«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 11), 12) және 13) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 шілдеде № 11733 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 16.03.2016 жылғы № 128 Бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы № 648 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 11), 12) және 13) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 379 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
1. Осы Қағиданың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.
2. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.
Тапсырыс беруші мәліметтері мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жылдар бойынша үш жылдық кезеңге бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамды сома көрсетіледі;
2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері және орны;
4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда бөлінген және әрбір қаржы жылына көзделген сома шегінде кестеге сәйкес және жылдар бойынша бөле отырып, тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 153-бабының 7-тармағын орындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3 ), 28 ) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.
3. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.
Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
4. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырады.
Көрсетілген шешімге тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
5. Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
6. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды екі кезеңді рәсімді пайдаланып, конкурс тәсілімен өткізген жағдайда ғана бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдай алады.
2. Жалпы ережелер
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.
8. Егер тапсырыс беруші өзінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болған жағдайда әрекет еткен жағдайда тапсырыс беруші өзінің бұйрығымен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты етіп анықтайды.
Егер тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесі заңды тұлға болып табылған жағдайда тапсырыс беруші бұйрықпен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауап етіп айқындайды.
Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынаста білдіретін лауазымды тұлғаны анықтайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатарынан анықталады.
9. Тапсырыс беруші тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, алдағы мемлекеттік сатып алуларда оның мүддесін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын анықтайды.
10. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорын онымен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өздерімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып әрекет етуге құқылы.
11. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
1) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;
2) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен үлестес тұлғалар үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын белгілеуге құқылы.
12. Осы Қағиданың 10-тармағына сәйкес ұйымдастырушыны не осы Қағиданың 11-тармағының 1) және 2)-тармақшаларында айқындалған бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған жағдайда, тапсырыс берушілер ұйымдастырушыға не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға олар белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қажет ақпаратты, оның ішінде:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарынан үзінді көшірмені;
2) тапсырыс берушінің басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қол қойған және әр бетін дәйектеген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін және техникалық ерекшелігін;
3) конкурстық және сараптау комиссияларының құрамына енгізу үшін кандидатураны (сарапшыны);
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі рәсімдерге қатысу үшін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді;
5) құрылыс жұмыстарын сатып алған кезде құрылыс объектісіне жобалау-сметалық құжаттаманы;
6) елеулі шарттарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын ұсынады.
13. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен ерекше тәртіпті пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға/бірыңғай ұйымдастырушыға тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқарушы адам немесе басшынынын бірінші орынбасары бекіткен әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұсынады.
14. Осы Қағиданың 12 және 13-тармақтарында көзделген ақпарат өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны/бірыңғай ұйымдастырушыны дереу хабардар етуі тиіс.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |