«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 151-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11748 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.05.2018 жылғы № 224 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 151-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 705 бұйрығы күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5907 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдары актілерінің Жинағында 2010 жылғы № 2 жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшелік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ______________. Дүйсенова 2015 жылғы 24 маусым
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығымен бекітілген
Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен тексеру тәртібін айқындайды.
2. Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайлары адамның иммун тапшылығының вирусы қоздыратын ауру жағдайын қоспағанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мамандарының тексерілуіне жатады, тексеруді Жасанды иммунтапшылығы синдромын алдын-алу және оған қарсы күрес саласында қызмет атқаратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары жүргізеді.
2. Халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары жағдайларын тексеру тәртібі
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің мамандары шұғыл хабарлама түскен күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді жүргізеді.
4. Өлімге әкелген жағдайлар тіркелген кезде, сондай-ақ инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың өзара байланысқан және бір инкубациялық кезеңде 3 және содан да көп жағдайлары тіркелгенде соңғы шұғыл хабарламаны берген күннен бастап 24 сағатта эпидемиологиялық тергеу жүргізіледі.
5. Сирек кездесетін, Қазақстан Республикасының аумағында жойылған немесе қайтадан пайда болатын халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары тіркелген кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен штаб құрылады, оның құрамына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары, қажет болған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның республикалық органдары мен ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қосылады.
Штабтың жанында мынадай:
1) құрамына эпидемиолог/паразитолог мамандар кіретін эпидемиологиялық тексеру және талдау;
2) құрамына бактериолог/вирусолог дәрігерлер, зертханашы-дәрігерлер кіретін зертханалық диагностикалау;
3) құрамына денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлері (инфекционистер, терапевтер, педиатрлар, невропатологтар, отбасылық дәрігерлер және басқа да мамандар) кіретін науқастарды анықтау және емдеу;
4) құрамына гигиена бейіні бойынша санитариялық дәрігерлер кіретін санитариялық-гигиеналық қадағалау;
5) құрамына дезинфекционист дәрігері, дезнұсқаушы, дезинфекторлар кіретін дезинфекциялау топтары ұйымдастырылады.
6. Эпидемиологиялық тексеру барысында дәрігер эпидемиолог (паразиолог) халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары жағдайларының клиникалық сипаттамасын талдайды, ол үшін медициналық мекемеде медициналық құжаттамамен танысады, осы мекеме дәрігерлерімен әңгімелеседі, науқастардан және науқастармен байланыста болған тұлғалардан сұрайды, бар зертханалық деректерді талдайды және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама өткізу үшін ошақтан сынамалар алады. Инфекция көзін іздеп табу мақсатында жанасқан түлғалардың зертханалық тексеруін ұйымдастырады (бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық және басқалар). Ең маңызды симптомдар мен белгілер Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабының 2) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес бекітілетін, ошақтың эпидемиологиялық тексеру картасына толық жазылады (сипаттамасы және 24 сағат ішінде ең көп болған нәжісі, температурасының қисығы және басқа).
Зертхананың қызметкерлерімен бірге зертханалық диагностиканың дұрыстығын мынадай критерий:
1) зертхананың техникалық жабдықталғандығы, өлшеуші құралдарын тексеру уақтылығы;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бекітілген және (немесе) мемлекеттік өлшеулер жүйесі тізбесіне енгізілген зертханалық зерттеу жүргізу әдістемелерін сақтау;
3) қолданылатын орталардың, агглютинация сарысуларының, диагностикумдардың, сынақ-жүйелерінің сапасы (жарамдылық мерзімі, сақтау талаптарын бұзбау, өсу сапасы);
4) зертханаішілік бақылау жүргізудің толықтығы мен сапасы;
5) зертханада жұмыс істейтін персоналдың кәсіптік деңгейі бойынша бағалау керек.
Диагноздың этиологиялық ашу үшін науқастардың материалын қолданыстағы әдістемелік құжаттарға сәйкес зерттеу керек. Қажет болған жағдайда зерттеулер облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханаларында жүргізіледі, бөлінген патогенді өсірінділер сәйкестендіру үшін тиісті референс-зертханаға жіберіледі.
Соңғы диагноз науқастарды тексерген кезде алынған клиникалық және зертханалық деректер, эпидемиологиялық сыртарты мен науқастарды сұрату деректері негізінде қойылады.
7. Науқастардан және науқаспен байланыста болғандардан сұрақ алу кезінде эпидемиолог (паразитолог) маман мыналарды:
1) инкубация кезеңі ішінде ұқсас ауру белгілері бар байланыста болған адамдардың тобын;
2) тегін, аты-жөнін, туған күнін, мекенжайын, байланыс телефондарын, жұмыс/оқу орнын;
3) ауру басталған күнін (қысқа инкубациялық кезенді аурулар үшін – ауру басталған анық күні), ауруханаға жатқан күні мен орнын, аурудың негізгі белгілерін;
4) инфекцияның болуы мүмкін көздері, факторлары және берілу жолдары туралы мәліметтерді;
5) ұйымдасқан ұжымға соңғы рет барған, елді мекеннен, облыстан, елден тысқары шыққан күнін;
6) алынған профилактикалық егу туралы мәліметтерді анықтайды.
Инфекциялық және/немесе паразиттік ауруларды сырттан әкелу жағдайы тіркелген кезде мыналарды:
1) науқастың соңғы 3 жыл ішінде эндемиялық елдерге бару мерзімін;
2) науқастың эпидемологиялық маусымында сырқаттану кезінен диагноз қойғанға дейінгі уақытта Қазақстан Республикасының және облыстың, ауданның аумағынан орын ауыстыруын;
3) соңғы 3 жыл ішінде белгісіз генездің қызбалық ауруларының болуын және соңғы 3 күн ішінде қызбаның болуын нақтылау керек;
4) соңғы 3 ай ішінде қанның құйылғаны не құйылмағаны;
5) зооноздық және карантиндік аурулар жағдайлары тіркелген елді мекенге арасында паразит тасымалдаушы немесе қоздырушылардың көзі болуы мүмкін тұрғындардың көптеген топтарының (маусымдық жұмысшылар, қоныс аударушылар) келген-келмегені анықтайды.
8. Карантиндік инфекциялар, аса қауіпті аурулар, сондай-ақ топталған ауруларды тіркеген жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі үй басын аралауды ұйымдастырады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |