Toggle Dropdown
1
Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 07.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 419-бабына және «Арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі және оларды сондай кедендік рәсімге орналастыру шарттары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1
1) Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібі;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 522 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары,
тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібі (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 419-бабына және «Арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі және оларды сондай кедендік рәсімге орналастыру шарттары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешіміне (бұдан әрі - КОК № 329 шешімі) сәйкес әзірленген.
Toggle Dropdown
2. Қағидалар арнайы кедендік рәсімді қолдану тәртібін, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда уәкілетті мемлекеттік кіріс органы (бұдан әрі - мемлекеттік кіріс органы) деп өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдер мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган түсініледі.
Toggle Dropdown
2. Арнайы кедендік рәсімді қолдану тәртібі, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары
Toggle Dropdown
4. Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар осы Қағидаларда және КОК № 329 шешімінде белгіленген оларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарына сәйкес қолданылады.
Toggle Dropdown
5. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін және Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде елшіліктердің, консулдықтар мен Кеден одағына мүше мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған тауарлар кедендік әкету баждар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Елшіліктердің, консулдықтардың және басқа ресми өкілдіктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік кіріс органына тауарлар елшіліктердің, консулдықтардың және Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналғандығы туралы осындай тауарлардың атауы мен саны қамтылған тізбемен қоса, жазбаша растаманы ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының аумағында және осы аумақтан тыс жерлерде орналасқан, олардың әскери дайындығын сақтау, олардың алға қойылған міндеттерін орындауы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында орны ауыстырылатын әскери бөлімдері (мекемелері, құралымдары) арасында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрілер мен материалдық құралдар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ шектеулер мен тыйымдар қолданылмай арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Қорғаныс саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік кіріс органына жазбаша растама ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және табиғи зілзала мен өзге де төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға арналған тауарлар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен адамдарға тегін үлестіруіне арналған тауарлар және апаттық-құтқару жұмыстары мен басқа шұғыл жұмыстар және құзыретіне төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою, медициналық эвакуациялауды қоса алғанда, медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету саласындағы мәселелерді шешу кіретін апаттық-құтқару жасақтарының, медициналық қызметтер мен ұйымдардың тұрмыс-тіршілігі үшін қажет тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға мынадай шарттар сақталған кезде жол беріледі:
Toggle Dropdown
1) төтенше жағдайлар және (немесе) денсаулық сақтау саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органның өткізілетін тауарлардың табиғи зілзала мен өзге де төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға, төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен адамдарға тегін үлестіруге арналғаны, сондай-ақ апаттық-құтқару жұмыстары мен басқа шұғыл жұмыстар және құзыретіне төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою, медициналық эвакуациялауды қоса алғанда, медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету саласындағы мәселелерді шешу кіретін, осындай тауарлардың атауы мен саны қамтылған тауарлар тізбесімен қоса, апаттық-құтқару жасақтарының, медициналық қызметтер мен ұйымдардың тұрмыс-тіршілігі үшін қажет екендігі туралы жазбаша растаманы мемлекеттік кіріс органына ұсынуы;
Toggle Dropdown
2) төтенше жағдайлар және (немесе) денсаулық сақтау саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік орган не оның жүйесіне кіретін және ол уәкілеттік берген органдар және (немесе) ұйымдар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың декларанты болып табылады.
Toggle Dropdown
8. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және Қазақстан Республикасының мүддесінде Қазақстан Республикасы тұлғаларының коммерциялық емес негізде Арктика мен Антарктидада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ғылыми-зерттеу экспедицияларының қызметін қамтамасыз етуге арналған тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Тиісті зерттеулерді жүргізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік кіріс органына тауарлардың Қазақстан Республикасының мүддесінде коммерциялық емес негізде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу экспедициясының қызметін қамтамасыз етуге арналғаны туралы растама ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Toggle Dropdown
9. Жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету мақсатында Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілетін, кедендік уақытша әкелу (өткізу) рәсімімен орналастырылған және осындай жөндеуден және (немесе) техникалық қызмет көрсетілгеннен кейін қайтадан әкелінген шетелдік тауарлар кедендік баждар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Күрделі жөндеу және (немесе) жаңғырту мақсатында Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілетін, кедендік уақытша әкелу (өткізу) рәсімімен орналастырылған және осындай күрделі жөндеуден және (немесе) жаңғыртылғаннан кейін қайтадан әкелінетін шетелдік тауарлар тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кедендік баждар және күрделі жөндеу және (немесе) жаңғырту құнынан кедендік баждар мен салықтар төлеу арқылы арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Егер осындай жаңғыртудың нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың сыныптау коды өзгерсе, жаңғырту мақсатында Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілген, уақытша әкелу (өткізу) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастырылмайды.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген тауарлар оларды тасымалдау мерзімдері ескеріле отырып, 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Уақытша әкелу (өткізу) кедендік рәсімімен орналастырған кезде мемлекеттік кіріс органымен келісілген, кейін сәйкестендіру тәсілі (тәсілдері) бойынша арнайы кедендік рәсім аяқталған кезде осы кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Toggle Dropdown
10. Шет мемлекеттер мен Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін дипломатиялық поштасы мен консулдық вализасы кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік кіріс органына курьер парағын не мәртебесі мен дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны құрайтын орын санын көрсете отырып, оны ауыстыратын ресми құжатты ұсыну. Бұл ретте кедендік декларация мен өзге де құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
Toggle Dropdown
2) дипломатиялық поштаны құрайтын орындарда өткізілетін тауарлардың тиісті сипатына нұсқайтын сыртқы көрінетін белгілердің болуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Toggle Dropdown
Дипломатиялық пошта мен консулдық вализа арнайы кедендік рәсіммен орналастырылғаннан кейін мемлекеттік кіріс органының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды әкету туралы белгісі бар курьерлік парақ немесе оны ауыстыратын өзге ресми құжат осы құжаттарды ұсынған тұлғаға қайтарылады, ал осы құжаттардың көшірмесі осы тауарларды өткізген мемлекеттік кіріс органында қалады.
Toggle Dropdown
11. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және допинг-бақылау мақсаттарына арналған тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тыйымдар мен шектеулер қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар санатына мынадай тауарлар жатады:
Toggle Dropdown
1) допинг-бақылау мақсаттарына арналған биологиялық сұйықтықтардың үлгілерін тасымалдауға арналған құралды білдіретін:
Toggle Dropdown
ішінде әрқайсысының көлемі 3 немесе 5 мл түтіктері бар, тығындармен саңылаусыз жабылған әрқайсысының көлемі 20 мл 1 немесе 2 флаконнан тұратын. Лазер арқылы кодтық нөмірлер салынған флакондар қызғылт сары (А сынамасы) немесе көк (Б сынамасы) түспен немесе әріп белгісі жоқ қара түспен таңбаланған және пенопласт немесе картон контейнерге (өлшемі - 170x140x80 мм) салынған. Флакондар салынған контейнерлер қан тасымалдауға арналған, көлемі 20 литрге дейінгі, ілмектермен тығыз жабылатын қақпағы бар, мата немесе пластиктен жасалған боксты білдіретін тоңазытқыш-сөмкеге салынған;
Toggle Dropdown
лазер арқылы кодтық нөмірлер салынған флакондар қызғылт сары (А сынамасы) немесе көк (Б сынамасы) түспен таңбаланған және пенопласт немесе картон контейнерге (өлшемі - 170x140x80 мм) салынған, несеп тасымалдауға арналған әрқайсысының көлемі 110 мл құрайтын, 1 немесе 2 саңылаусыз тығындалған флакондардан тұратын жабдық;
Toggle Dropdown
2) Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік аккредиттеген зертханада жабдықтың құрамындағы биологиялық сұйықтықтардың үлгілерін білдіретін, спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялардың болуына одан әрі диагностикалық зерттеуге арналған сынамалар жатады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте биологиялық сұйықтықтың үлгілері допинг-бақылау өткізу шеңберінде спортшының ағзасынан және (немесе) жануардың ағзасынан алынған қанды және (немесе) несепті білдіреді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік кіріс органына жеке басын куәландыратын құжатты, допинг-бақылау инспекторының куәлігін және спортшының ағзасынан және (немесе) жануардың ағзасынан сынамаларды алуға, сондай-ақ сынамаларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкетуге тұлғаның өкілеттігін растайтын Қазақстан Республикасының допингке қарсы уәкілетті ұйымының хатын (орыс және ағылшын тілдерінде) ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады. Арнайы кедендік рәсім допинг-бақылау инспекторының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі үшін ресімделген визаның қолданылу мерзімі ішінде қолданылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырғаннан кейін осындай құжаттардың көшірмелері осы тауарларды шығарған мемлекеттік кіріс органында қалады.
Toggle Dropdown
12. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және коммерциялық емес негізде Қазақстан Республикасының мүддесінде спорт түрлері бойынша ұлттық және құрама командаларға кандидаттарымен осындай командалардың мүшелеріне емдеу және қалпына келтіру іс-шараларын өткізуге арналған, сондай-ақ жоғары жетістіктер спорты саласындағы ғылыми-зерттеу топтарының, Қазақстан Республикасының жұмылдырылған министрліктерінің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған шетелдік тауарлар (дәрілік препараттар (дәрілік заттар), арнайы спорттық тағам, тағамға биологиялық белсенді қоспалар) кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ Кеден одағының заңнамасына сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулер қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Тиісті зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының мүддесінде ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қалпына келтіру-емдеу іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жұмылдырылған министрліктерінің ғылыми-зерттеу қызметтерін қамтамасыз етуге арналғаны туралы жазбаша растаманы ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу, сондай-ақ арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Toggle Dropdown
13. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (өткізілген) спорт саймандары мен жабдықтар, ресми халықаралық спорттық іс-шараларды (бұдан әрі - спорттық іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде қолдануға арналған басқа тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар санатына мына тауарлар жатады:
Toggle Dropdown
1) спорт саймандары мен жабдықтары - киім-кешек (форма), аяқ киім, спорт құрылыстарын жабдықтауға арналған әртүрлі спорт құралдары, аспаптар, құрылғылар, құрал-саймандар мен жарыстарға қызмет көрсетуге арналған құрал-саймандар мен аппаратура, төрелік-ақпараттық және медициналық-биологиялық аппаратура, спорттық құрылыстарға қызмет көрсетуге арналған арнайы техника, жекелеген спорт түрлері бойынша пайдаланылуы жарыстың ережелерінде қарастырылған механикалық және электрондық құралдар, оның ішінде спортпен шұғылдану үшін арнайы дайындалған жарысқа арналған автокөлік құралдары;
Toggle Dropdown
2) өзге тауарлар - спорттық іс-шараларды ұйымдастырған және өткізген кезде ғана пайдалануға арналған, оның ішінде марапаттау, спорттық іс-шараны ашу және жабу салтанатында пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізу барысында берілетін марапаттау атрибуттары.
Toggle Dropdown
Құзыретіне спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жататын уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі осы Қағидалардың осы тармағында және 29-тармағында - уәкілетті орган) мемлекеттік кіріс органына осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тауарлардың мақсатты қолданылуы, ұйымдастырылуы мен өткізілуіне осы тауарлар арналған спорттық іс-шаралардың атауы, тауарлардың атауы мен саны, осындай тауарларды әкеліп-әкететін тұлға туралы мәліметтер, сондай-ақ арнайы кедендік рәсімге сәйкес осындай тауарлардың декларанты туралы мәліметтер көрсетілген жазбаша растаманы (бұдан әрі осы тармақта - жазбаша растама) ұсыну осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар уәкілетті органы жазбаша растама берген Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында ұйымдастыру және өткізу үшін осы тауарлар арналған спорттық іс-шаралар аяқталған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады және аумағында осындай іс-шаралар өткізілетін мемлекетте аталмыш іс-шараны ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
1
Осы тармақта, соңдай-ақ осы Қағидалардың осы тармағы мен 24 және 29-тармақтарында белгіленген ережелер осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған тауарлардың санаттары үшін қолданылмайды.
Toggle Dropdown
14. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тыс орналасқан және Кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша юрисдикциясына ие және аталған объектілерді салу (жасау, жабдықтау) үшін арналған, сондай-ақ осы объектілерді тиісті аумақтарда орналастыруға және олардың қызметін (қолдану, пайдалану) қамтамасыз етуге арналған жасанды арал, қондырғы, құрылыс немесе басқа жабдықтар (бұдан әрі - объектілер) кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тыйымдар мен шектеулер қолданылмай тиісті аймақтарда арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалардың кен орнын әзірлеу немесе салу (жасау, жабдықтау) зерттеу және объектілерді пайдалануды зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алған тұлғадан осы тауарларды осындай объектілерді салу (жасау, жабдықтау) мақсатында, осы объектілердің тиісті аумақтарда қызметі етуі мен өміршеңдігі туралы ерікті түрде құрастырылған міндеттемелерді осындай тауарлардың атауы, саны туралы мәліметтер, сондай-ақ коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес олардың құны келтірілген тауарлар тізілімін қоса тапсыру осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлармен кедендік операциялар Кеден одағының кедендік аумағынан шығатын жерлерде жасалады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырған кезде шетелдік тауарлар мәртебесі сақталады.
Toggle Dropdown
Жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалардың кен орындарын әзірлеу немесе салу (жасау, жабдықтау) және объектілерді пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығы өзге тұлғаларға берілген жағдайда, соңдай-ақ арнайы кедендік рәсімге сәйкес осындай тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органына хабарлау шартымен мұндай тұлғаларға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды табыстауға жол беріледі.
Toggle Dropdown
Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар берілген тұлға көрсетілген тауарлар берілген кезден бастап оларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің шарттарын сақтауға жауапты болады.
Toggle Dropdown
15. Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде ғарыш аппараттарын іске қосу қызметтерін көрсету шеңберінде пайдалануға арналған және Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 727 шешімімен бекітілген «Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде ғарыш аппараттарын іске қосу қызметтерін көрсету шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар тізбесінде» көрсетілген тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тыйымдар мен шектеулер қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
1
Ғарыш аппараттарын іске қосуды жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органына ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі осы Қағидалардың осы тармағында және 31-тармағында - уәкілетті орган) ғарыш алаңын зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық ауқымында пайдалануға арналған тауарлардың мақсатты тағайындалуы туралы, сонымен қатар Кодекстің 284-бабына сәйкес осындай тауарлардың декларанты болып табылатын және мекенжайына осындай тауарлар жөнелтілетін ұйымның атауын көрсету арқылы ғарыш аппараттарын іске қосу жөніндегі қызмет туралы, Кеден одағының кедендік аумағына әкелудің жоспарланған мерзімі және ғарыш аппараттарын іске қосу мерзімдері, тауарлардың тізілімі, тауарлардың атауы, саны олардың АҚШ долларымен көрсетілген статистикалық құны туралы растаманы (бұдан әрі осы Қағидалардың осы тармағында және 31-тармағында - нысаналы мақсаты туралы растаманы) ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар уәкілетті органға нысаналы мақсаты туралы растама берілген Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
1
16. Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізілетін және Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі осы қағидалардың осы тармағында және 34-тармағында – «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі) ұйымдастыруға және өткізуге арналған шетелдік тауарлар «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі өтетін Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес және техникалық реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) мемлекеттік кірістер органына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың нысаналы мақсаты туралы, ұйымдастырылуы және өткізілуі үшін осы тауарлар пайдаланылатын іс-шараларды, тауарлардың атауы, саны мен құны, осындай тауарларды алып жүретін тұлға туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай тауарлардың декларанты туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша растама ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген және арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделген тауарларға қатысты Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағына сәйкес тауарлар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) ұсына отырып, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалануға болады.
Toggle Dropdown
Арнайы кедендік рәсімді аяқтау мақсатында кері экспорт, мемлекеттің пайдасына бас тарту және жою кедендік рәсімдерімен мәлімделетін тауарларға қатысты, егер бұдан бұрын осындай тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастыру кезінде тізбені қолдана отырып декларацияланған болса, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды пайдалануға болады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізу аяқталған күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімге арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады және оларды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мақсаттары үшін ғана пайдалануға болады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды сатуды не өзге де тәсілмен оқшаулауды, осы тауарларды жалға беруді және осы тауарларды пайдаланып ақылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, қандай да бір коммерциялық қызмет үшін пайдалануға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
17. Тіркелмеген дәрілік заттар, адамның қаны мен оның компоненттері, нақты емделушінің өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету үшін және (немесе) туыс емес трансплантацияны жүргізуге арналған адам ағзасының мүшелері және (немесе) тіндері, оның ішінде гемопоэздік дің жасушалары және (немесе) жілік майы кедендік баждар, салықтар төленбей, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік кіріс органына Кеден одағының кедендік аумағына осындай тауарларды әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындыны (рұқсат құжатын) немесе лицензияны ұсыну осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Toggle Dropdown
18. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған спорт мүкәммалы, спорттық киім, спорттық киім-кешектер, азық-түлік, дәрі-дәрмек құралдары, спорттық қаруға арналған патрондар, шығыс материалдары олардың әдеттегі мақсаттарына сәйкес тұтынылады немесе жұмсалады.
Toggle Dropdown
19. Қажеттілігіне қарай арнайы кедендік рәсімге орналастырылған каталогтар, брошюралар, афишалар мен кез келген басқа иллюстрацияланған немесе иллюстрацияланбаған басылымдар, жарнамалық, маркетингтік және өзге коммерциялық мақсаттарға тегін таратылады.
Toggle Dropdown
20. «Азаматтық жолаушылар ұшақтарын әкелу кезінде тарифтік жеңілдіктер қолдану, кедендік баждардан, салықтардан толық босату, сондай-ақ уақытша әкелу мерзімін ұзарту және жекелеген кедендік рәсімдерді қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 328 шешімінің (бұдан әрі - КОК № 328 шешімі) 6-тармағында айқындалған тәсіл (тәсілдер) бойынша арнайы кедендік рәсім аяқталған кезде осы кедендік рәсімге орналастырылатын тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі уақытша әкелінген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырудың ерекшелігі болып табылады.
Toggle Dropdown
КОК № 328 шешімінің 6-тармағында айқындалған тауарлар Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен 6 (алты) айға дейінгі мерзімге арнайы кедендік рәсімге орналастырылады.
Toggle Dropdown
3. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарды пайдалану және билік ету бойынша шектеулер
Toggle Dropdown
21. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды пайдалану мақсаты өзгерген жағдайда, олар басқа кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс.
Toggle Dropdown
22. Бұрын арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды басқа кедендік рәсімге орналастыруды бір немесе бірнеше партиямен жүзеге асыруға болады.
Toggle Dropdown
1
23. Осы Қағидалардың 7-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар санатына мынадай тауарлар жатқызылмайды:
Toggle Dropdown
1) Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар;
Toggle Dropdown
2) алкоголь өнімі (этил спиртінен басқа), сыра, темекі өнімі, бағалы металдар мен асыл тастар, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар.
Toggle Dropdown
1
24. Осы Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың арасынан мынадай тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыруға жол берілмейді:
Toggle Dropdown
1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8702, 8703 және 8704 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцизделетін тауарлар;
Toggle Dropdown
2) құрылыс және әрлеу материалдары;
Toggle Dropdown
3) Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар;
Toggle Dropdown
4) спорттық қару-жарақ, оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен патрондарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен сауда саласындағы Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйымдар немесе шектеулер қолданылатын Бірыңғай тауарлар тізбесінің (бұдан әрі - бірыңғай тізбе) 2.22-тарауына енгізілген тауарлар (Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге, кеден аумағынан әкетуге және кедендік аумақ бойынша транзитке шектеулер қойылатын қызметтік және азаматтық қару-жарақ, оның негізгі (құрамдас) бөліктері және патрондары);
Toggle Dropdown
5) бірыңғай тізбенің мынадай:
Toggle Dropdown
2.14 (Кеден одағының кедендік аумағына әкелуі шектелген дәрілік заттар мен фармацевтикалық субстанциялар);
Toggle Dropdown
2.16 (радиоэлектронды құралдар және (немесе) азаматтық мақсаттағы жиілігі жоғары құрылғылар, оның ішінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуі шектелген басқа тауарларға орнатылған не олардың құрамына кіретін құрылғылар);
Toggle Dropdown
2.19 (Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуі және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілуі шектелген шифрлау (криптографиялық) құралдары) деген бөлімдеріне енгізілген тауарларды қоспағанда, бірыңғай тізбеге сәйкес Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар.
Toggle Dropdown
1
25. Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес мынадай тауарларды:
Toggle Dropdown
1) Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарларды;
Toggle Dropdown
2) бірыңғай тізбенің 2.22-тармағына енгізілген тауарларды (Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуіне, кедендік аумақтан әкетілуіне және транзитке шектеу қойылған қызметтік және азаматтық қару-жарақ, оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен патрондары);
Toggle Dropdown
3) бірыңғай тізбеге сәйкес Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және (немесе) кедендік аумағынан әкету шектелген дәрілік заттар түріндегі есірткі мен психотроптық заттарды қоспағанда, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды;
Toggle Dropdown
4) алкоголь өнімін (этил спиртінен басқа), темекі өнімін, бағалы металдар мен асыл тастарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды арнайы кедендік рәсімге орналастыруға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
1
26. Осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес мынадай тауарларды:
Toggle Dropdown
1) Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды;
Toggle Dropdown
2) бірыңғай тізбенің мынадай:
Toggle Dropdown
2.16 (радиоэлектронды құралдар және (немесе) азаматтық мақсаттағы жиілігі жоғары құрылғылар, оның ішінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуі шектелген басқа тауарларға орнатылған не олардың құрамына кіретін құрылғылар);
Toggle Dropdown
2.19 (Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуі және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілуі шектелген шифрлау (криптографиялық) құралдары) деген бөлімдеріне енгізілген тауарларды қоспағанда, бірыңғай тізбеге сәйкес Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыруға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
1
27. Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарының ережелері КОК-тың № 329 шешімінің 10 және 13-тармақтарында көрсетілген тауарларға ғана қолданылады.
Toggle Dropdown
4. Арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібі
Toggle Dropdown
1
28. Толықтай тұтынылған, жойылған және тегін үлестірілген тауарларды қоспағанда, осы Қағидалардың 7-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген тауарлар декларант мәлімдеген осындай тауарларды пайдалану мақсаттарына және мерзімдеріне негізделе отырып, кеден органы белгілеген мерзім ішінде Кеден одағының кедендік аумағына қайтадан әкелінуі немесе басқа кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс.
Toggle Dropdown
1
Толықтай тұтынылған, жойылған және тегін үлестірілген тауарларды қоспағанда, осы Қағидалардың 7-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған және Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлар декларант мәлімдеген осындай тауарларды пайдалану мақсаттарына және мерзімдеріне негізделе отырып, белгіленген мерзім ішінде Кеден одағының кедендік аумағына қайтадан әкетілуі немесе өзге кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс. Көрсетілген мерзім осындай тауарлар арнайы кедендік рәсімге орналастырылған күннен кейінгі күннен бастап бір жылдан аспайды.
Toggle Dropdown
Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын табыстау қажет болған кезде, төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен тұлғаларға тегін үлестіруді қоспағанда, арнайы кедендік рәсім Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес осындай тауарларды иелену, пайдалану және билік ету құқықтары табысталғанға дейін басқа кедендік рәсімге өзгертілуі тиіс.
Toggle Dropdown
1
29. Осы Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес осы Қағидалардың 13-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінің негізінде декларант мәлімдеген осындай тауарлардың пайдаланылу мерзімдеріне сүйене отырып, уәкілетті органы жазбаша растау берген мемлекеттік кіріс органы белгілеген мерзімде өзге кедендік рәсімге, оның ішінде оларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін рәсімге орналастырылуы тиіс.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік кіріс органына уәкілетті орган берген және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында тауарлардың толықтай тұтынылғанын не спорттық іс-шараларға қатысушыларға марапаттау атрибуты ретінде берілгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттар осы Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында толықтай тұтынылған не спорттық іс-шараларға қатысушыларға марапаттау атрибуттары ретінде берілген тауарларға қолданылмайды.
Toggle Dropdown
1
30. Осы Қағидалардың 14-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлардың пайдаланылу мақсаты өзгерген кезде олар арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асырған мемлекеттік кіріс органына осындай әкету туралы міндетті түрде хабарлай отырып, объектілердің аумағынан және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілуі тиіс және (немесе) Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес өзге кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс.
Toggle Dropdown
1
Арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асырған органға коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес осындай тауарлардың атауы, олардың саны мен құны туралы мәліметтер қамтылған тұтынылған және (немесе) жойылған тауарлардың тізбесі ұсынылған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттар осы Қағидалардың 14-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, объектілердің аумағында тұтынылған және (немесе) жойылған тауарларға қолданылмайды.
Toggle Dropdown
1
31. Осы Қағидалардың 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар декларант мәлімдеген осындай тауарларды пайдалану мақсаттары мен мерзімдеріне негізделе отырып және осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органына тауардың мақсатты тағайындалуы туралы растама берген мемлекеттік кіріс органы белгілеген мерзімде Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес өзге кедендік рәсімге, оның ішінде оларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін рәсімге орналастырылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттар уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органына ғарыш аппараттарының мақсатты тағайындалуы туралы растаманы, ғарыш аппараттарының ұшырылғанын растайтын құжаттарды, уәкілетті орган куәландырған растаманы және тауарлардың атауы мен саны туралы мәліметтен тұратын тізілімді, ғарыш аппараттарын ұшыруға дайындаған және өткізген кезде толықтай тұтынылған және (немесе) жойылған тауарлардың тізілімін ұсынған кезде осы Қағидалардың 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, ғарыш аппараттарын ұшыруға дайындаған және ұйымдастырған кезде пайдаланылған (жұмсалған), толықтай тұтынылған және (немесе) жойылған тауарларға қолданылмайды.
Toggle Dropdown
Ғарыш аппараттарын ұшыруға дайындаған және оны жүргізген кезде пайдаланылған (жұмсалған), толықтай тұтынылған және (немесе) жойылған тауарларды қоспағанда, осы Қағидалардың 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды басқа кедендік рәсімге орналастыру үшін ғарыш аппараттары ұшырылған күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде, ал мұндай ұшыру болмаған жағдайда ғарыш аппараттарын ұшыруды болдырмау туралы шешім қабылданған күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде уәкілетті органы нысаналы мақсаты туралы растама берген мемлекеттік кіріс органына осы тауарларға қатысты кедендік декларация беріледі.
Toggle Dropdown
32. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы осындай рәсімнің, оның ішінде оларды Кеден одағының кедендік аумағынан шығаруға жол беретін рәсімнің талаптары мен шарттары сақтала отырып, осы тауарларды өзге кедендік рәсімге орналастыру арқылы, ал осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарында көрсетілген тауарларға қатысты осы тармақтарда көзделген іс-қимылдарды жасау арқылы аяқталады.
Toggle Dropdown
1
33. Осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған кезде мемлекеттік кіріс органына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлар туралы құжаттар мен мәліметтер тізбесімен қоса өтініш (бұдан әрі - тауарларға арналған өтініш) беріледі.
Toggle Dropdown
34. «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің объектілерін салу кезінде толық пайдаланылған, жұмсалған не өздерінің әдеттегі мақсатына сәйкес одан әрі пайдалану үшін жарамсыз күйдегі тұтынылған тауарларға (құрылыс материалдарына, жабдықтарға және басқа тауарларға) қатысты арнайы кедендік рәсім мемлекеттік кіріс органына декларант тауарлардың көрсетілген мақсаттарда тұтынылғанын растайтын құжаттармен (орындалған жұмыстар актісі, қабылдау-тапсыру актісі, материалдық есеп, есептен шығару актісі және/немесе өзге құжаттар) қоса, олардың атауы, өлшем бірлігі, саны, құны, сондай-ақ олар арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар декларациясының нөмірі көрсетілген тауарларға арналған өтінішті, сондай-ақ уәкілетті ұйымның «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізу және ұйымдастыру барысында тауарлардың толығымен пайдаланылғаны туралы жазбаша растамасымен қоса, тауарлар тізбесі қамтылған өтінішті ұсынуымен аяқталады.
Toggle Dropdown
35. Тегін таратылған тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсім мемлекеттік кіріс органына декларанттың олардың атауы, өлшем бірлігі, саны, құны, сондай-ақ оған сәйкес арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар декларациясының нөмірі көрсетілген, тауарлардың көрсетілген мақсаттарда тұтынылғанын растайтын құжаттар (орындалған жұмыстар актісі, қабылдау-тапсыру актісі, материалдық есеп және/немесе есептен шығару актісі) мен уәкілетті ұйымның жазбаша растамасымен қоса, тегін таратылған тауарлар тізбесін қамтитын тауарларға арналған өтінішті ұсынуымен аяқталады.
Toggle Dropdown
36. Аварияның не еңсерілмес күш әрекетінің салдарынан мүлдем жоғалған, зақымданған немесе жойылған тауарларға қатысты, сондай-ақ олардың табиғи тозуы немесе қалыпты жағдайларда тасымалдау, көлікпен тасымалдау, сақтау мен қолдану (пайдалану) және тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастырған тұлғаның іс-қимылына тәуелсіз жағдайларда табиғи азаюы салдарынан көрсетілген тауарлардың саны мен күйі өзгерген кезде арнайы кедендік рәсім декларанттың мемлекеттік кіріс органына себептерін, тауарлардың атауын, өлшем бірлігін, санын, құнын, сондай-ақ растау құжаттарымен қоса, оған сәйкес олар арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар декларациясының нөмірі көрсетілген тауарларға арналған өтінішті ұсынуымен аяқталады.
Toggle Dropdown
1
37. Осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы мұндай тауарларды қандай да бір өзге кедендік рәсімге орналастырылмастан аяқталады.
Toggle Dropdown
1
Осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған кезде тауарларға декларация тапсыру талап етілмейді.
Toggle Dropdown
1
38. Осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарына сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғаннан кейін көрсетілген тауарлар кедендік бақылауда деп саналмайды.
Toggle Dropdown
39. Арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған кезде тауарларды сәйкестендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдары кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) декларант ұсынатын өзге құжаттарды пайдаланады.
Toggle Dropdown
40. Арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру жолымен аяқталған кезде кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері, тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай мәніндегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі және өзге сипаттамасы) тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыруға берілген тауарлар декларациясын мемлекеттік кіріс органы тіркеген күнге, олар Кеден одағының кедендік аумағына сол күні әкелінгендей айқындалады.
Toggle Dropdown
41. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген тауарлар декларациясы тіркелген күні қолданылған тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.
Toggle Dropdown
42. Арнайы кедендік рәсімге орналастыру шарттарын бұзған жағдайда, декларант мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлейді.
Toggle Dropdown
1
43. Осы Қағидалардың 32, 34, 35 және 36-тармақтарында белгіленген жағдайларда арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған кезде декларанттың арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларға қатысты кедендік кіріс баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттері аяқталады.
Toggle Dropdown
Басқа жағдайларда, кедендік баждар, салықтарды төлеу міндеттері Кодекстің 129-бабының 2-тармағына сәйкес тоқтатылады.
Toggle Dropdown
44. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларға қатысты енгізілетін кедендік кіріс баждарды, салықтарды төлеу мерзімі:
Toggle Dropdown
1) арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды пайдалану және билік ету бойынша шектеулер сақталмаған кезде - тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны мемлекеттік кіріс органдары тіркеген күні;
Toggle Dropdown
1
2) осы Қағидалардың 32, 34, 35 және 36-тармақтарына сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған жағдайда - тауарлардың арнайы кедендік рәсімде болуының белгіленген мерзімі өткен күн болып есептеледі.
Toggle Dropdown
1
45. Осы Қағидалардың 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарының ережелері КОК № 329 шешімінің 10 және 13-тармақтарында көрсетілген тауарларға ғана қолданылады.
Toggle Dropdown
Арнайы кедендік рәсімді қолдану
қағидаларына, оны қолдану ерекшеліктеріне,
тауарларды арнайы кедендік рәсіммен
орналастыру шарттарына, тауарларды
пайдалану және оларға билік ету жөніндегі
шектеулерге, арнайы кедендік рәсімнің
қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібіне
қосымша
Toggle Dropdown
Арнайы кедендік рәсімді аяқтау мақсаттары үшін
ТАУАРЛАРҒА ӨТІНІШ
Toggle Dropdown
Арнайы кедендік рәсімді аяқтау мақсатында осы арқылы арнайы кедендік рәсімге орналастырылған, толығымен (қажетті бағанның астын сызыңыз):
Toggle Dropdown
1) пайдаланылған, жұмсалған, жойылған не әдеттегі мақсатына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамсыз күйдегі;
Toggle Dropdown
2) тегін таратылған;
Toggle Dropdown
3) аварияның не еңсерілмес күш әрекетінің салдарынан мүлдем жоғалған, зақымданған немесе жойылған тауарларға қатысты, сондай-ақ олардың табиғи тозуы немесе қалыпты жағдайларды тасымалдау, көлікпен тасымалдау, сақтау мен қолдану (пайдалану) кезінде көрсетілген тауарлардың саны мен күйі өзгерген тауарлар туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын.
Toggle Dropdown
1. Тауарлар декларанты туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(ұйым үшін - атауы мен орналасқан жері/мекенжайы; жеке тұлға үшін - Т.А.Ә. мен оның
Toggle Dropdown
тұратын жері/мекенжайы, тұлғаны куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында қолданылатын БСН/ЖСН, бар болған жағдайда)
Toggle Dropdown
2. Кеден өкілі туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(өтінішті кеден өкілі берген жағдайда: ұйым үшін - атауы мен орналасқан жері/мекенжайы;
Toggle Dropdown
Кеден өкілдер тізіліміне қосу туралы куәландырылатын құжаттың №, декларантпен жасасқан
Toggle Dropdown
шарттың № мен күні)
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының атауы, өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т. А. Ә.:
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
4. Өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
5. Тауарлар туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
Тауарлардың атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Саны
|
ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
|
Тауарлардың құны және валютасы
|
Тауарлар декларацияның нөмірі
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
Жұмсалған/толығымен тұтынылған тауарлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Одан әрі пайдалануға жарамсыз тауарлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жойылған тауарлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мүлде жоғалған тауарлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тегін таратылған тауарлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Өтінішті толтырған тұлға туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә., оның ішінде осы тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер)
Toggle Dropdown
Күні: __________ ж. «___» _____________
Toggle Dropdown
Қолы _______________________________
Toggle Dropdown
Мемлекеттік кіріс органының арнайы кедендік рәсімнің аяқталуы туралы белгісі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 522 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырушылар:
Toggle Dropdown
Халықаралық көрмелер бюросы;
Toggle Dropdown
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Toggle Dropdown
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары.
Toggle Dropdown
2. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушылар.
Toggle Dropdown
3. Секция комиссары - ресми қатысушы - шет мемлекеттің үкіметінің немесе ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне ресми қатысушы ретінде қатысатын халықаралық ұйымның атынан өкілдік ететін, уәкілетті ұйыммен қатысу шартына қол қоятын шетелдік жеке тұлға.
Toggle Dropdown
4. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің маркетингтік әріптестері - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу шеңберінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми демеушілері, жеткізушілері, лицензиаттары болып табылатын қазақстандық және шетелдік ұйымдар мен трансляциялау құқығына ие болған ресми тарату және медиалық компаниялар.
Toggle Dropdown
5. Қазақстандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер және бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдары.
Toggle Dropdown
6. Мәдени-ойын-сауық және спорттық іс-шаралар ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын қазақстандық және шетелдік ұйымдар.
Toggle Dropdown
7. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің демеушілері болып табылатын қазақстандық және шетелдік ұйымдар.
Toggle Dropdown
8. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілерін жобалау және салу бойынша қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осындай деп танылған және «Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1107 қаулысымен бекітілген қазақстандық және шетелдік ұйымдар.
Toggle Dropdown
9. Осы тізбенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың өкілдері, сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мақсаттарына арналған тауарларды Қазақстан Республикасына әкелуді көздейтін шарттар бойынша осы тізбенің 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың мердігер (бас және қосалқы мердігер) ұйымдарын қоса алғанда, контрагенттері.
Toggle Dropdown
10. Осы қаулымен бекітілген Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларының, оны қолдану ерекшеліктерінің, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарының, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулердің, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібінің (бұдан әрі - Қағидалар) 7-тармағында көрсетілген тауарлар үшін, төтенше жағдайлар және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган не оның жүйесіне кіретін және ол уәкілеттік берген органдар және (немесе) ұйымдар.
Toggle Dropdown
11. Қағидалардың 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 17-тармақтарында көзделген жағдайларда тауарларды орналастыру кезінде, декларанттар.
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
Осы тізбенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарының ережелері Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген тауарларға ғана қолданылады.