«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағы елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені, есепті табыс ету, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 591 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 қаңтарда № 10108 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 24 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 06.02.2017 жылғы № 80 Бұйрығына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағы елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені, есепті табыс ету, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Бір литр алкоголь өнімі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi жылдың бірiншi күнi қолданыста болатын 1 (бір) айлық есептiк көрсеткiшті құрайтын импорттаушылардың Кеден одағы елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесінің мөлшері бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 591 бұйрығымен бекітілген
Акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағы елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені, есепті табыс ету, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағы елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені, есепті табыс ету, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды, алкоголь өніміне (шарап материалдары мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың міндеттемелерді, есепті табыс ету тәртібін, сондай-ақ Кеден одағы елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде импорттаушылардың есепке алу-бақылау таңбаларын есепке алу тәртібін реттейді.
2. Мыналар:
алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімін импорттайтын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде банкроттық және оңалтушы басқарушылар есепке алу-бақылау таңбаларын (бұдан әрі - ЕБТ) алушылар болып табылады.
Мыналар:
Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде банкроттық және оңалтушы басқарушылар акциздік таңбаларды алушылар болып табылады.
3. ЕБТ және акциздік таңбаларды облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері (бұдан әрі - Департамент) береді.
4. ЕБТ және акциздік таңбаларды жасап шығаруды, оларды Департаментке жеткізуді және беруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетімен (бұдан әрі - Комитет) жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес ұйым (бұдан әрі - жеткізуші) жүзеге асырады.
5. Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі - импорттаушы) ЕБТ алғанға дейін мемлекеттік кірістер органына Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені (бұдан әрі - Міндеттеме), осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
6. Міндеттеме:
ЕБТ олардың мақсаттарына сәйкес пайдалануды;
импорттаушының тиісті Департаменттің ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша енгізуін;
Қазақстан Республиканың аумағы шегінен тысқары алкоголь өніміне жапсыруы үшін импорттаушының ЕБТ әкетуін;
ЕБТ таңбаланған алкоголь өнімдерін импорттауды;
импортталған алкоголь өнімдері бойынша жанама салықтарды төлеуді;
импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы есепті беруді;
импорттаушының бүлінген және (немесе) пайдаланылмаған ЕБТ берген Департаментке қайтаруын қамтиды.
2. Темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды, алкоголь өніміне (шарап материалдары мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын, алу, есепке алу, сақтау, беру және Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде импорттаушылардың есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін табыс ету тәртібі
7. ЕБТ және акциз таңбаларын алушылар ақпараттық жүйе арқылы салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері орналасқан жері және (немесе) тіркеу орны бойынша Департаментке жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ЕБТ және акциздік таңбалар жасауға өтінім (бұдан әрі - өтінім) береді.
8. Департамент ақпараттық жүйе арқылы 3 (үш) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде алушылар табыс еткен алдағы жылға өтінімдерді келіседі.
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі табыс етілмеген жағдайда Департамент алдағы жылға өтінімді келісуден бас тартады.
9. Комитет жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткізушіге Департаменттермен келісілген осы Қағидаларға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға жиынтық өтінімдерді қағаз түрінде береді.
10. Жаңадан құрылған немесе алкоголь өнімін немесе темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі қызметін бастаған алушылар ақпараттық жүйе арқылы салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері орналасқан жері және (немесе) тіркеу орны бойынша Департаментке осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ЕБТ немесе акциздік таңбаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөліп өтінімдерді табыс етеді.
Алушылар бұрын берілген өтінімдерге ЕБТ немесе акциздік таңбалар түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар бар өтінімдерді мемлекеттік кіріс органдарына таңбалар алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.
Департамент ақпараттық жүйе арқылы алушылар табыс еткен осы тармақта көрсетілген өтінімдерді 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде келіседі.
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі табыс етілмеген жағдайда Департамент өтінімді келісуден бас тартады.
11. Осы Қағидалардың 7 және 10-тармақтарында көрсетілген талаптар сақталмаған кезде Департамент өтінімдерді қабылдамайды.
Алушылар табыс еткен, оның ішінде алдағы жылға арналған өтінімдер келесі күнтізбелік жылға көшірілмейді.
12. Алушыларға берілген ЕБТ немесе акциздік таңбалар иеліктен алынбайды және өзге жеке және заңды тұлғаларға берілмейді.
13. Комитет ЕБТ немесе акциздік таңбалар алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткізушіге осы Қағидаларға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Департаментпен келісілген бұрын берілген өтінімдерге ЕБТ немесе акциздік таңбалар түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар бар жиынтық өтінімдерді, сондай-ақ жаңадан құрылған немесе алкоголь өнімін немесе темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі қызметін бастаған алушылардың жиынтық өтінімдерін жібереді.
14. Алкоголь өнімін немесе темекі өнімдерін импорттайтын алушылардан өтінімдерді қабылдау, соның негізінде акцизделетін тауарлар әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасын көрсете отырып, сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі ұсынылған кезде жүргізіледі.
15. ЕБТ немесе акциздік таңбаларды жасап шығарғаны үшін төлемді алушылар өтініміне сәйкес жеткізушінің банк шотына ақша аудару жолымен ЕБТ немесе акциздік таңбаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөлек жүргізеді.
16. Жеткізуші ЕБТ немесе акциздік таңбаларды Департаменттің бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалатын Департаменттің материалдық-жауапты тұлғаларына (бұдан әрі - материалдық-жауапты тұлға) береді.
17. ЕБТ немесе акциздік таңбаларды беру кезінде жеткізуші екі данада жүкқұжат жазып береді, оған жеткізуші және материалдық-жауапты тұлға қол қояды. Жүкқұжаттың бірінші данасы Департаментке беріледі, екінші данасы жеткізушіде қалады.
Бұл ретте көрсетілген жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |