«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11632 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.09.2019 жылғы № 799 Бұйрығына сәйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 14 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 265 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 жылғы № 136 Бұйрығына сәйкес (24.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 жылғы № 275 Бұйрығымен (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 266 Бұйрығымен (28.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 жылғы № 260 Бұйрығымен (16.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекiтiлсiн.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру», «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу», «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 152 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9320 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 23 маусымда, «Егемен Қазақстан» газетінде № 121 (28345) болып жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру», «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу», «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 368 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9625 болып тіркелген) «Юридическая газета» 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 145 (2713); «Заң газеті» 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 145 (2539) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов