуді және баспа басылымдарында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Б. Имашев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 316 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қызметкерлерінің, сондай- ақ аумақтық әділет органдары басшыларының және олардың орынбасарларының қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
Toggle Dropdown
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
Toggle Dropdown
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Toggle Dropdown
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Бағалау нәтижелері бойынша:
Toggle Dropdown
1) бағаланатын қызметкердің тікелей басшысы Бағалау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) төрағасына қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттарды айқындайды, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Toggle Dropdown
2) персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметкерлердің басшыларының ұсыныстары негізінде 1-қосымшаға сәйкес «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметкерлерге қатысты «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісін кәсіби дамытудың дербес жоспарын әзірлейді.
Toggle Dropdown
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
Toggle Dropdown
7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
Toggle Dropdown
8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия бекітеді, «Б» корпусы қызметшілерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
Toggle Dropdown
9. Комиссия бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
Toggle Dropdown
Комиссия құрамына құрылымдық бөлімшелердің басшылары, кадр қызметінің өкілдері кіреді.
Toggle Dropdown
«Б» корпусының қызметшілері лауазымына тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар тұлға комиссия төрағасы болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы кадр қызметінің қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
10. Комиссия отырысы тоқсанына бір рет мерзімділікпен өткізіледі.
Toggle Dropdown
11. Комиссия мүшелері жалпы негізде бағаланады.
Toggle Dropdown
12. Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
Toggle Dropdown
2. Бағалау жүргізуге дайындық
Toggle Dropdown
13. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға оны өткізенге дейін бір айдан кешіктірмей бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
Toggle Dropdown
3. Тікелей басшының бағалауы
Toggle Dropdown
14. Тікелей басшының бағалау парағы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырылады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне жолдайды.
Toggle Dropdown
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
Toggle Dropdown
4. Айналмалы бағалау
Toggle Dropdown
15. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
Toggle Dropdown
Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) персоналды басқару қызметі анықтайды және хаттама шешімімен бір айдан кешіктірмей бағалау жүргізге дейін қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай бекітіледі.
Toggle Dropdown
16. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
Toggle Dropdown
17. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалар толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
18. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
Toggle Dropdown
19. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
Toggle Dropdown
20. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
Toggle Dropdown
а = b + с
Toggle Dropdown
а - қызметшінің қорытынды бағасы,
Toggle Dropdown
b - тікелей басшының бағасы,
Toggle Dropdown
с - осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
Toggle Dropdown
21. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
21 баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,
Toggle Dropdown
21-ден 33 балға дейін - «қанағаттанарлық»,
Toggle Dropdown
33 балл және жоғары - «тиімді».
Toggle Dropdown
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
Toggle Dropdown
22. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелеріне қарау бойынша комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
Toggle Dropdown
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
Toggle Dropdown
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
Toggle Dropdown
4) осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
Toggle Dropdown
23. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
Toggle Dropdown
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
Toggle Dropdown
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
Toggle Dropdown
1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
Toggle Dropdown
2) персоналды басқару қызметі қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
Toggle Dropdown
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
24. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Toggle Dropdown
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
Toggle Dropdown
25. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
Toggle Dropdown
26. Персоналды басқару қызметі Әділет министрлігінің басшылығына мемлекеттік қызметшілердің бағалау нәтижелерін енгізеді.
Toggle Dropdown
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Toggle Dropdown
27. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
28. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
Toggle Dropdown
29. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметкерінің кәсіби дамуының жеке жоспары
I. Қызметкердің жеке деректері
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. _________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Лауазымы ______________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Туған күні (күні,айы,жылы) _______________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Білімі __________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет өтілі _________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Саладағы жұмыс өтілі ____________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
«__» ________ 20 жылдан «__» ________ 20 жылға дейінгі кезеңге жоспар
Toggle Dropdown
Жоспар бойынша қорытынды жасау:
Toggle Dropdown
аралық есеп «__» ______ 20__ж.
Toggle Dropdown
қорытынды есеп «__» ______ 20__ж.
Toggle Dropdown
II Жеке даму жоспары
Toggle Dropdown
№ | Функционалдық міндеттерді тиімді орындау үшін одан әрі дамытуды қажет ететін мен дағдылар | Қажетті шаралар | Іске асыру мерзімі | Күтілетін нәтиже | Басшының талдауы |
1 |
| Қайта даярлау Біліктілікті жоғарлату Дербес білім алу Тәлімгерлік ротация | | | |
2 | | | | | |
3 | | | | | |
4 | | | | | |
5 | | | | | |
6 | | | | | |
Toggle Dropdown
III Жоспарды жүзеге асыру қорытындысы бойынша есеп
Toggle Dropdown
№ | Аралық есеп (алғашқы алты айдың нәтижесі бойынша) | Қорытынды есеп (күнтізбелік жыл нәтижесі бойынша) |
|
|
|
| Қызметшінің түсіндірмесі | Қызметшінің түсіндірмесі |
|
|
|
| Басшының ұсынымы | Басшының ұсынымы |
|
|
|
Toggle Dropdown
Әзірледі(Т.А.Ә.) _____________ Бекітілді(Т.А.Ә.,қолы) ______________
Toggle Dropdown
Лауазымы _________________________________ Лауазымы ____________________________________________________
Toggle Dropdown
(персоналды басқару (мемлекеттік органның басшысы)
Toggle Dropdown
қызметінің қызметшісі)
Toggle Dropdown
Күні ________ Қолы ________ Күні _________ Қолы __________
Toggle Dropdown
Таныстым(Т.А.Ә.,қолы) ________ Күні _________ Қолы __________
Toggle Dropdown
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Тікелей басшының бағалау парағы
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: __________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _______________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
№ р/н | Өлшем | Көрсеткіштің мәні | Баға(балл) |
1 | Бастамашылығы | 2-ден 5-ке дейін | |
2 | Лауазымды міндеттерін орындау сапасы | 2-ден 8-ке дейін | |
3 | Әрекеттестікке икемділігі | 2-ден 5-ке дейін | |
4 | Қызметтік этиканы сақтауы | 2-ден 5-ке дейін | |
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың жинақ көрсеткіші) |
| |
Таныстырылды: Қызметші Т.А.Ә. _________ күні ____________________ қолы ____________________ | Тікелей басшы Т.А.Ә. _________ күні ____________________ қолы ___________________ |
Toggle Dropdown
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
Айналмалы бағалау парағы
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: __________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _______________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
№ р/н | Өлшем | Көрсеткіштің мәні | Баға(балл) |
Қарамағындағы адам |
1 | Жұмысты жоспарлай алу қабілеті | 2-ден 5-ке дейін | |
2 | Жұмысқа ынталандыру қабілеті | 2-ден 5-ке дейін | |
3 | Қызметтік этиканы сақтауы | 2-ден 5-ке дейін | |
| БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың жинақ көрсеткіші) | | |
Әріптесі |
1 | Топта жұмыс істей алу қабілеті | 2-ден 5-ке дейін | |
2 | Қызметтік этиканы сақтауы | 2-ден 5-ке дейін | |
3 | Лауазымды міндеттерін орындау сапасы | 2-ден 5-ке дейін | |
| БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың жинақ көрсеткіші) | | |
Toggle Dropdown
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
4-қосымша
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Toggle Dropdown
___________________________________________________
Toggle Dropdown
(мемлекеттік органның атауы)
Toggle Dropdown
№ р/р | Қызметшінің Т.А.Ә. | Тікелей басшының бағасы | Айналмалы баға | Қорытынды баға |
1 | | | | |
... | | | | |
Toggle Dropdown
Комиссия қорытындысы:
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Тексерген:
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы: ______________________ Күні:______________________
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә.,қолы)
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы:______________________ Күні:______________________
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә.,қолы)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшесі: ______________________ Күні:______________________
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә.,қолы)