Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап - 5 жұмыс күні.
Toggle Dropdown
Тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда — тауардың үлгісі ұсынылған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн. Тауардың үлгісін ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап (көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде) немесе хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) - 5 жұмыс күні;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған қорытындыны беру болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қоса есептеледі, сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
2) портал - тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
Toggle Dropdown
2
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
Toggle Dropdown
2) зерттелетін тауарға техникалық құжаттама;
Toggle Dropdown
3) тауарды жеткізуге келісімдердің (келісімшарттардың) көшірмелері (бар болса);
Toggle Dropdown
4) тауардың үлгісі (қорытынды шығару кезінде қиыншылық туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша) (тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді);
Toggle Dropdown
порталға:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Toggle Dropdown
2) зерттелетін тауарға техникалық құжаттама электрондық құжат нысанында немесе сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау сұрау салуға қоса тіркеледі;
Toggle Dropdown
3) тауарды жеткізуге келісімдер (келісімшарттар) (бар болса) сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;