• Мое избранное
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11624 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 14 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 267 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 16.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу»;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару»;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері бекітілсін.
2. Ішкі істер министрінің:
1) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9378 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 212 (27833) және «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 212 (28435) жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 386 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9648 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С.Сайынов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Қасымов