«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 мамырда № 11206 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 10 қарашадан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 28.10.2020 жылғы № 745 Бұйрығына сәйкес
Редакция 02.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына (Б.Б. Бисенқұлов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 17 сәуір
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2015 жылғы 28 сәуір
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығымен бекітілген
Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.11.2017 жылғы № 728 Бұйрығына сәйкес (07.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 88-бабының төртінші тармағына сәйкес әзірленді және бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы (бұдан әрі - ТИ), уақытша ұстау изоляторы (бұдан әрі - УҰИ), қабылдау-тарату орны (бұдан әрі - ҚТО), арнаулы қабылдау орны (бұдан әрі - АҚО);
2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі (бұдан әрі – мекеме) – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға, сондай-ақ өлім жазасына сотталғандарды ұстауға арналған мемлекеттік мекеме;
3) дәрігерлік-консультативтік комиссия (бұдан әрі - ДКК) – меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымда құрылатын комиссия;
4) денсаулық сақтау ұйымының дәрiлiк формуляры - қазақстандық ұлттық дәрілік формулярдың негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
5) жеке медициналық кітапша (бұдан әрі - медициналық кітапша)- жұмысқа жіберу туралы белгі қоя отырып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін жеке құжат;
6) мәжбүрлеп емдеу - сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын науқасты емдеу.
2-тарау. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібі
3. УҰИ, белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарға арналған ҚТО, әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған АҚО медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмекті, арнайы мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Шұғыл медициналық көмекке, сондай-ақ онкологиялық, венерологиялық аурулар, АИТВ-инфекциясы, туберкулез, қант диабеті мен үздіксіз бақылау және емдеу көрсетілетін басқа да аурулар бойынша амбулаторлық немесе стационарлық тексеруге және емдеуге мұқтаж адамдар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің тиісті медициналық ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) қажетті мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Гаупвахталарда ұсталатын әскери қызметшілерге медициналық көмек «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысында көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Медициналық көмек көрсету кезінде арнайы мекемелердің медицина қызметкерлері Кодексті, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
5. Арнайы мекемелердің емдеу-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық–профилактикалық жұмыс мәселелері жөніндегі қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ішкі істер органдары) бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі, ішкі істер органдары департаменттерінің медициналық қызметтері (бұдан әрі - медициналық қызметтер), денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органының ведомстволары жүзеге асырады.
6. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында медицина қызметкерінің арнайы жабдықталған кабинеті (бұдан әрі - медициналық кабинет) немесе медициналық пункт жұмыс істейді.
7. Медициналық кабинет медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен, залалсыздандыру құралдарымен және жуу материалдарымен қамтамасыз етіледі.
8. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерді арнайы мекемелер медициналық қызметке ұсынады.
9. Арнайы мекемелердің медицина қызметкерлері:
1) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді;
2) арнайы мекемелердің үй-жайларында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етуді;
3) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органының медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.
10. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде медицина қызметкерлері:
1) келіп түскен, күнделікті аралау жүргізу, медициналық көмекке жүгінген, арнайы мекемеден кеткен кезде медициналық тексеру жүргізу арқылы жұқпалы, венерологиялық, тері, психикалық, паразиттік және басқа да қауіпті ауруларды анықтауды;
2) бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді;
3) стационарлық емге мұқтаж науқастарды ауруханаға жатқызуды;
4) дәрігер-мамандар мен консультанттардың ұсыныстары мен тағайындауларын орындауды;
5) дәрі-дәрмектік препараттарға, залалсыздандыру құралдары мен медициналық жабдықтарға қажеттілікті есептеуді, оларды сатып алу туралы тиісті өтінімдерді арнайы мекеменің басшылығына белгіленген тәртіппен ұсынуды, оларды сақтаудың, берудің және есепке алудың белгіленген тәртібін орындауды;
6) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды орналастыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, монша-кір жуумен қамтамасыз ету, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды санитарлық өңдеу кезінде санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуді;
7) жұқпалы науқастар анықталған кезде санитариялық эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді;
8) залалсыздандыру іс-шараларының жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етуді;
9) санитарлық-ағарту жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді;
10) ішкі істер органдары департаменттерінің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органының ведомстволарына арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардың арасында жұқпалы науқастардың анықталғаны туралы шұғыл хабарламалар жіберуді;
11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 Бұйрық) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
11. Айналасындағы адамдарға қауіп төндіретін жұқпалы аурулармен ауыратынына күдік туындаған және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды анықтау мақсатында жаңа келгендердің барлығына арнайы мекемеге келген бірінші тәулік ішінде бастапқы алдын алу медициналық тексеру жүргізіледі. Қабылдау арнайы мекеме бойынша кезекшінің немесе бақылаушылар қызметі өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |