• Мое избранное
Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу өлшемшарттарын және қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.02.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу өлшемшарттарын және қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 535 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 18.02.2016 жылғы № 73 Қаулысына сәйкес
«Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 18.12.2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттары;
2) Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2015 жылғы 16 шілдедегі
 № 535 қаулысымен
 бекітілген
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттары
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу үшін олар мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:
1. Қалыптасқан аумақтық кластердің даму деңгейі:
1) өңір үшін басым салалардағы өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдар тобының (үлестес емес кемінде 10 заңды тұлға) болуы;
2) технологиялық тізбекті ұзартуға бағытталған, пысықталған жобалардың болуы;
3) аумақтық кластерді дамытуға бизнес инвестицияларының болуы.
2. Өңірде аумақтық кластерді одан әрі дамытуға арналған жағдайлардың болуы:
1) қажетті шикізат және табиғи ресурстар;
2) адами ресурстардың қолжетімділігі;
3) технологиялық тізбекті және қажетті ілеспелі көрсетілетін қызметтерді құруға арналған өндірістік қуаттар (кәсіпорындар);
4) энергетика инфрақұрылымының дамуы;
5) көлік инфрақұрылымының дамуы;
6) индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның дамуы;
7) білім беру инфрақұрылымының дамуы;
8) қаржы ресурстары.
3. Аумақтық кластерді дамытудың өзі орналасқан өңір және өзі жататын сала үшін:
1) аумақтық кластер кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, өнім өндірісінің көлемі және олардың экспорты көлемі тұрғысынан өзі орналасқан өңір үшін;
2) тұтас алғанда, кластер кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, өнім өндірісінің көлемі және олардың экспортының көлемі тұрғысынан өзі жататын сала үшін маңызы (алдыңғы 5 жылдағы серпіннің дамуы негізінде).
4. Кластерді дамытудың перспективалылығы:
1) нарықтық перспективалар;
2) аумақтық кластерді дамытудың:
негізгі қызмет түрі бойынша өндіріс көлемінің артуы;
негізгі қызмет түрі бойынша және ілеспелі өндірістерде жұмыспен қамтылғандар санының өсуі түріндегі экономикалық тиімділігі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 16 шілдедегі
 № 535 қаулысымен
 бекітілген
Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына| сәйкес әзірленді әрі аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық кластер – түпкі немесе аралық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерді, жиынтықтаушыларды, мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді берушілерді, өндірістік және өзге де жабдықтарды өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылымды жеткізушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа ұйымдарды қамтитын өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық жағынан шоғырланған тобы;
2) Аумақтық кластерді дамытудың жол картасы – бұл Аумақтық кластерді дамыту стратегиясының алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) Аумақтық кластерді дамыту стратегиясы – аумақтық кластерді дамытудың ұзақ мерзімді сапалы белгілі бір бағытын көрсететін, қызметінің саласына, құралдары мен нысандарына, аумақтық кластер ішіндегі өзара қатынастар жүйесіне қатысты құжат;
4) Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі тұжырымдама – аумақтық кластерді дамыту пайымын, қызметтің тиісті бағыттылығының негіздемесін көрсететін және оны іске асыру жөніндегі негізгі қағидаттар мен тәсілдерді қамтитын құжат;
5) аумақтық кластерлерді іріктеу жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган;
6) кластерлік қауымдастық – аумақтық кластердің барлық қатысушыларының мүдделерін білдіретін заңды тұлғалар бірлестігі;
7) конкурстың бірінші кезеңіне қатысушылар – өңірлік кәсіпкерлер палаталары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары, бизнес-қауымдастықтар;
8) конкурстың екінші кезеңіне қатысушылар – конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары, аумақтық кластердің барлық қатысушыларының мүдделерін білдіретін кластерлік қауымдастықтар;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган;
10) сарапшылық кеңес – құрамына индустриялық даму саласындағы тәуелсіз сарапшылар кіретін, ұлттық институт құратын консультативтік-кеңесші орган;
11) уәкілетті орган – кластердің мамандануына сәйкес келетін салада салалық мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) ұлттық институт – индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институт.
2. Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу тәртібі
1. Конкурс жариялау және құжаттарды қабылдау